Қр бғМ Ғк философия, саясаттану және дінтану институтының


ISBN – ОҚЫРМАН НАЗАРЫНА Энциклопедияда



бет2/267
Дата20.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#109258
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   267
Байланысты:
Филос Энцикл Создик Документ Microsoft Office Word (2)

ISBN –
ОҚЫРМАН НАЗАРЫНА

Энциклопедияда мақалалар әліпби тәртібімен орналасқан. Ұғым-терминдер қою бояулы бас әріптермен берілді. Бір мағынадағы ұғымдардың қатар қолданылып жүрген бірнеше атаулары болса, алдымен ғылымда қолданылып жүрген негізгі атауы берілді де, екінші атауы жанына курсив әріптермен жазылды. Мыс., ТАБУ, тыйым салу. Энциклопедияда қамтылған ұғым-терминнің аты, нақты бір мақаланың ішінде аталса, ол курсивпен терілді. Энциклопедияда жиі қайталаналатын сөздерге қысқарту жүйесі қолданылды. Энциклопедияда мақала атауы сол мақаланың ішінде қайталанған сайын тек басқы әріптермен берілді. Мыс., Мәдениет – М., Мәдениеттен – М-тен, Шешендік өнер – Ш.ө.


НЕГІЗГІ ҚЫСҚАРТУЛАР

археол. – археологиялық мемл.– мемлекеттік
архит. – архитектуралық мыс.– мысалы
әдеб. – әдебиеттер нем.– немісше
әлеум. – әлеуметтік парс.– парсыша
б.з. – біздің заманымыздың проф.– профессор
б.з.д. – біздің заманымызға дейінгі псих.– психологиялық
грек. – грекше т.б.– тағы басқа
ғ. – ғасыр ун-т – университет
ғыл. – ғылыми филол.– филологиялық
ж. – жылы филос.– философиялық
ин-т – институт франц.– французша
исп. – испанша ф-т – факультет
корр.-мүшесі – корроспондент-мүшесі Шығ. – Шығармалар
лат. – латынша эстетик. –эстетикалық

АЛҒЫ СӨЗ

«Философиялық энциклопедиялық сөздік» деп аталатын бұл туындының мақсаты – еліміздің 21 жылдан артық тәуелсіз кезеңі тарихында қалыптасқан көпэтносты қазақстандық қоғамдағы ұлттық мемлекеттілікті нығайтушы ұлттық рухани мәдениеттегі философиялық дәстүрлерді кешенді зерттеу арқылы әдіснамалық талаптарға сай энциклопедияны дайындау. Бұл еңбек Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің ұйымдастыруымен жүзеге асып отырған «Ғылыми қазына» салааралық бағдарламасы ауқымында орындалып отыр.
Ұлттық философия – сол халықтың дәстүрлі дүниетанымын, тарихи-мәдени және эстетика-этикалық ұстанымын, тілі мен ділін, болмыс-бітімін айғақтап, әлемдік өркенниеттегі орнын айқындайтын рухани құндылықтар мәйегі. Әбу Насыр әл-Фараби мен Махмұт Қашқари, Ахмет Иасауи мен Абай Құнанбайұлы сияқты даналар шыққан ұлы дала ұрпақтарының мәдениеті – тұтас бір өркениет жемісі ретінде бұрын арнайы қарастырылмайтын. Тек қана еліміз тәуелсіздік алған соңғы жиырма жылда ғана Қазақстанның философиялық мұрасына арнайы назар аударыла бастады.
Қазіргі тарихи кезеңдегі Қазақстанның тәуелсіздігі философия ғылымына жаңаша қарауға мүмкіндік береді. Қазақ халқының рухани қайта өркендеуі өзінің шынайы тарихын пайымдау арқылы, төлтума мәдениеті пен ұлттық философиясын қайта түлету арқылы жүзеге асырылады. Бұл еліміздің қоғамдық-гуманитарлық білім саласына, оның ішінде ұлттық философиясы, мәдениеттану және саясаттану ғылымдарына келелі міндеттер жүктейді. Қолға алынып отырған бұл энциклопедияның да ғылыми өзектілігі осында.
Жалпы аталған еңбек Қазақстан халқын біріктіруші ұлттық идеясын пайымдаудағы сипаты көпэтносты халқымыздың ынтымақта өмір сүруіне, еліміздегі рухани және әлеуметтік кеңістікті жаңғыртуға өз үлесін қосатындығына сенімдіміз. Жоғарыдағы қойылған мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер шешілуі тиіс: әлемдік классикалық және қазіргі заманғы философиялық ойдың негізгі ұғымдарына түсіндірме беру; гуманитарлық ғылым саласы ретіндегі философия терминдерінің мәнін ашып, жан-жақты түсініктеме беру; қазақтың және басқа этнос өкілдерінің философиялық ұғым-түсініктерін сипаттап, олардың мәндік-мағыналық негіздерін зерделеуден өткізу; қазіргі және дәстүрлі қазақ қоғамындағы негізгі философиялық ұғымдардың мәнін ашу.
Бұл еңбек мемлекеттік тілде жүзеге асырылады. Практикалық жағынан алғанда қазақ тіліндегі философия бойынша энциклопедиялардың, сөздіктердің, анықтамалықтардың тапшылығын ескерсек, бұл кітап осы олқылықтың орнын толтыра алады деген үміттеміз. Еңбек Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Шығарма елімізде қазіргі кезеңдегі отан тарихын ежелгі заманнан тәуелсіздікке дейін және жаңаша тарихы қайта зерделеуден өткізіп жатқан дәуірде қалыптастырылды. Ол ұғымдық түсініктемелер тұрғысынан маңызды ғылыми және философиялық әдістемелік бағдар ретінде өзіндік қызметін атқарады деген ойдамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет