Р. Б. Лесбекова педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент


Қан қысымы төмендеу немесе гипотония ауруы



Pdf көрінісі
бет45/63
Дата22.12.2022
өлшемі4,81 Mb.
#58970
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   63
8.2. Қан қысымы төмендеу немесе гипотония ауруы
Қан қысымының төмендеуі жоғары реттеуші орталықтың 
жүйке және гуморалды аппараты қызметінің бұзылуына байла-
нысты деп түсінеміз. Ол жеке-дара пайда болатын сырқат емес, 
оның дем алуына денедегі әртүрлі жағдайлар, аурулар әсер етеді. 
Мысалы, асқазан гастриті, өт қабының қабынуы, т.б. созылмалы 
аурулар қан қысымының төмендеуіне әсерін тигізеді. Өйткені 
аталған ауруларда жүйке жүйесі зақымданады.
Сонымен қанның қысымын төмендетуге қан тамырларының 
кеңуі не оның қабырғаларының босаңсып болбырап қалуы әсер 
етеді. Қан тамырлары әсіресе артериялық тамырлар созылғыш 
жұмсақ келеді. Олардың қабырғалары қан келген кезде керіледі, 
ал жүрек дамылдаған уақытта оларға түсетін қысым төмендейді, 
бірақ мүлде босамайды, өйткені оларды жан-жағынан қысып 
ұстап тұратын бұлшық ет талшықтары бар. 
Қан қысымы ішкі бездерінің қызметіне де тікелей байла-
нысты. Қан қысымын төмендететін заттарға жыныс және ұйқы 
бездерінен бөлінетін гармонда, тамақпен бірге ағзаға енетін хо-
лин жүйке талшықтары ұшында болатын ацетилхолин зат алма-
суынан пайда болатын гистомин, т.б. жатады.
Бұлардың бәрі қан қысымын төмендетуге арналған бірінші 
топтағы заттар. Басқа әсер тек жүйке жүйесіне байланысты. 
Сондай-ақ адам ұйықтағанда, тоя тамақ жегенде, температурасы 
көтерілгенде қан қысымы уақытша төмендейді. Сол сияқты нағыз 
шыныққан спортшылардың қан қысымы қалыпты жағдайда 
төмен болады. Бірақ ол ауруға жатпайды.
Қан қысымының шамадан тыс төмендеп кетуін гипотония ау-
руы деп атайды. Бұл денсаулыққа зиян.
Мұндай жайға ұшыраған адам өз бойынан әлсіздік, дәр мен-
сіздік, солғындық сезінеді, жұмысқа қабілеті, төмендейді, басы 
айналып, көзінің алдынан шіркей ұшқандай бұлдырайды. Басы 
мең-зең болады. Қысқасы қан қысымы төмендегенде кенет 
әртүрлі мүшелерде, әсіресе жүрек-қан тамырларында өзгерістер 


89
байқалады. Өйткені қан қысымы төмендеген кезде миға қан аз 
мөлшерде жетеді, қан айналысы нашарлайды. Соның салдарынан 
қоректік зат жетіспей, мидың дәлірек, айтсақ жоғарғы реттеуші 
орталықтың қызметі бұзылады.
Демек, қан қысымы мөлшерден тыс қалай қарай ауытқыса 
да адам үшін қауіпті. Сондықтан қалайда қан қысымын қа лыпты 
жағдайда ұстаған жөн. Ол үшін дұрыс тамақтану, күн тәр тібін 
тыңғылықты орындау, уақытында шалдыққан адамға, мас саждың 
қандай түрін қолдануға болады деген сауал туады. Бел гілі клас-
сикалық массаж, нүктелі массаж, сегментарлы-рефлекторлы 
массаждың бәрі де пайдалы. 
Ең алдымен иықтың үстін және қос жауырынның арасын 
жоғарыдан төмен қарай сипайды. Ол қан қысымы жоғары бол-
ғанда қолданатын тәсілге ұқсас, бірақ бас терісіне, шашқа тиіс-
пейді. Тағы бір айырмашылығы мойынға, желкеге, иық үстіне 
массаж жасағанда екпіндете жылдам жүргізіледі.
Бірқатар авторлардың айтуынша, аяқ-қолдың бұлшық етте-
ріне, қарынға массаж жасау қан қысымын жоғарылатады. Бұл 
кезде жоғарыда келтірілген, методика бойынша қимыл – қолтық 
астындағы немесе шаптағы без түйіндеріне бағытталады.
Іштің бұлшық еттерін бір-екі рет сағат тілі бағытында сипап 
шығып, екі қолдың қырымен ысқылайды, одан соң алақанмен 
қапсыра ұстап алып жұмсартады. Сілкілеу тәсілін қолданған да 
пайдалы.
Аяқ-қол бұлшық еттеріне массаждың белгілі, әсіресе, жұм-
сарту, аунату, жұмарлау, илеу, т.б. тәсілдері пайдаланады. Мұндай 
массаждан соң жүректің қызметі артып, шеткері қан тамырлары-
нан бөлінетін қанның мөлшері көбейіп, қан қысымының қалпына 
келуіне ықпал туады. Қолға массаж 8-10 минут, аяққа 15-20 ми-
нут, қарынға 10-20 минут жасалады. Массаж емдік гимнастика-
мен, спорттың қосымша түрлерімен бірге жүргізілсе тіпті жақсы. 
Массаждың бір курсы 10-15 күнге созылады. Оны екі-үш қайтара 
алуға болады. 
Нүктелі массаждың тежеу әдісін қолданады. Осының бәрі 
орталық жүйке системасына өз ықпалын тигізіп, қан қысымын 
қалпына келтіреді.


90


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет