Қр бғМ Ғк философия, саясаттану және дінтану институтының



бет141/267
Дата20.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#109258
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   267
Байланысты:
Филос Энцикл Создик Документ Microsoft Office Word (2)

Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Т. 12. Қазақ этикасы мен эстетикасы. Астана: Аударма, 2007; Мәдени-философиялық энциклопедия. Алматы: Раритет, 2007.

ИМИТАЦИЯ (лат. іmіtatіo – еліктеу) – өнертану мен мәдениеттануда белгілі бір өнердің стиліне, мектебіне, бағытына, шеберлік мәнеріне еліктеуді білдіретін ұғым-термин. Еліктеуші мүлде басқа тәсілмен, көркемдік құралдарымен мақсат еткенін айнытпай келтіріп, қайталауы мүмкін. И-ның екінші мағынасы – ұқсас жасау, алдау.

ИМПРОВИЗАЦИЯ (лат. іmprovіsus – суырып салма) – көркем шығарманы ешқандай дайындықсыз аяқ астынан суырып салып айту өнері. И-ның үздік үлгісі ретінде түркі халықтарында, әсіресе оның ішінде қазақ халқында сақталған өнердің ерекше түрі айтысты атауға болады. И. шешендік өнерде, т.б. жанрларда да көрініс тапқан.
Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Қазақ этикасы мен эстетикасы. Т 12. Астана: Аударма, 2005.

ИМПРЕССИОНИЗМ (франц. іmpressіonіsme – әсерлену) – өнерде ХІХ ғ-дың 2-жартысы мен ХХ ғ-дың басында пайда болған бағыт. Тарихта И. терминінің ғылыми айналымға енуін 1874 ж. француз суретшісі К.Моненің «Таңның атуымен әсерлену» атты шығармасының көрмеге қойылуымен байланыстырады. Францияда И. көркемдік әдіс ретінде сол жылдары қалыптаса бастады. И-нің ірі өкілдері: Э.Мане, О.Ренуар, Э.Дега, К.Моне, А.Сислей, К.Писсаро т.б. И. адамның өзін қоршаған ортадан алатын сезімдік әсерін, табиғатын, т.б. нәзік беруде елеулі жетістіктерге жетті. Импрессионистер бояу қосындыларын бір-біріне қоспай, таза, айқын түстерді пайдалана отырып, жұмыс істеді. И. бағыты – музыкада, әдебиетте және театрда да көрініс тапты.
Әдебиет: Философия. Энциклопедический словарь. – М., 2004; Қазақ халқының философиялық мұрасы. Қазақ этикасы мен эстетикасы. Т 12. Астана: Аударма, 2007.

ИНДУИЗМ – әлемдегі ең ірі діндердің бірі. И-ді ұстанатын үндістердің қасиетті кітабы – Веда және брахмандардың бір орталыққа бағындыру ілімінің негізін құрайды. И. негізі карма заңына сәйкес жанның істеген ісінің оң не терістігіне сәйкес өлгеннен кейін жаңа түрге айналатындығы туралы ілім. И. діні бойынша, адам өзінің болашақ өмірін өзінің белгілі бір кастасы арқылы белгілейді. Әрбір үндіс сол кастаға сай уағызды қатаң ұстануға тиісті. Осы арқылы ол о дүниеге барғанда қоғамда жоғарғы дәрежеде болуы мүмкін. И. қоғамда касталық құрылымның берік тұрақталуына қызмет етті. И-де біртекті догма да, әдет-ғұрыптық негіз де, шіркеулік ұйым да жоқ. Табыну, культтік ғұрып храмдарда, жергілікті не үй альтарында, қасиетті жерлерде жасалады. Қасиетті деп табынатындары жануарлар (сиыр, жылан), өзен (Ганг), өсімдік (лотос) болуы мүмкін.

ИНИЦИАЦИЯ (лат. іnіtіatіo құпия жасау, арнау) – бозбала мен бойжеткеннің есейіп балиғатқа толуына байланысты дәстүрлі мәдениетте кеңінен тараған әмбебат әдет-ғұрып жүйесі. И. мақсаты жастарды отбасылық, қоғамдық және өндірістік өмірге дайындау. Бұл процесс түрлі тайпаларда өз әдет-ғұрыптарына байланысты түрлі деңгейде өтеді (сүндетке отырғызу, тісін қағып алу, татуировка жасау т.б.). Бұның қайсібірінің салдары асқынып, ауыр өтетін кездері болған.

ИНТЕЛЛЕКТ (лат. іntelltctus – зерде, ақыл, парасат) – адамның ойлау қабылеті. И. мәдениеттануда және психология мен философияда тұлғаның мәліметтерді саналы түрде саралап, оған баға берудегі қабілеттің тұрақты ерекшелігін көрсететін ұғым-термин.

ИНТЕЛЛИГЕНЦИЯ (лат. іntellegens – зиялы) – білімдар, жоғары талғамды, адамгершілік, парасат-танымымен көрінген зиялы топ, ой қызметінің адамдары. И. ұғымына қысқаша «Оксфорд» сөздігінде халықтың «тәуелсіз, еркін ойлауға ұмтылатын бөлігі» деп анықтама берілсе, француздың «Кіші Ларус» сөздігінде «зерделілер класы» деген анықтама берілген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет