Қр бғМ Ғк философия, саясаттану және дінтану институтының



бет102/267
Дата20.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#109258
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   267
Байланысты:
Филос Энцикл Создик Документ Microsoft Office Word (2)

ДИАЛЕКТИКАЛЫҚ логиканың қазақстандық мектебі халықаралық ауқымда танылған отандық философиялық зерттеу бағыты. Бұл бағыттың алғашқы нышандары 1958-70 жж. Ж.Әбділдиннің, А.Қасымжановтың, Ә.Нысанбаевтың, Г.А.Югайдың және т.б. еңбектерінде көрініс тапты. Сол кезден бастап диалектиканың өзекті мәселелерін жүйелі зерттеу мақсатында Қазақстан ҒА-ның Философия және құқық ин-тында (қазіргі Философия және саясаттану ин-ты) жас ғалымдардың шығарм. тобы құрылды. Алғашқы зерттеу нәтижесі ретінде Әбділдин, Қасымжанов, Л.Науменко, М.Баканидзе жазған «Таным логикасы және диалектикасы проблемалары» (А., 1963) атты ұжымдық монография жарыққа шықты. Мұнда авторлар 20 ғ-дың 50-жылдары КСРО көлемінде бой көрсете бастаған диалект.-филос. ағымға үн қосып, адам ойы мен танымының табиғаты, логиканың диалект. тұжырымдамасы, конкретті ұғым, таным субъектісінің белсенділігі, т.с.с. мәселелерді тереңдете қарастырды. Жаңа заман философиясындағы батыл қадамға баланған бұл зерттеулер арнаулы басылым беттерінде «диалектикалық логиканы жасақтаудағы қомақты табыс, соны бағыт» ретінде бағаланды. Осы кездегі жарық көрген А.Қасымжановтың, Б.Қасеновтің, З.Мұқашевтің, Н.Мұсабаеваның, К.Рахматуллиннің, Г. Югайдың зерттеулері Қазақстанда іргелі филос. мектептің қалыптасқанын байқатты. Сондай-ақ, 1967-68 ж. Әбділдиннің «Теориялық танымдағы бастама проблемасы», Л.К.Науменконың «Монизм – диалектикалық логиканың ұстыны», М.И. Баканидзенің «Логикалық формаларды субординациялау мәселесі», Б.Сахариевтің «Арнаулы салыстырмалылық теориясындағы кеңістік пен уақыттың өзара байланысы проблемасы» сияқты бірегей сипаттағы монографияларының жариялануы Д. л. қ. м-н жаңа бір белеске көтерілді. Д.л.қ.м-нің көрнекті өкілдері – Ж.Әбділдин мен Ә.Нысанбаев 1974 ж. Ш.Уәлиханов атынд. бірінші республикалық сыйлықты иеленді. Ал 1984 ж. олармен бірге бір топ философ-ғалымдар (М. Баканидзе, А. Ивакин, Л. Науменко, М. Сәбитов) диалект. логика мәселесін зерттеудегі терең теориялық нәтижелі еңбектері үшін Қазақстан Мемл. сыйл. лауреаттары атанды.
Әдебиет: Диалектическая логика, кн. 4, А.-А., 1985-87; История диалектики, кн. 2, А., 2000; Абдильдин Ж.М., Собр. соч. в 5-ти томах, Аст., 2000-01.

ДИАЛОГ (грек. dіalogos сөйлесу, сұхбаттасу) – мәдениеттануда белгілі бір мақсат пен міндетті шешуде өзара қайшылықты көзқарасы болса да, соған қатысушылардың байланысын, бірге жұмыс істеуін айтады. Мәдениет Д-ы – мәдени жүйенің (құбылыстың) байланыс процесі, соның нәтижесінде әрбір мәдениет өзінің ерекшелігін сақтап, өз орнын айқындайды. «Мәдени әлемнің» бірін-бірі байытатын Д-ы олардың дамуының негізін қалайды. Олардың өзара байланысы, құндылықтары, қалыптары дәстүр үндестігінің сырын ашып, әрбір мәдениет өзінің қайталанбас қуатын таниды. Дамушы, бірін-бірі толықтырушы Д-тың негізі өзара байланыста, қарым-қатынаста болған мәдениеттердің өзін тануы, мәдениеттің тарихи танымы, өмір сүру салты, сондай-ақ, әртүрлі мәдениеттер арасындағы «теңсіздік».
Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Т. 19. Мәдениет философиясы. Астана: Аударма, 2006; Нысанбаев А. Независимость. Демократия. Гуманизм. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2011; Мәдени-философиялық энциклопедия. Алматы, 2007.

ДИАСПОРА – әлеуметтік ғылымдарда ұлттың ата жұрты болып табылатын елден тысқары өмір сүретін бір бөлігі. Д. күштеп көшірудің, геноцид қатерінің, экон. және геогр. факторлардың әсері салдарынан пайда болады. «Д.» термині алғаш рет еврейлердің Палестинадан тысқары жерлерде тұруына қатысты, әсіресе, оларды б.з.б. VI ғ-дың басында Вавилон патшасы Навиходоносор ІІ-нің, одан соң б.з. І-ІІ ғ-ларында римдіктердің қудалауына байланысты қоныс аударуынан кейін қолданыла бастаған. Кейінірек «Д.» термині басқа этн. қауымдастықтар мен діни қауымдастықтарға да қатысты қолданылатын болды. Д. өзі тұрып жатқан елде аз этн. топ болып табылады да, әрдайым өзінің тегі шыққан елмен рухани және шаруашылық байланыста болуға тырысады. Бұл ұғымды алғаш рет ғылыми айналымға енгізген және негіздеген Ә. Нысанбаев болды. Бүгінгі таңда 40 мемлекетте 5 млн.-ға жуық қазақ Д-сы тұрып жатыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет