Қр бғМ Ғк философия, саясаттану және дінтану институтының



бет159/267
Дата20.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#109258
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   267
Байланысты:
Филос Энцикл Создик Документ Microsoft Office Word (2)

Күнә (парсы. – қылмыс, айып) – шариғат заңдарына, діни қағидаларға қарсы іс-әрекетті, мінез-құлықты білдіретін этикалық категория. Ислам дінінде ең үлкен күнә ширк, яғни Алла Тағаланы жоққа шығару немесе оған тең келетін құдірет иесі бар деп сену. Бұл К-ні Алла Тағала кешірмейтіндердің біріне жатады. Ал бұдан басқа үлкенді-кішілі К-ларды қаласа кешіреді немесе соған лайық жаза беруі мүмкін дейтін наным бар. Ислам дінінде үлкен К-лар қатары туралы әртүрлі көзқарастар бар: ата-ана қарғысына ұшырау, сиқырмен айналысу, кісі өлтіру, жалған куәгерлік жасау, ұрлық, парақорлық, құмарпаздық, арам етілген нәрсені пайдалану, екіжүзділікке салыну сияқты мінездер. Кейбір исламдық ғалымдар үлкен К-лар санын 300-ге дейін жеткізеді. Ал кіші К-лар саны шексіз болып есептеледі. Құранда: «Күнә істеуге және шектен шығуда көмектеспеңдер. Алладан сақтаныңдар, Алланың жазасы қатты болады» – деп келтіріледі. Сондықтан ислам діні «…Алла сендердің күнәдан аулақ болғандарыңды, мүлде пәк болғандарыңды қалайды» (Ағзаб сүресі, 33-аят) баса дәріптейді. Әбу Ханифа күнә жасаған адамның иман шеңберінен мүлдем шығып кетпейтіндігі туралы көзқарасты көрсетеді. Ол: «Иманы бола тұра кейбір парыздарды орындамаған адам күнәһар мумин болып табылады» – деп айтады. Исламда күнәні адам нәпсіге жеңіліп жасайтыны баса айтылады. Осыған орай Әбу Ханифа: «Ол Алланы жақсы көрмегендігінен емес, нәпсісінен жеңіліп қалғандықтан Аллаға қарсы келеді» – деп жауап береді. Күнә муминге зиян келтіріп, тозаққа кіруіне себеп болады деп есептеледі. Аллаға және пайғамбарға иман етуде күнәлі болған адаммен, оларға сеніп, иман еткен адамдардың күнәсі бірдей емес. Әл-Ашари бойынша, кейбір үлкен күнә жасаған муминдер пайғамбардың шапағатымен тозақтан құтыла алады. Соңғы шешім тек Алладан болады, Алла қаласа жазалайды, қаласа кешіреді. Хадис бойынша, «күнәнің жуылуы – шын жүректен өкіну» болып табылады. Ислам дінінде күнә істегені үшін шын жүректен өкініп тәубесіне келген Алланың ықыласына бөленетін болады. Тағы бір хадисте: «…Дін жолындағы күресте қиыншылыққа сабырлы болып, Алла тағаланың сауабымен үміт етсең, артқа шегінбей, тек алға қарай ұмтылып жан тапсыратын болсаң күнәларың кешіріледі» делінген. Ислам дінінде ата-ананы қадірлемеу – ауыр күнә болып есептеледі. Осыдан ата-анаға не істесең, алдың сол келеді, әкесін сыйламағанды, баласы сыйламайды деген бар қазақ әдебінде. Ата-анаға қатігездік жасаған адам дүниедегі ең күнәсі көп, адамдық ардан безген жан болып саналады. Сонымен бірге, мұсылмандық қағида бойынша, патша адамды күнәлі іске бұйырса, оны орындамауға болады және оның әміріне көнбеуге болады. Ф.Ницше «күнәнің әлемге енуін» тек ақылдың адасуымен байланыстырады.
Әдебиет: Ислам. Энциклопедиялық сөздік. – Алматы: Аруна, 2009; Құран Кәрім аудармасы, Алматы. – Дәуір – 2003

КІСІЛІК – қазақ халқының философиялық дүниетанмында ерекше орын алатын ұғым, адам болып өмір сүрудің жоғары деңгейін білдіреді. Қазақ адамгершілігі биік, ағайын-бауыр, дос-жаран арасында, жалпы қоғамда беделді адамын «жақсы кісі» деп сипаттайды. К. «жақсы адам» ұғымынан жоғары. Жақсы адам өзіне, шағын ортасына ғана жақсылық жасауы мүмкін. Ал кісілікке өзі мен туған-туысқандарының қамын ғана емес, бүкіл қоғам мүддесін көбірек ойлаған адам жетпек. К. адамның рухани байлығының өлшемі, ол материалдық байлықтан жоғары, адамның адамгершіліктік сипатын көрсетеді. «К.» ұғымын түркі дүниесінің ғұлама ойшылы Жүсіп Баласағұн жақсы талдады (Сөздіктің «Жүсіп Баласағұн» бөлімін қараңыз). Қазақтың белгілі жырауы Шалкиіздің толғауларындағы «кісі» ұғымы жақсы мен жаманның диалектикасының, ізгілік пен зұлымдықтың дихотомиясының нәтижесі, ол: «көрінгеннің бәрін кісі демеңіз» дейді. Табиғат берген ақылды даналықпен, көргенділікпен және мейірімділік, жанашырлық, адалдық, қарапайымдылық секілді жақсы қасиеттермен ұштастыра білген, қиындықта басқаға қол ұшын беруге дайын адам ғана кісілікке жете алады. Яғни, қазақ халқы К-ті қоғамнан тыс қарастырмайды. К. «пенде» ұғымына қарама-қарсы ұғым. Екінші ұғымда адамның психобиологиялық негізі басым болса, «кісілік» ұғымында рухани табиғат, әлеуметтік мән басым. Қазақтың түсінігінде, адамның өмірлік мақсаты да – осы К-ке жету.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет