Қр бғМ Ғк философия, саясаттану және дінтану институтының



бет144/267
Дата20.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#109258
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   267
Байланысты:
Филос Энцикл Создик Документ Microsoft Office Word (2)

Әдебиет: Ислам. Энциклопедиялық сөздік. – Алматы: Аруна, 2009.
Мәдени-философиялық энциклопедия. Алматы: Раритет, 2007.

ИСЛАМТАНУ – ислам діні қағидаларының мәні, шариат нормаларын, ислам тарихын зерттейтін және Құран Кәрім сүрелері мен аяттарының Мұхаммед пайғамбар (с.а.у.) сөздері мен іс-әрекетінің мәнін түсіндіретін ғылымдар жиынтығының атауы. Ислам бірнеше пәндерге бөлінеді: І)ақида («игти-қад» деп те аталады) пәні діннің сипаттары мен пайдаларын, иманның негіздері мен шарттарын, Алла тағаланың сипаттарын, т.б. зерттейді. Бұл пәнді негіздеуші белгілі ғұламалар имам Әбу Мансұр Мұхаммед әл-Матұриди (944 ж.ө.) және имам Әбу әл-Хасан ибн Әли ибн Исмаил әш-Шари (873 – 936), 2) фикһ (ислам құқығы, яғни шариат туралы пән) пәнінде, негізінен, төрт сала қарастырылады: а) ғибадат – исламның бес парызын (иман, намаз. ораза, қажылық, зекетт) орындау мәселелері; ә) мүнакахат – неке, ажырасу және отбасы қатынастары; б) мұғамалат – сауда-саттық, мирас, риба (пайыз алу), жалақы жөніндегі мәселелер: в) үкубат – қылмыстар мен оларға қолданылатын жазалар. Фикһ пәні бойынша келелі еңбектер жазып, өз аттарымен аталған мектептерді қалыптастырған белгілі мужтаһидтер (ислам ғалымдары) – Нұғман ибн Сәбит (699 – 767), имам ағзам Әбу Ханифа, имам Мәлік ибн Әнес (708 – 795), имам Мухаммед ибн Идрис әш-Шафи (767 – 820), имам Ахмед Мұхаммед ибн Ханбал (780 – 855). Бүгінгі мұсылмандардың басым көпшілігі, көбінесе, осы төрт мужтаһидтің фикһ мәселелері жөніндегі пәтуалары мен ұстанымдарын қолданады; 3) тәфсір (жабық нәрсені ашу, анықтау) пәнінде Құран Кәрімнің жазылуы және жинақталуы. аяттардың түсу себептері, сүрелердің басындағы әріптер (әл-хүрүф әл-мүкапаға), Құран Кәрімдегі мысалдар мен ауыспалы мағыналар, сұрақтар мен жауаптар сияқты мәселелер зерттеледі. Сонымен қатар тәфсір пәніне араб тілінің граматикасы мен тіл білімін қамтитын «сарф уо наху» да кіреді. Тәфсір ілімінің қалыптасуы мен дамуында Абдол-ла ибн Мәсғұтд (652 ж.ө.) пен Абдұллаһ ибн Аббас (687 ж.ө.) сияқты сахабалардың, Сағид ибн Жұбайыр (714 ж.ө.), Икрима Мәула ибн Аббас (725 ж.ө.) сияқты табғидердің (сахабаларды көргендер), Әли Әбу ибн Талх (762 ж.ө.). Мұқатил ибн Сүлеймен (767 ж.ө.), Йахйа ибн Саллам (741 – 815) және Абдұрраззақ ибн һоммам (743 – 827) сияқты әт-бағұт-табиғиндердің (сахабаларды көрмегендер) орасан зор еңбегі болған; 4) хадис пәнінде Мұхаммед пайғамбар (с.а.у.) сөздері мен іс-әрекеттері, сунналары зерттелінеді. Бұл пәннің дамуы ішкі ерекшеліктеріне қарай 4 кезеңге бөлінеді: 1) Мұхаммед пайғамбар (с.а.у.) хадистерінің сахабалар тарапынан жазбаша немесе жаттау арқылы сақталуы (тасбит-ұс сунна). Хижраның 1 ғасырын қамтитын бұл дәуірде Абдолла ибн Омар ибн Хаттаб, Әнес ибн Мәлік, Абдолла ибн Аббас ибн Абдұлмұтталиб (688 ж.ө.) тәрізді сахабалар көп хадистерді риауят (естіп, айтқан) еткен. Хадистердің ресми түрде жазылып, кітап ретінде жинақталу (тәдуин-ус сунна) кезеңі хижраның 2 ғасырын қамтиды. Омейя әулетінен Омар II бин Абд ол-Әзиздің (681 – 720) бұйрығымен жинақтау жұмыстары басталған. Бұл жұмыстарға үлкен үлес қоскандар Ләйс ибн Сағд (791 ж.ө.), Шұғба әл-Хажжаж (776 ж.ө.), Сағд әл-Мұсайиб. Жинақталған хадистерді сұрыптау, тақырыптары мен сенімдік дәрежелері бойынша іріктеу, жүйелеу (тасниф-ұс сунна) дәуірі негізінен, хижраның 3–4 ғасырларын қамтиды. Бұл салаға қомақты үлес қосқандар Мәлік иби Әнес ибн Мәлік (795 ж.ө.), Ахмед ибн Ханбал (780 – 855), Мұхам-мед ибн Исмаил ал-Бұхари (810 – 870), Муслім ибн Хажжаж әл-Қушайри (1817 – 875), Әбу Дәуіт Сулеймен ибн Ашас (817 – 888), Әбу Иса ет-Тирмизи (824 – 892), Ахмсд ибн Шұғайыб ән-Несай (830 – 915). Хадистану саласындағы тасниф жұмыстарынан бастап казіргі заманға дейін зерттеу жұмыстарын «тәһзиб» (өлшеу. Толықтыру) деп атайды. Хадис ілімі – Исламтанудың ең манызды саласының бірі. Фикһтағы қағидалар мен шектеулер хадистер негізінде қалыптасқан. Хадистерді риуаят етуші сахабалар мен олардан кейінгі ұрпақтардың өмірін зерттейтін «табақат» пәні осы салаға жатады. Мұнда мыңдаған адамдардың өмірбаяндары туралы мәліметтер келтіріледі; 5) Ислам тарихы – Мұхаммед пайғамбардың (с.а.у.) өмірі мен ғазауаттары жөніңде жазылған «әс-Сиәр» кітаптарының пайда болуымен ислам тарихы пәнінің бастапқы негіздері қалыптасты. Бұған қоса алғашқы төрт халифаның тарихы мен Омейя, Аббас, Мәмлүк және Осман әулеттерінің және мұсылман мемлекеттерінің тарихы ислам тарихы пәнін зерттеу саласына кіреді. Бұл саладағы көрнекті ғалымдар: Әбу Абдаллаһ Мұхаммед ибн Исхақ (704 – 767), Әбу Жафар Мұхаммед әт-Табари (839 – 923), Әбу-л-Хасан Әли әл-Масуди (957 ж.ө.). Иззеддин әл-Әсир (1160 – 1233), Ибн Халлиқан (1211 – 1282), Зәһәби әт-Түркмани (1274 – 1348), Әбпі Фнда (1273 – 1331), ибн Халдун (1332 – 1406).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет