Қр бғМ Ғк философия, саясаттану және дінтану институтының



бет157/267
Дата20.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#109258
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   267
Байланысты:
Филос Энцикл Создик Документ Microsoft Office Word (2)

Негізгі еңбегі: «Traite’oles sensations».
КОНДИЦИОНАЛИЗМ (лат. – жағдай) – француз физиологы, философы Фервори (1863 – 1921) өзінің таным теориясын осылай атады. Ф. пікірінше, себеп ұғымы көбінесе адамға байланысты айтылатын болғандықтан және ғылыми ұғым болмағандықтан, оны басқа ұғыммен – жағдайлар жиынтығы – ауыстыру қажет. Әлемде тек қана себепке бағынышты бірде-бір құбылыс жоқ. Керісінше, әлемдегі барлық құбылыс жағдайлар жиынтығына байланысты туындайды, өзгереді, дамиды.
КОНСЕРВАТИЗМ (лат. – сақтау) – қоғамдық өмірдің дәстүрлі қағидаларын, құндылықтарын сақтау арқылы революциялық өзгерістерді жоққа шығаруға бағытталған саяси философия. Бұл саяси бағыт XVIII ғ. Э. Берктің, Ж. де Местр т.б. монархизмді жақтаған идеялары негізінде қалыптасты. К-ді қоғамдық топтарға, саяси күштерге, жеке адамдарға тән көзқарас деп те қарастыруға болады. Олар дәстүрді қоғамда тұрақтылықты, тәртіпті сақтауды өздерінің басты қағидалары деп есептейді. Осы тұрғыдан олар реформаларға сенімсіздікпен қарайды. К. үш түрі бар: дәстүршілдік, либертаризм және неоконсерватизм. Дәстүршілдік – классикалық нарықтық капитализмге тән әлеуметтік жағдайды және дәстүрлі әдептілікті сақтауға ерекше көңіл бөледі. Либертаризм – алғашқы капитализм кезіндегі жеке адамдардың шексіз бостандығын дәріптеп, ұжымдық талап-тілектерді жоққа шығарады. Ф. Хайек адамның шексіз бостандығын қолдай отырып, ұжымдықты – құлдыққа апаратын жол деп түсіндірді. Р. Позик социалистік ұстанымдағы барлығына бірдей болу қағидасын сынға алып, жеке меншікті оған қарсы тұра алатын барьер деп санады. Оның түсінігінде, жеке адамның құқықтары ұжымдық талап-тілектен жоғары тұруы қажет. Мемлекет экономикаға араласпауы керек. К-нің үшінші түрі – неоконсерватизм соңғы кезде неолиберализммен көп позицияда жақындасып, оның көптеген идеяларын өздеріне сіңірді: адамның тарихи, әлеуметтік, саяси белсенділігі, саяси және қоғамдық қатынастарды демократизациялау идеясын, билікке, тәртіп пен дәстүрге бұрынғы элитарлық, аристократтық көзқарастардың біразынан арылып, коғамдық ұйымдарға әлдеқайда жақындады. Неоконсерватизм либерализмнің «мемлекет экономикаға араласпауы керек» деген идеясын басшылыққа алғанына қарамастан, мемлекеттік капитализмге қарсы болды. Ол жеке меншікті мемлекеттік меншікке айналдыру, кейбір өндіріс орындарын корпорацияларға беру сияқты саяси идеяларды қолдамады. Неоконсерватизмнің басты қағидаларының бірі өндірісті «социалистік» тәсілмен басқарудың тиімсіздігін мойындау. К. идеялар Ұлыбританияда – консервативті партияның бағдарламаларының, Францияда – голлистік саяси бағытта, Еуропаның басқа елдерінде – христиандық-демократиялық партиялардың бағдарламаларында көрініс тапқан. К. АҚШ-тың Республикалық және Демократиялық партияларының ішінде консерватизмді қанат ретінде кездеседі.
КОНТЕКСТ, кеңмәтін (лат.contextus – қосылу, келісім, байланыс) – мәдениеттануда адамның шығармашылық қызметінің нәтижесінің маңызын айқындайтын, мәдени және әлеум.-тарихи жағдайды жалпы түсіндіру үшін қолданылатын термин.

КОНТРОПОЗИЦИЯ заңы – логикада мақұлданған оң пайымдаудың оны терістеуші пайымдауға өтуін және керісінше, теріс пайымдаудан оң пайымдауға өту заңдылығын айтады. Осы екі қарама-қарсы тұжырымдардың өзара астасуы мен өзгерістерге ұшырау заңдылығы ол зерделеу жатқызылады.
КОНФИГУРАЦИЯ (лат. confіguatіo біріктіру) – басым бағытты мәдени модельге немесе негізгі тақырыпқа әртүрлі мәдени ерекшеліктерді біріктіру. Зерттеу барысында сол мәдениетте тұрақты көрініс тапқан ерекшеліктерді тану (субмәдениетте, мәдени даралық жағдай нәтижесінде).

КОНФОРМИЗМ (көнелат. conformіs тәрізді, ұқсас, сәйкес) – ықпалы күшті, үлгілі, стереотипке сынмен қарамай еріп кету, бейімделгіш, пассивті әлеуметтік іс-әрекет түрі. Мәдени К. – Р. Мертонның айқындауынша, тұлғаның мәдени мақсатты, оған жету жолын сын көзбен сараламай қабылдауы.
Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Қазақ этикасы мен эстетикасы. Т 12. Астана: Аударма, 2005

КОНФЛИКТ (лат. conflіctus қақтығыс) – қарама-қарсы көзқарастардың, пікірлердің, мақсаттардың қақтығысы. К. термині әдетте өнердің әдебиет, театр, кино сияқты салаларының жанрларында қолданылады. Көркем шығармада оқиғаға қатысушы бейнелердің қарама-қарсы іс-әрекет, қимылын көркемдік шиеленіс деп атайды.

КОНЦЕПТУАЛЬДЫҚ (лат. conceptus ой, көзқарас жүйесі) – ХХ ғасырдың 70-80 жылдары модернизмде қалыптасқан бағыт. Өнердегі К-тың ерекшелігі – сол өнердегі идеяны материалистік тұрғыдан қабылдауды теріске шығарудан тұрады. Олар «көркемдік идеяны» (басқаша айтқанда, концептуальдық) көрермен санасына схема, диаграмма, таңба арқылы жеткізуге шақырды. Өнердің өз табиғатын ерекше көрсету бағытын ұстанады.

КОСМОГОНИЯ (грек. kosmos дүние. әлем, ғарыш) – астрономия ғылымының үлкен бір бөлімі космостық объектілер мен жүйесін зерттейтін арнаулы саласы. Дүниенің пайда болуы туралы көне таным дін мен мифте аңыз боп айтылады және оны әлемнен сырт тұрған жаратқан күштің иесі туралы айтылады.

КОСМОПОЛИТИЗМ (грек. kosmopolіtes әлем азаматы) – мәдениетанудың әлемдік азаматтық идеологиясын білдіретін ұғым-термин. Антикалық дәуірде қалыптасқан. ХІХ ғ. ерекше таралымға ие болды. К. ұғымының негізінде әлемдік мемлекет қалыптастыру немесе мемлекеттердің әлемдік федерациясын құру идеясы жатыр. К. идеологиясына сондай-ақ жалпыадамзаттың мәдениетті қалыптастыру және дамыту және әлемдік глобальды мәселелерді шешу жатады.

Көңіл – айналадағы қораған ортаға, жаһанға, ғаламға, ақиқатқа, дүниеге назар салумен байланысатын, олармен өзара үйлесім табуы нәтижесінде орын алатын қилы құбылысты сіңіріп-қорытатын адам жанының сырлы әлемін білдіретін философиялық категория. К. жеке адамның аксиологиялық тұрғыдағы табиғатымен тікелей байланыста бола тұра, адамның құндылықтық пайымдарын қайталай парықтап пайдаланады. К. – адамның жаны мен тәні арасындағы тұрақты қарама-қайшылықты мәмілеге келуін және қайшылыққа түсуін белгілейтін ұғым. Адамның көңілі тоймай, жалғанды бүтіндей қамтығысы келіп, дүниенің толық иегеріндей күй кешеді. Қиянат қылмаған көңіл – адам өміріндегі аса маңызды моральдық сапа. Хадис бойынша, дүниенің бекзаттығы көңілдің байлығында, ақыреттің бекзаттығы тақуалықта болып табылады. К. абстрактілі ұғым, сондықтан да К-дің сан-алуан күйін және тұрпатын айқындай түсетін ұғымдар бейнелі ойлаумен ұштас меңзеу тіркестермен беріледі. К-дің әсершілдік және танымдық мүмкіндігі шексіз. Ғалам ғажайыбынан, сазды әуезден, сөз өнерінің құдіретінен эстетикалық ләззат алып, олардың «көңілге түрлі ой салар» қуатымен ғибраттанып, хақтықтың шапағатын иеленетін де осы К. Мысалы, «Адам ата мен Хауа ана» қиссасында Алла тағала адам денесін жаратқан төрт затының бірі судан адамның төрт қасиетінің бірі – К-дің жаратылғаны айтылады.

КӨШПЕЛІЛІК – шаруашылық-мәдени тип, қуаң даланы игеру тәсілі. Көшпелілік өркениеттілігі б.з.д. мыңыншы жылдықта еуразиялық және афроазиялық аридтік аймақта жайылымдық малшылықты жетілдіру негізінде қалыптасты. Тарихшылар ежелгі, классикалық және кейінгі К-ді атап өтеді. Еуразиялық Ұлы даланың ежелгі К-не сақтар, үйсіндер, қаңлылар, ғұндар, т.б. жатса, түркі-моңғолдық классикалық К-лер ұақытында бұл мәдени тип әлемдік үдерістерге өзінің терең әсерін тигізеді. Ғылыми әдебиетте К. өмір салтының мынандай белгілері айқындалған: 1) мал бағу шаруашылықтың басым түрі, 2) жыл бойы малды табиғи ұстауға негізделген шаруашылықтың экстенсивтік тәсілі, 3) жер жағдайына қарай маусымдық көшіп-қону, 4) қазіргі капиталистік ранчолардан өзгеше шаруашылықтың натуралдық әдістерінің басымдығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет