Қр бғМ Ғк философия, саясаттану және дінтану институтының


(гр. Paradejgm – мысалы, үлгі



бет199/267
Дата20.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#109258
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   267
Байланысты:
Филос Энцикл Создик Документ Microsoft Office Word (2)

ПАРАДИГМА (гр. Paradejgm – мысалы, үлгі) – қазіргі кезеңде ғылыми практикада жүзеге асырылатын нақты ғыл. зерттеуді айқындайтын теориялық және методол. алғышарттар жиынтығы. П. проблемаларды таңдаудың негізгі және зерттеу міндеттерін ашу үшін модель, үлгі болып табылады. «П». ұғымын амер. ғал. Т. Кун (1922 ж.т.) енгізген Кунның пайымдауынша («Ғылыми революциялардың құрылымы», 1942), П. зерттеу жұмыстарында туындаған қиындықтарды шешуге мүмкіндік береді, ғыл.рев. нәтежиесінде ғыылымның құрылымында болып жатқан және жаңа эмперикалық деректердің үндестігіне байланысты өзгерістерді байқауға жәрдемдеседі. Алайда «П.» ұғымында ғылым дамуының дүниетанымдық және әлеум. параметрлері жеткілікті деңгейде емес. Ғылымтану жөніндегі зерттеулерде ғыл. ойлау стиліндегі (тұрпатындағы) ұғымдар пайдаланылады.
ПАРАДОКСТАР (логика мен жиындар теориясында), (гр. paradoxos – күтпеген оқыс) – пайымдаудың логикалық дұрыстығын сақтау жағдайында жиындар теориясы мен формалды логикада туындайтын формалды – логикалық қарама қайшылықтар. «П.» бірін-бірі теріске шығаратын (қарама-қайшы) екі пайымдау тең дәрежеде дәлеледенетін жағдайда пайда болады. П. ғыл. теория шеңберінде де, кәдуілгі пайымдауларда да болуы мүмкін (мыс., барлық қалыпты жиындардардың жиыны туралы өзінің нерадоксы туралы Рассел келтірген: перидроза («Деревня шаштаразы өз деревнясының өздері қырынбайтын тұрғындарының ғана және солардың барлығының сақал мұртын алады. Ол өз сақал мұртын өзі алуы тиіс пе?»). Формалды логикалық қарама-қарсылық ақиқаты анықтау және дәлелдеу құралы ретінде пайымдауды жарамсыз ететіндіктен «П.» пайда болған теорияда кез-келген сөйлемді (ақиқат сөйлемді де, жалған сөйлемді де дәлеледеуге болады) «П.» көздерін анықтау және оларды жою тәсілдерін табу міндеті пайда болады. Диалект. талдау П-дың формалды логикада пән және пәндік сала, логика мен жиындар теориясында жиын, класс ұғымдарына, ғылымда жаңа (абстрактілі) обьектілерді қарастыруды енгізуге мүмкіндік беретін абстракция принципін қолдануға, абстрактілі обьектілерді анықтау тәсілдеріне және басқаларға байланысты терең диалект. және гносеол. Қиындықтардың айғағы болып табылатынын көрсетеді. Сондықтан барлық П-тың нақты шешімдерін философ. ой елегінен өткізу проблемасы формалды логика мен математиканың логикалық негіздерінің маңызды методол. проблемаларының бірі (Антиномия, Сематикалық антиномиялар).

ПАРМЕНИД – ежелгі гр. философ. (б.з.б. VІ ғ. жартысы мен V ғ. басы), Элейлік (Оңтүстік Италия), Элей мектебінің басшысы (Элеаттар). П. дүниені қозғалмайтын, тұтас толтырылған шар түрінде елестетті. П. «ақиқат ілімін» (ақиқат болмыстың бірден бір және мәңгілік екендігі және оның қозғалмайтындығы, бөлінбейтіндігі, бос жері жоқ екендігі туралы) «пікір іліміне» (туындайтын және ауысатын , қозғалатын, бөліктерге бөлінетін, бір-бірінен бос қуыстар арқылы ажыратылатын көптеген заттардың өмір сүретіндігі туралы) батыл қарсы қойды. «Ақиқат ілімі» рас, «пікір ілімі» шындыққа ұқсас қана. «Ақиқат ілімін» П. Гераклиттің және оның ізбасарларының диалектикасына саналы түрде қарсы бағыттады. «Пікір ілімінде» П. өзінің астр., физ. және физиол. болжамдарын баяндады. П-тің аңғал материалистік «физикасы» екі бастаманы: белсенді – от, жарық және инертті қараңғы басшылыққа алады. Сезімнің көрсетуіне сенбеу, пайымдық білімді жоғары бағалау П. іліміне рационализм элементін береді, ал қозғалысты теріске шығару П-ті метафизикасының атасы етеді.

ПАСКАЛЬ Блез (1623 – 62) фр. философы, математигі және физигі, ықтималды теориялықтың негізін салушылардың бірі. П-дың филос. көзқарастары қайшылықты сенімнің зердеден жоғарылығын мойындап, рационализм мен скептицизм арасында толқыды. П-дің логикалық көзқарасы (индукция және дедукция, толыққанды білім және б. жайындағы ілім,) Декарттың метод туралы ілімін жалоғастырды, Пор-Роялдың логикасына әсер етті. П. «Шет аймаққа хатында» католиктік дінді жақтаушыларды қатты сынады. Оған қарамастан П-дің әлемдегі адам және оның шексіздікке қатынасы туралы кейбір идеялары діни экзистенциализмді негіздеуге бағыытталды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет