Қр бғМ Ғк философия, саясаттану және дінтану институтының



бет153/267
Дата20.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#109258
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   267
Байланысты:
Филос Энцикл Создик Документ Microsoft Office Word (2)

КЕҢЕСТІК философия – Сталин қайтыс болғаннан кейін марксизм-ленинизм және диалектикалық материализм тұрғысынан кеңестік философтардың философиялық мәселелерді сыни ойлау негізінде, қалыптасқан маркстік-лениндік концепциялардан аз да болса алшақтауға тырысып, көптеген қайшылықты мәселелерді ашық талқылай бастау кезеңін айтады. Бірақ бұл жаңа идеялар идеологиялық догма қойған талаптар шеңберінен шыға алмай, шын мәніндегі еркін ойлау дәрежесіне көтеріле алмады. Соған қарамастан, К. ф. әлеуметтік-гуманитарлық, қазіргі таным концепциясын әлеуметтік-тарихи тұрғыдан негіздеу, әлеуметтік болмыс пен таным мәселелеріне сүйеніп дүниетанымдық көзқарас қалыптастыру, диалектикалық логика философия тарихын материалистік тұрғыдан қайта қарау, әлеуметтануды кеңестік жағдайға бейімдеу т.б. осы сияқты күрделі мәселелерді қарастырып, біршама жетістіктерге жетті. Бұл салада Батищевтің, Бахтиннің, Ильенковтың, Копниннің, Мамардашвилидің, қазақстандық философтар – Әбдильдиннің, Қасымжановтың, Нысанбаевтың т.б. сіңірген еңбектерін ерекше атап өту керек.

Кеңпейілділік – адамның рухани болмысының өлшемі болатын оң моральдық сапаны анықтайтын этикалық категория. К. жомарттықтың негізгі элементтерінің бірі десек болады. К. – ол адам өзіне керек болып тұрған немесе өзі оған мұқтаж бола тұра өзгенің зәрулігін өтеуге қол ұшын беруге ұмтылатын қасиет. Өзін емес өзгенің қамын ойлайтын, жарлы келгенде ішкен асын жерге қойып, қызмет ететін жандардан болатын адам.

КЕРІ байланыс – тірі табиғат, қоғам және техника – технология жүйелерінің қызмет атқару және даму процесін реттеуді көрсететін негізгі ұғымдардың бірі. Егер тікелей байланыс сигналды (дабылды) жүйенің орталық органынан атқарушы органдарға жіберсе (мыс. ми – қолға, аяққа, ішкі органдарға т.б.), кері байланыс – басқару нәтижелері туралы ақпаратты орталық блокқа жібереді. Күрделі жүйелерде (биологиялық, технико-технологиялық, қоғамдық) кері байланысты болып жатқан процестер туралы ақпаратты жеткізу деп қарастырады. Осы ақпараттар негізінде процесті үдететін, шектейтін, тоқтататын басқарушы шешім қабылданады. Кері байланыс басқарылатын объектінің әртүрлі параметрлерін (мыс. температураның, қысымның қан құрамының және т.б. тұрақты болуын қадағалайды) және организмнің өсуін, тірі табиғат пен қоғамның даму процесін тұрақтандырады.
Кесімді императив – неміс ойшылы Иммануил Кант философиясының ұғымы, жалпыға бірдей, жеке принципке (максиме) қарама-қарсы, міндетті түрде орындалуға тиіс мінез-құлықтық адамгершіліктік ереже. Канттың пікірінше, адам бір-біріне қарама-қайшы екі дүниенің: сезім арқылы қабылданатын феноменалдық және ақыл арқылы танылатын ноуменалдық дүниенің субъектісі. Феноменалдық дүниеде адам табиғи күштерге, қоғамдық ережелерге тәуелді, яғни өзін еркін сезіне алмайды. Ал ноуменалдық дүниеде адам еркін, сезімнен жоғары, рухани-адамгершілік идеалдар мен құндылықтар үстем интеллигебелді дүниенің мүшесі. Яғни, адам екі қайшылықтың – табиғат пен еркіндіктің – арасында таңдау жасауға мәжбүр. Кант осы екі дүниенің өзара байланысын, бір-біріне әсерін мойындай отырып, ноуменалдық бастауды жоғары қояды. Оның тұжырымдауынша, адам ақыл-ойының көмегімен адамгершілік ережелерін жасақтауға қабілетті. Бұл ережелерді Кант екі түрге бөледі: шартты және шартты емес. Шартты ережелерді орындау-орындамау адамның өз еркінде. Мысалы, әрбір адам денсаулығын күткені дұрыс. Бұл ереже жалпы түрде ұсынылады, саулығыңыз туралы бас қатырғыңыз келмесе, ол сіздің жеке проблемаңыз. Ал адамгершілік талаптарды, Канттың пікірінше, әрбір адам орындауға міндетті, оларды Кант абсолюттік адамгершілік заң, бұлжымайтын императив ретінде қарастырады. Адамгершілік заң адамның абсолюттік еркіндігін реттеуші нәрсе. Кант «Сен еркін де ақылды болуға тиістісің» деп жария еткенімен, абсолюттік еркіндік түбі жақсылыққа апармайтынын түсінді, сондықтан да бұлжымайтын императивті енгізді. (Шектеусіз, абсолюттік еркіндік іс жүзінде аморальдыққа ұшырататынының дәлелін тарихтан да, қазіргі өмірден де көруге болады. Гегельдің өзі абсолюттік еркіндікті жан шошырлық нәрсемен теңеуі тегін емес). Бұлжымайтын императив парыз ұғымына негізделген.
Бұлжымайтын императивтің келесі қағидаларында Кант адамға деген талабын күшейте түседі: «Сенің ісің, тәртібің жалпы заң болсын», «Сенің жігеріңді билеуші ереже дүниежүзілік заңдылық негізіне айналатындай қызмет ет». Яғни, басқаларға үлгі болатындай өмір сүру – әрбір адамның парызы, бұл тұжырым адам өмірінің өлшемі деуге де болады. Аталған талап адамнан көп еңбекті, мықты жігерді, ақыл‑ойдың орасан жұмысын қажет етеді, бірақ адамның рухани, адамгершілік, тіпті кәсіби жағынан жетілуіне зор пайдасын тигізетіні күмәнсіз. Парыздың осыншама императивтік күшінің негізін Кант «адам табиғаты мен адам өмір сүріп отырған дүниенің жағдайларынан емес, а prіorі таза ақыл ұғымдарынан іздеу қажет» деп түсіндіреді. Ол адамның адамгершілікті өмір кешуі қажет екендігін оның ақылы, парасаты талап етеді, сондықтан адам ақылының бұйрығын міндетті түрде орындауы керектігін ерекше ескертеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет