Қр бғМ Ғк философия, саясаттану және дінтану институтының



бет148/267
Дата20.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#109258
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   267
Байланысты:
Филос Энцикл Создик Документ Microsoft Office Word (2)

КАНТШЫЛДЫҚ (жаңа кантшылдық) – ХІХ ғ. Германияда Кантты қолдаушылардың немесе оны сынаушылардың атымен байланысты қалыптасқан философиялық ағым. 1860 ж. К. бір жағынан неміс идеализмінің спекулятивті метафизикасына қарсы оппозиция ретінде пайда болса, екінші жағынан – кейбір жеке ғылымдардың басты қағидаларын негіздеуге байланысты қалыптасқан қателіктерге наразылық ретінде пайда болды. Жаңа кантшылдықтың рационалистік түрлері: метафизика (Фолькельт, Гартман, Вундт), құндылық философиясы (Гейдельберг немесе оңтүстік-батыс мектебі, Риккерт, Виндельбанд, Ласк), логистика (Марбург мектебі, Коген, Наторп, Кассирер, Либерт, Штамлер). Жаңа кантшылдықтың эмпирикалық түрлері: позитивизм (Дильтей), сенсуализм (Гельмгольц, Мах, Риль) функционализм (Файхингер) ретінде дамыды. 1850 ж. Францияда жаңа кантшылдықты Ренувье дамытты. Ол адамгершілікті таза парасаттық ұғымдар негізінде сараптап, Канттың бостандық, Құдай және өшпеу сияқты «практикалық тұжырымдарына» сүйенеді. Негізгі еңбегі: «la person nalisme» (1901).

КАПИТАЛ – адам тәжірибесінің сақталу, бекітілу, толықтыру, даму түрлері ретінде қоғамдық энергияны жинақтаудың, оны біркелкілендірудің және өзгертудің құралы. К. субъектіден жаттандырылған іс-әрекет түрінде өмір сүргендіктен, бір жағынан, адами қасиеттер мен оның күштері арқасында, олардың іс-әрекетінің құралдары ретінде, ол қоғамдық құбылыс ретінде көрінсе; екінші жағынан, қоғамдық өмірді қайта қалыптастырушы заттар жүйесі ретінде көрінеді. К. – экономикалық категория ретінде қалыптасқанға дейін «байлық», «ақша», «мүлік», «игілік», «дәулет» ұғымдарын анықтады.
К. Маркс өзінің зерттеулерінде К.-ді адам іс-әрекетінің динамикасы, процесі, тірі еңбектің қозғалысы және жиынтық тәжірибенің жүзеге асу түрі ретінде қарастырады. К. мен еңбектің классикалық арақатынасы адам тәжірибесін үлгі түрінде және К. оларды тұтынушы, пайдаланушы ретінде көрсетеді.
Соңғы кездерде, К-дың экономикалық түрлері экономикалық емес К. түрлерімен тығыз байланыста. К.-дың экономикалық емес түрлері: мәдени К. (мәдени құндылықтар, әлеуметтік бағалау, ақпараттар адам табиғатының игілігіне айналып, адам оны өз пайдасына еркін жұмсай алуы); интеллектуалды К. (интеллектуалды меншік – кітаптардың, телебағдарламалардың, ашылған жаңалықтардың және т.б. авторлары. Бұл меншік-пайданың қайнар көзіне айналуда). Бұл К. ақпараттық қоғамның тікелей туындысы; саяси К. – саяси іс-әрекет субъектінің еңбегін, саяси әрекетті қоғамның қолдауын, саяси субъектінің жұрт таныған өзіндік платформасының болуын, қоғамдық ұйымдар арасында байланыстың болуын қоғамның мойындауы).

КАРЛЕЙЛЬ Томас (17951881) – ағылшын философы, тарихшысы. Ол француз материализмінің және шотландиялық утилитаризмнің қас жауы болды. Оның көптеген шығармаларының өзекті мәселесінің бірі – ұлы тұлғалардың тарихты жасауы. Тарих мәселелерін қарастыра келе, ол данышпан, ұлы тұлғалар «орташа көпшіліктен» жоғары тұрып тарихты жасайды деген тұжырымға келеді.
Негізгі еңбектері: «Грехи, почитание героев и героическое в истории».

КАРМА (санскрит. – әрекет) – көне үнді діні мен философиясындағы таным. К. танымы бойынша тірі жан иесі өзінің өмірінде жасаған жақсы және жаман әрекетінің жиынтығына сәйкес, кейінгі басқа өміріндегі тағдыры шешіледі. К. бойынша өткендегі әрекеті бүгінгіге, бүгінгісі келешектегісіне ықпал жасайды деп тұжырымдалады.

КАРНАП Рудольф (18. 05. 1891 – 16. 09. 1970) – неміс-американдық философ және логик, логикалық позитивизмнің жетекші өкілінің бірі. Шығармашылық қызметінің алғашқы кезеңінде (XX ғ. отызыншы жылдарына дейін) Веналық кружокқа белсенді қатынасып, логикалық эмпиризм идеяларын (физикализм және т.б.) дамытуға атсалысады. Екінші кезеңінде (1963 ж. дейін) ол ғылым логикасы мәселелерімен айналысып, ғылым тілін талдауға математикалық логика аппаратын қолдануға баса мән беріп, логикалық синтаксис теориясын дамытады. Бұл тұрғыдан ғылым логикасы сөйлемдер, ұғымдар, теориялар арасындағы таза синтаксистік байланыстарды талдаумен айналысады, ал реалдық объектілердің табиғаты, олардың ғылым тілінің сөйлемдеріне қатынасы туралы сұрақтар мүлде тыс қалдырылады, мұндай сұрақтарды ғылыми тұрғыда талқылау мүмкін емес деп санайды. Үшінші кезеңінде «ғылымның унификацияланған тілін» құрумен айналыса жүріп, таза синтаксистік қарастырудың жеткіліксіздігін, ғылыми тіл мен ол суреттейтін предметтік облысының арасындағы қатынасты ескеру қажеттілігі туралы қорытындыға келеді. К. индіктивтік логиканы ықтималдылық логика ретінде түсіндірмелеп, индуктивтік қорытындылардың формалдыланған теориясын құрады, семантикалық ақпарат (информация) теориясын жасақтаумен айналысады. К-тың алған кейбір нәтижелері кибернетика бойынша зерттеулерде қолданыс табады. Оның орыс тіліне аударылған негізгі еңбектері: Значение и необходимость. М., 1959; Философские основания физики. Введение в филсоофию науки. М., 1971. Осы соңғы еңбегінен қомақты үзінді қазақшаға аударылған // Ғылым мен техниканың батыстық философиясы. – Алматы: Жазушы, 2006. – 93 – 151 бб.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет