Философия ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстанның әлеуметік ғылымдар академиясының академигі. Қазақстан Республикасының Қызылорда облысының Жалағаш қыстағында дүниеге келген. Осы облыстың Қармақшы ауданының Қармақшы совхозындағы № 113 орта мектепті алтын медальмен 1975 жылы бітірген. 1981 жылы Қиров атындағы Қазақтың мемлекеттік университетінің философия-экономия факультетін табысты бітіріп, ол өзінің еңбек өмірбаянын жоғары оқу орындарында дәріс беруге және ғылыми зерттеулер жүргізуге арнайды. Ол 1981-1985 жылдары Шымкент қаласындағы Қазақтың химия-технология институтында қызмет етеді, содан соң 1985-1988 жылдары Абай атындағы Қазақтың педагогика институтында аспирантурада оқиды. 1988 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстанның Ұлттық Ғылым Академиясының Философия институтында ғылыми зерттеулермен айналысады. 1989 жылы кандидаттық диссертациясын «Қоғамдық пікірдің адамның дүниетанымының қалыптасуына әсері» және 2000 жылы «Рухани құндылықтардың қалыптасуы мен дамуы: философиялық талдау» деген тақырыптарға докторлық диссертациялық қорғайды. 2000 жылдан бастап осы институттағы қазақ философиясы тарихы бөлімін басқарды. Қазіргі кезеңде директордың ғылым бойынша орынбасары. «Қазақ даласының ойшылдары» деп аталатын 5 томдық жинақтың жарық көруіне өзінің қомақты үлесін қосты. Автордың негізгі еңбектері – «Ұлттық болмыс пен ұлттық сана» (Алматы, 1996) және «Рухани құндылықтар әлемі: әлеуметтік-философиялық талдау» (/Алматы, 2000). Автор мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасының жүзеге асуына белсене қатысып, алты томның құрастырушысы, төрт томның ғылыми редакторы, алты томның аудармашысы ретінде еңбек сіңірді.