Қр бғМ Ғк философия, саясаттану және дінтану институтының


(библия мифіне сәйкес, ежелгі еврей тайпалары иудеилерді құраушы



бет146/267
Дата20.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#109258
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   267
Байланысты:
Филос Энцикл Создик Документ Microsoft Office Word (2)

ИУДАИЗМ (библия мифіне сәйкес, ежелгі еврей тайпалары иудеилерді құраушы Иегуданың атынан шыққан) – негізінен еврейлердің арасында кең тараған, ең көне діндердің бірі. И. шартты түрде төртке бөлінеді: библиялық, талмудтық, раввиндік және реформаланған. Библиялық кезеңде көне еврей тайпаларының өсімдіктер мен жан-жануарларға, айға, тауға табынуы қалыптасты. Сүндетке отыруға, қасиетті би сияқты ғұрыптар кеңінен тарады. Б.э.д. ХІ ғ-да көптеген құдайлардың ішінен жеке Яхвені таңдап алуы маңызды шешім деп танылады. Б.э.д. 622 ж. И. догматикасы қалыптасты. Көне Өсиетте И. туралы айтылады. Иудей мемлекеті жеңілгеннен кейін (алғашында Вавилоннанб.э.д. 6 ғ-да, кейіннен б.э. 1 ғ-нда Римнен) И-нің идеологтары жаңа жағдайға бейімделіп, библиялық И-ге жақындады. Осының нәтижесінде мол әдебиет жинақталып, реттеліп редакцияланып 5 ғ-да Таурат дүниеге келеді. Израилде негізгі ғибадат етіп табынатыны – И. Қазіргі израилдік И-ге табынушылар неохасидизмді оның тезистерімен уағыздайды. Оларша Израйлде «Яхве» Құдайдың рухы бірінші рет ашылды және ылғи сол жерге келеді.

ЙОГ (санскр. уода – байланыс, ойды жинақтау, бірлесу, тәртіп, терең ой) – көне және орта ғасыр үнді философиясының жүйесі. Й. негізгі қағидалары Патанджали, Упанишад йога және Титада жүйеге келтірілген. Й. жанды дүние құбылыстары әсерінен азат етуді көздейді. Ондағы мақсат – санадан, өзін-өзі танудан арылып, абсолюттік тыныштыққа жету, не жеке жанды абсолюттікке, құдайға жақындату. Й. идеясы ХХ ғ-дың мәдениетіне қарқынды ене бастады. Й-ны түсіндірудің жолдары қай кезеңде болмасын көне бастауларға апарады. Й-ны хатха – йога, джанана раджа, бхакти, карма – йога деген бес бағытқа бөліп қарастырады. Джанана – азаттыққа жетудің негізгі әдісі деп дүние құбылыстарының себеп-салдарлық ағысының мәнін тануды айтады, хатха-йога – денешынықтыру арқылы қуат, күш алуды ұстанады. Білімсіздіктен арылған жан өзін ерікті сезінеді. Раджа – джананың теориясына сүйене отырып, сыртқы дүниеден қол үзу мақсатымен адамның ұстамдылығын жетілдірудің психикалық және физ. әдіс- жолдарының жүйесін қарастырады. Өзін-өзі терең тану (махасамадхи) өліммен тынады. Бхакти – азат болудың негізгі жолы деп «жоғарғыға» жан-тәнімен беріліп, сонымен бірігіп кетуді айтады. Бхакти карма-йогамен тығыз байланысты. Карма – қоғамға адал қызмет етіп, сол қызметтің жемісінен біржола бас тартуды уағыздайды. Ғасырлық тәжірибесі бар йоганың практикасы күні бүгінге дейін Үндістанда кең тараған.
Әдебиет: Философия. Энциклопедический словарь. – М., 2004.

КАМЮ Альбер (1913 – 1960) – француз жазушысы, философ. Экзистенцианализм бағытының өкілі ретінде К. нигилистік көзқарастағы «абсурд, мағынасыздық философиясынан» моралистік гуманизмге дейін көтерілді. К-дің танымында ең қайғылы қасірет ХХ ғ-дағы «құдайдың өлімі», яғни адамзат баласының парықсыз өмір сүруі, сондықтан өмір сүрудің өзі мән-мағынасын жоғалтты дегенмен астасады. Мұндай мағынасыз ғасырда кездейсоқтық қана үстемдік етеді. К-дің көзқарасы бойынша адам санасы мен дүние-әлемдігі қайшылық қақтығысынан мағынасыздық туады. Адамзат қоғамындағы мағынасыздық – К. концепциясының негізгі принципі. Бұл идея бойынша бүкіл дүние мағынасыздықтан тұрады. Сондықтан адам баласы да мағынасыз тіршілік етуге, мақсатсыз өмір сүруге мәжбүр деп ұйғарады. К. сол мағынасыздықтан құтылудың екі жолы бар деп тұжырым, қорытынды жасайды. Біреуі – өзін-өзі өлтіру, екіншісі – бүлікшілік. К. бүлікшілікті абстракті адамның санасыздық пен мағынасыздыққа қарсы наразылық білдіруі деп түсінеді. Алайда, бұл бүлікшілік төңкерісшілдік мағынасында емес, керісінше жер бетіндегі мағынасыздық «хаосқа» қарамай, оған қарсы рухыңды берік ұстап, өмір сүру дейді. К-дің филос. және көркем шығарм-ын – Батыс Еуропадағы рухани атмосферадағы тоқыраудың көрінісі деп тануға болады. К-дің «Бөтен» (1942) повесі, «Сизиф туралы миф» (1942) философ. эссесі, «Оба» (1947) роман – притчасы, «Құлдырау» (1956), «Патшалық және қуғындалу» (1957) әңгімелер жинағы, т.б. еңбектері жарық көрген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет