Қр бғМ Ғк философия, саясаттану және дінтану институтының


МУНЬЕ Эмануэль (1905 – 1950) – жеке тұлғаны абсолюттік құндылық деп тануға негізделген философиялық тұжырымдама –



бет191/267
Дата20.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#109258
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   267
Байланысты:
Филос Энцикл Создик Документ Microsoft Office Word (2)


МУНЬЕ Эмануэль (1905 – 1950) – жеке тұлғаны абсолюттік құндылық деп тануға негізделген философиялық тұжырымдама француз персонализмінің негізін салушы. Жеке тұлға туралы персоналисттік ілімнің өзегі:адам жер бетіндегі гуманистік міндеттерді атқаруға міндетті және жауапкершілігі мол. «Қызықты өмір» идеясы негізінде оны шығам. белсенділікпен атқаруы тиіс. Мәтін ұғымында мәдениет жеке тұлғаның «глобальді міндеті» адамның өзінің адамгершілікті тану жолындағы қызметі.М. «Персонализм» еңбегінде мәдениетке былайша анықтама береді «Мәдениет өмірдің әлде бір бөлігі емес, керісінше оның «глобальды міндет», әлем мен адам, өмір мен тіршілік, ондағы қарым-қатынас бәрі де мәдениет... Жеке өмір дегеніміз қор жинау және бір шеңбермен айнала беру емес, еркіндік пен биікке өрлеу болып табылатындықтан, мәдениет ешқашан білімнің ретсіз жинақталуы бола алмайды; оның мақсаты адамды түбегейлі қайта жасау және оның ішкі әлеміне деген сұраныс неғұрылым мол болғанда мәдениетті.


НАМЫС – қазақ халқының түсінігінде ең жоғарғы адами қасиеттердің бірі. Н. өз бойына сан қырлы биік мағыналар мен асыл құндылықтарды жинаған, қазақ өмірімен біте қайнасқан, ғасырдан-ғасырға жалғасып келе жатқан ұғым, қазақ табиғатының ажырамас бөлшегі. Н. әрбір адамның өзінің еркіндігі мен тәуелсіздігін, рухы мен жанын, ар-ұяты мен сенімін, саналы тіршілік етуші ретіндегі «Менін» аса жоғары, асқақ, өр дәрежеде қадір тұту, қастерлеу сезімін ақыл-оймен ұштастырып, сана деңгейінде игере білуі. Н-тың қарапайым түсінігі тек сезіммен байланысты қарастырылады. Жалған намыс осы сезім деңгейінен көтеріле алмайтын, ақылдың бақылауынан шығып кететін, соның нәтижесінде адамды адастыруы мүмкін Н. Ақиқат Н. жалған Н-тан жоғары, ол ақылмен үндеседі, оған бағынады. Мұның жақсы мысалдарын қазақ халқының қаһармандық және лиро-эпостарынан табуғаболады. Эпостарда Н. батырдың қарапайым ішкі «Менінің» көрінісі ғана емес. Қазақ батыры әдетте өр мінезді, қызба, көзсіз ер, оның Н-ы рухани-психологиялық күш ретінде, бейсана деңгейде сыртқа шығады. Жеке басының н-ына шаң тигенде ол ештеңені де мойындамайды. Бірақ қазақ батыры Н-ты ақыл деңгейінде де түсіне білді, жеке Н-ты ұлттық Н-пен толықтырды. Батырлар жырындағы қарапайым жеке Н. одан күрделі рулық, жүздік және ұлттық Н. дәрежесіне дейін бірте-бірте дамиды. Батыр үшін ұлт, халқы Н-ы оның өзінің жеке Н-ынан, тіпті өмірінен де қымбат. Қамбар, Алпамыс, Кенесары, Наурызбай, Ағыбай батырлар ұлт Н-ы жолында өлімге бас тіккен.
Қаһармандық жырларды мол суреттелген жеке және ұлттық Н-тың ұлттық рухани-құндылықтық феномен екендігін қазіргі заманда ерекше есте сақтау қажет. Н-ты жалған рулық өрлік, жалған жүздік мақтанышпен шатастырмай, тәрбиелілік, білімділік, даналық, ұстамдылықпен ұштастыра отырып, ұлт, мемлекет деңгейіне көтеруге әбден болады. Қазіргі қазақ ұлтына жетпей отырған қасиеттердің бірі – осы Н. Ұлттық Н-сыздықтың тамырына үңілсек, оның түп-төркіні күні кешеге дейін үш ғасыр бойы саналы түрде жүргізілген отарлық саясат деуге болады. Соның нәтижесінде қазақ халқының ұлттық Н. туралы түсінігі біршама төмендеді. Ұлттық Н-тың қандай дәрежеде екенін 1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары айқын көрсетті. Н. – ұлт пен мемлекет тәуелсіздігінің маңызды компоненті, қазақ ұлты үшін өмірмәндік мәселе. Ұлттық Н-сыз ел болып, жеке Н-сыз адам болып өмір сүрудің мәні жоқ.
Н-қойлық – бұл әр адамның ар-ожданын, имандылық қасиетін көздің қарашығындай сақтай білуде көрінетін қасиет. Н. ұғымы жеке адаммен қатар ұлт, этнос мақтанышына қатысты айтылады. Қай халық болмасын өзінің ұлы мен қызын қаршадайынан Н.-қа баулып, отанына, кір жуып, кіндік кескен жеріне кір келтірмеуін қатты ескерткен, «арым – жанымның садағасы» деп ар-намысты бәрінен де жоғары бағалаған. Дәстүрлі қазақ мәдениетінде кісілікке жетелейтін рухани күштердің арасында Н. ерекше рөл атқарады. Н. адамдық Менді қайрай түседі; «ерді намыс, қоянды қамыс өлтіреді» дейді халық. Н. адамгершілік қасиеттің ең бағалы көріністерінің біріне жатады. Әрине, Н-тың түрлері көп. Ол отандық Н., ұлттық Н., діни Н., жершілдік Н., рулық Н., жыныстық Н., отбасылық Н., мамандық Н. болып бөлініп кете береді. Н. бар жерде жігер бар, қайсарлық, алған мақсатқа жету үшін қиындықтарды жеңе алатын табандылық бар. Н-ы жоқ ар-ұяттан, тіпті адамдық бейнеден айырылады. Н. азаматтықтың басты бір көрінісі. Қазақ халқының тегі нашар емес. Ол мықты халық. Онда Н. та, жігер де, батырлық та болған. Оның негізі де бар. Тарихқа үңілейікші. Александр Македонский көп әскерлерімен Орта Азия жерлеріне енгенде мықты қаруланған күштің қарсылығына тап болған, олардың ішінде әсіресе ерекше қимыл көрсеткен сақ-скифтер екендігі тарихтан белгілі. Томиристің (Тұмардың) Н-ты ту етіп, осыған дейін жеңілмеген парсы патшасы Кирді талқандағанына да тарих куә. Әрине, тарихтан әр түрлі себептермен қазақ халқының боданға айналғанын, халық арасында құлдық психологиясы, жасықтық, үрей, қорқыныш сияқты сезімдердің де тарағанын бекерге шығара алмаймыз. Әрине, қазақ қоғамында, Н-сыздық пен жігерсіздіктің көріністері де кездесіп отырған. Қазақтың дәстүрлі әдет құқығы немесе әдеп жүйесі туралы сөз болғанда жалпыадамзаттық нормалармен қатар діни ықпал арқылы енген, алайда ұлттық дәстүр құндылықтарын өз бойына жинақтаған ұғым-түсініктерді де естен шығармаған жөн. Н-қа кір келтірушілік, моральдық рухтың асқақтығын қорлау, масқара болушылық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет