Қр бғМ Ғк философия, саясаттану және дінтану институтының


діни-философиялық ілім. Б.з.б. VI ғ-да Үндістанда пайда болған. Д. үндінің көне ілімі



бет100/267
Дата20.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#109258
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   267
Байланысты:
Филос Энцикл Создик Документ Microsoft Office Word (2)

Джайнизм діни-философиялық ілім. Б.з.б. VI ғ-да Үндістанда пайда болған. Д. үндінің көне ілімі ведалардың беделі мен ақиқаттығын мойындамайды. Болмысты мәңгілік шындық деп есептеп, оны Құдайдың жаратқаны, брахмандардың рухани артықшылығы туралы көзқарасты, сондай – ақ касталық жүйені теріске шығарады. Д. мен будда дінінің ұқсастығы мол. Сондықтан оны кейбір зерттеушілер будда дінінің бір тармағы деп есептейді. Д. үнді жерінен сыртқа шықпаған. Ертеректе Бихар, Гуджарат, Орисса, Оңт. Үндістан өңіріне кең тараған. Д-ді ұстанатындар саны көп емес (3 млн., бұл халықтың 0,3 %-і), бірақ олардың көпшілігі саудамен шұғылданатын болғандықтан, елдің экон. тізгіні қолдарына ұстап отыр. «Джайна дхарма» (жеңімпаздар ілімі) атауы санскриттің «джина» (жеңімпаз), яғни өзінің кармасынан арылып, өлім мен туу айналымын жеңіп, мәңгілікке жеткен ұғымды білдіретін деген сөзден шығады. Д-нің «Сидһанда» деп аталатын канондары 11 бөлімнен тұрады. Оларға көптеген түсініктемелер жазылған. Негізгі терминдері бүкіл үнді еліне ортақ (самсара, карма, дһарма, нирвана, мокша, т.б.) Санскрит тілінен жазылып, таралған. Д. ілімі бойынша, болмысты джива (жан) мен аджива (жаннан басқалары) құрайды. Материя – адживаның бір түрі. Джива мен аджива мәңгілік, бірақ джива өзгермейді, ал аджива мәңгі өзгерісте. Жан мен тәнді байланыстыратын нәзік «кармалық материя» бар. Кармалық материядан құтылса, адам өлгеннен кейін тәннен бөлініп, мәңгілікке ләззат әлеміне өтеді. Бұл – көптеген туу-өлу арқылыжететін адам болмысының мақсаты.
Әдебиет: Индуизм. Джайнизм. Сикхизм, М., 1996.

Джемс Уильям (1842 – 1910) – амер. психологі және философы, прагматизмнін негізін салған. Метафиз. тәсілдің негізсіз екенін ұғына отырып, Д. оған диалектиканы емес,иррационализмді қарсы қойды. Д. «сан ағысы» ретінде қарастырған психикаға анализінде ырықтылық және эмоциялық негіздердің рөлін баса көрсетті. Ақиқаттың объективтік ұғымын прагматиктік пайдалы әрекет, мүдделерге сәйкестік принципімен алмастыра отырып, Д. дәлелдеуге және ғыл. негіздеуге болмайтын наным құқын қорғады. Д-тің «радикал эмперизмі» іс жүзінде нақты шындылықты «таза тәжірибеге», санаға субъективтілікпен телу деп, ал «бейтарап монизмі» материя мен рухты нақты сол «тәжірибенің «екі жағы деп қарайды. Д. дінді қорғады және Нью-Йоркте өзі құрған мистикалық «тәжірибені зерттеу» жөніндегі арнаулы ұйымға белсене қатысты.
Әдебиет: ХХ ғ философия. Әлемдік энциклопедиясы. Москва-Минск, 2002.

Джентиле Джованни (1875-1944) – итал. философы және саясатшы. Муссолини үкіметінің ағарту министрі. Рим ун-тінің проф-ры. «Маркстің философиясы» еңбегінде марксизмді сынады. Д. Гегельдің ілімін қайта қарап, «актуализм» жүйесін – неогегельшілдіктің субъективтік-идеалистік бір түрін жасады. Д. бойынша, мәнді нәрселердің бәрі – әрқашан актуальді, белсенді; оның шығармашылық кеңістік пен уақытқа байланыссыз Д-ның материясы – өлі, енжар болса да, ой мен бірлікте. Солипсизмнен аулақ болу үшін Д. универсалды «мен» ұғымын енгізеді. Нақты шындық индивидуалдық сананың идеяларына қатыссыз, қайта әлемдегі өзінен тыс трансценденталдық негіздің таза ойлануы болып табылады,ол өзінің қалыптасу процесінде барлық қарама-қарсылықты жеңіп шығады. Әлеум.-саяси көзқарастарында либерализмнен фашизмге қарай ойысты, адамгершілік рухының жүзеге асуы ретіндегі тоталитарлық мемлекеттің уағызшысы болды, жеке ададарды мемлекетке жаппай бағындыруға шақырды.
Әдебиет: ХХ ғ философия. Әлемдік энциклопедиясы. Москва-Минск, 2002.

Дзэн-буддизм буддизм бағыттарының бірі. VI ғ-да Қытайда пайда болып, Жапонияда кеңінен таралды. Д. б-нің негізі Будда мен барлық тіршілік иесінің бірлігі туралы түсінік және табиғи «жол» туралы ілім – дао,ол барлық теориялық әдістерден жоғары. Басқа мектептерден – Д. б. «қас-қағымдық сәулеленуді», ақиқатқа жетуді – саториді уағыздайды.
Әдебиет: Коваль С.Н., Холин Ю.Е. Дух воина. – Краснодар, 1993.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет