Қр бғМ Ғк философия, саясаттану және дінтану институтының



бет39/267
Дата20.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#109258
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   267
Байланысты:
Филос Энцикл Создик Документ Microsoft Office Word (2)

АРТЕФАКТ (лат. artefactum жасанды істелген) табиғилықтан тыс қолдан жасалған нәрсе, мәдениеттің жемісі. А. ретінде тек денелік белгілері емес, сонымен бірге таңбалық, рәміздік мазмұны бар кез келген жасанды нәрсе қарастырыла алады. Мәдени А-ға мыналарды жатқызуға болады: адамдар жасаған заттар мен нәрселер, техника және еңбек құралдары, киім-кешек пен тұрмыстық жабдықтар, тұрғын үй, жол т.б. А. ретінде қоғамның рухани өмірінің кез келген құбылысын (ғылыми теория немесе наным-сенім, өнер және фольклер туындысы, моральдық қағидалар т.б.) алуға болады. А-ының пайда болуын және олардың негізіндегі адамдық мақсаттар мен мүдделерді талдау арқылы, заттық болмыстың символикасын айқындауға болады. А-лар әлемі таңбалар әлемі және оларды адамдық әрекет контекстінде ғана түсінуге болады. Адам тұрмайтын үй қаңырап бос қалады, функционалдық мазмұны ескірген құндылықтар тек «музейлік» мағынаға ие болады. Қазіргі мәдениеттерде А. мәдениеттердің динамикасын зерттеуде бастапқы алғышарт ретінде қабылданады.
Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Т. 19. Мәдениет философиясы. Астана: Аударма, 2006; Мәдени-философиялық энциклопедия. Алматы, 2007.

АРУАҚ жан денеден бөлек өмір сүреді деген көне ұғымнан туған діни наным бойынша қайтыс болған адамдардың тіршіліктегі адамдарды желеп-жебеп жүретін рухы (аруағы). А. түсінігі генотеистік сенім-нанымдар жүйесіндегі ата-бабалар культімен тығыз байланысты. Көзі тірісінде дара тұлға ретінде көріне білген халықтың қадірлі адамдарының А-тарына табыну қазақ мәдениетіне тән құбылыс. Ш.Уәлиханов айтқандай «қазақтар Алладан гөрі, А-тың есімін көбірек атаған». Дәстүрлі көшпелі қазақ қоғамында құрметті адамдар (әдетте, ел намысы мен азаттығы үшін күрескен батырлар, әділ билер, шапағатты ел және ру басылары, атақты ақын-жыраулар, діни қайраткерлер т.б.) А-ғы ел қорғауға аттанған сарбаздардың ұранына айналған. А-тарды құрметтеуоларға сыйыну, қолдауын тілеу, қиын-қыстауда А-тан арқатіреу іздеу дәстүрлі қазақ мәдениетінде кең тараған құбылысқа жатады (зират маңында А-ға арнап дұға оқу, бата жасау, сырқат адамдардың қайрат-шапағат тілеп, А-тың басына түнеуі, мәжбүрсіз қоныс аударғанда зираттан бір уыс топырақ ала кету т.б.).
Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Т. 1. Ежелгі көшпелілер дүниетанымы. Астана: Аударма, 2005; Ислам. Энциклопедиялық сөздік. – Алматы: Аруна, 2009.

АРХАИКА (грек. Archaikos – ескі, көне) – өнер дамуының көне заманғы түрі. Өнертану ғылымында Архаика атауымен ежелгі грек және мысыр өнерін айтады. Ежелгі грек өнері (б.з.б. VIII-VI ғ-да) Грекия жерінде, грек аралдары шоғырында, Кіші Азия мен Оңт. Италия жағалауларында дамыған. А. өнері өткінші рол атқарады. А. – монументті бейнелеу өнері мен сәулеттік пішіндердің қалыптасқан кезеңі. Ол кезеңде бағандармен қоршалған периптер типтегі ғимараттар мен ордерлер жүйесі (дори және ионика) құрылды. Мүсіндеу өнерінде жалаңаш денелі атлет жігіттер (курос) және киімдері мен төгілген шаштары өте дәлдікпен сомдалған қыздар (кора) мүсіндері сияқты негізгі типтер қалыптасқан. Б.з.б. VI ғасырдың 3-ширегінде құмыра жасау өнерінің қара фигуралы, яғни балшықтан жасалған құмыраны тұтас қарамен бояп, соның үстінен өткір пышақпен бедер салу мәнері гүлденді. Бұл өнер Африка елдерінің кейбірінде осы күнге дейін бар.
Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Т. 19. Философиялық антропология. Мәдениет философиясы. Дін философиясы. Астана: Аударма, 2006; ҚҰЭ. Т.1., 450 б.

АРХЕТИП (грек. аrche – бастау, tupos – бейне) алғашқы үлгі, түпнұсқа. А. жалпыадамзаттық рәмізділіктің негізіне, шығарм. жасампаз қиялдың нәр алатын бастауына жатады. А. өнерде ерекше рөл атқарады. Мәдени А-тер бұл ілкі мәдени тұпнұсқалар, адам және оның табиғат пен қоғамдағы орны жөніндегі түсінік-рәміздер, тарихтың терең қойнауларынан үзілмей «өсіп» шығып, қазіргі мәдениеттің нормалық-құндылық кеңістігінде өз маңызы мен мағынасын жоғалтпаған және бүгінгі адамдардың әрекеттеріне жалпы жоба беретін баптық-құндылық бағдарлар. А. туралы ілімдер К.Юнгтің «аналитикалық психологиясында», Л.С. Выготскийдің «мәдени-тарихи теориясында», Дж. Кулидің «Рәміздік интеракционизмінде» және мәдениетті құндылық-рәміздік жүйе мен адамдар тіршілігінің рухани интенциясы деген түсініктерде жан-жақты дамытылды. К.Юнгтің аналитикалық психологиясында А. көмескі сананың тылсымдық құрылымдарында «ұжымдық бейсаналық» түпнұсқалар ретінде сақталды. Мәдени тұлғаның рухани-шығармашылық қазынасын қауымдық тылсымдағы А-тер құрастырады. Оларға адамның рухани өмірін априорлы (тәжірибеге дейін) қалыптастыратын және оның іс-әрекетін, мінез-құлық жүйесін жалпылама анықтайтын құндылықтар қисыны жатады. Осының негізінде адамда «мендік» сезім, этноста ортақ уақыттық-кеңістік өрісі пайда болады. Әрбір халық өз мәдениетін еркін дамытуға мүмкіндік алған кезде А-теріне жиі оралады. Мыс., Қазақстанда соңғы жылдары мәдениет пен өнердің әр саласындағы «ұлттық негіздері жаңғырту» идеясы осымен тұстас.
Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Т. 19. Мәдениет философиясы. Астана: Аударма, 2006; Мәдени-философиялық энциклопедия. Алматы, 2007; Философия. Энциклопедический словарь. – М., 2004. – С. 67-69.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет