Қр бғМ Ғк философия, саясаттану және дінтану институтының



бет143/267
Дата20.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#109258
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   267
Байланысты:
Филос Энцикл Создик Документ Microsoft Office Word (2)

Әдебиет: Мәдени-философиялық энциклопедия. Алматы: Раритет, 2007.

ИНТУИЦИЯ (орта ғасыр. лат. іntuіtіo, лат. іntucor – қадағалап қарау, үңілу) – алдын ала әр түрлі дәлелдеу арқылы талдауларға сүйенбестен ақиқатқа тікелей жету. И. тікелей интеллектуалдық білім түрі (интеллектуалдық интуиция) ретінде қабылданды. Декарт өз ілімінде интуитивті түрде табылатын, дәлелдеуді керек қылмайтын айқын, ақиқат танымды И. мағынасында қарастырды. И. мен дедукцияны ақиқатты ашудың басты құралы деп біледі. Спинозаның пікірінше, танымның үш түрі болады: ең төменгісі сезім мүшелерінің көмегімен жүзеге асады; одан кейінгісі ақылға сүйенеді, бірақ әр түрлі дәлелдеуді керек етеді; ең жоғарғысы да ақылға сүйенеді, бірақ дәлелдеуді керек қылмайды, заттың мәнін бірден ашып береді. Бұл – И. болып табылады. Интеллектуалдық И. танымының ең жоғарғы түрі деп танылады. Фейербах И-ны танымның сезім арқылы әсерлену түрі деп таниды. И-ны организмнің ешқандай алдын-ала түсіндірілмей келетін инстинктік қалыбы ретінде (Бергсон), шығарм.-тың санасыз келетін алғашқы шарты (Фрейд) деп те тану ғылымда орын алған.
Әдебиет: Мәдени-философиялық энциклопедия. Алматы: Раритет, 2007.

ИРРАЦИОНАЛИЗМ (лат. іrratіonalіs – ақылға қонымсыз, санадан тыс) – табиғат, мәдениет құбылыстарын, адамгершілік бастауларын байқататын методологиялық принцип, әдістанушылық қағида. И. ағымын ұстанған ғалымдар К.Ясперс, К.Юнг және тағы басқалар. Мәдениеттің табиғаты, оның ерекшелігі туралы иррационалистік таным Ницше, Бергсондардың «өмір философиясында», Ясперс, Сартр сияқты экзистенциалистердің еңбектерінде қалыптасты. И. мәдени-тарихи процестігі негршілдік, үндісшілдік арабшылдық, т.б. осы сияқты концепцияларда қолданылады. Мыс., негршілдік бағыт батыстың салқынқанды-рационалистік мәдениетінен өзгешілігі бар негр-берберлердің құндылықты-сезімтал мәдениетінің де өмір сүру құқы бар екенін көрсетіп беріп отыр. Мәдениетке дамыған сезімталдықпен қарайтын И. көзқарас дүниетанымы тұтастығымен ерекшеленеді, ал, әлеуметтік бағытта бір-біріне көмек пен әділдік негізін қалайды.
Әдебиет: Мәдени-философиялық энциклопедия. Алматы: Раритет, 2007

ИСЛАМ (араб. – момындық, бағыныштылық) – әлемдік ірі діндерінің бірі. Құдайдың (Алла тағаланың) соңғы аманаты, соңғы дін. И-ның ақиқатын адамзатқа жеткізуші Мұхаммед ғ.с. соңғы пайғамбар болып табылады. Мұсылманшылықтың басты негізі Құран, мәңгілік, ешкім жаратпаған Құдай сөзі, яғни Құдай табиғатын ашатын көктен түскен аян. Мұхаммед (жаны жәннәтта болғай) құдайдың әрбір сөзін қағазға түсірген, сондықтан Құран құдайдан түскен мәтін. Христоспен салыстырғанда Мұхаммед құдайлық табиғаттан ада, ол тәңір адамы емес, пайғамбар, яғни белгілі қасиеттері бар адам. Мұсылманшылықтың екінші негізі – сүнне. Ол Мұхаммед сөздері жиылған мәтіндер жинағынан тұрады. Егер христиан дініне үштік туралы ілім тән болса, И-ның ең негізгі қағидасы – Алла тағаланың бірлігіне қылау жуытпау. Мұсылманшылықтың маңызды ұғымы дар-аль- ислам – ислам әлемі. Бұл ұғым дар-аль-харб ұғымына, яғни, өзгелер әлеміне қарсы қойылады. Өзгелер әлемі түбі ислам әлеміне қосылуға тиіс. Мыс., қасиетті соғыс жиһад арқылы. Мұсылмандардың әрбір тобы діни қауым уммаға бірігуге тиіс. Умма – адамдардың ұлттық, тілдік және діни қауымы, сонымен қатар, әлеуметтік ұйымдасудың түрі. Исламда шіркеу және дін қызметкерлері ұғымы жоқ, себебі ислам құдай мен адам арасында дәнекер болуы мүмкін деп есептемейді. Дінсізді мұсылманға айналдыру үшін ол «Алладан өзге құдай жоқ және Мұхаммед соның пайғамбары» десе және осы сөзді ең кемінде екі мұсылман куәләндырса жетіп жатыр. И. – Мұхаммедтен өзге тағы төрт пайғамбарды мойындайды: құдайдың сүйіктісі Нұхты, Алланың бірлігіне ең бірінші болып сенген Ибраһимді, құдай кітабы Тораны Ысрайыл еліне жеткізген Мұсаны және христиандарға құдайдың Інжілін жеткізген Исаны. Бірақ Мұхаммед ең басты және бірегей пайғамбар боп қала береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет