Қр бғМ Ғк философия, саясаттану және дінтану институтының


(гр. аxioma – мақұлданған қағида



бет18/267
Дата20.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#109258
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   267
Байланысты:
Филос Энцикл Создик Документ Microsoft Office Word (2)

АКСИОМА (гр. аxioma – мақұлданған қағида) – белгілі теорияда дәлелденбейтін тұғырда алынатын және одан (немесе оның жиынтығынан) теорияның барлық басқа сөйлемдері ондағы тұжырымдау ережелері бойынша қорытып шығарылатын қайсібір ғыл.теорияның бастапқы тұжырымы (сөйлемі). Ежелгі заманнан ХІХ ғ. ортасына шейін А. интуитивті айқын және априорлы ақиқат сөйлемдер деп қарастырылды. Бұл ретте адамның практикалық таным әрекеті мен қатыстылығы назардан тыс қалып келді. Адамның практикалық әрекеттері миллиардтаған рет қайталана отырып, адам санасында логика логикалық бейне болып қалыптасады, сөйтіп көп рет қайталануы себепті аксиомалар мәніне ие болады. Қазіргі аксиомалық әдіс А-дан бір ғана шарттың орындалуын осы теорияның барлық басқа сөйлемдерін қабылданған логикалық ережелер көмегімен түйіндеу үшін бастапқы қағидалар болып қалуын талап етеді. А-ның ақиқаттығы туралы мәселе не басқа бір ғылыми теориялар шеңберінде, не осы жүйенің интерпретацияларын (интерпретация және модель) табу барысында шешіледі: кейбір формальді аксиомаланған жүйенің осы немесе басқа бір пәндік салада жүзеге асырылуы осындағы қабылданған А-ның ақиқаттығын дәлелдейді.
Әдебиет: Философиялық энциклопедиялық сөздік. М, 1983.

АКСИОМАТИКАЛЫҚ ӘДІС – ғылыми теорияларды құру әдістерінің бірі. Белгілі бір ғылыми теорияны А. ә-пен құру деп аксиомалар жүйесінде алдын ала белгіленген логикалық ережелер бойынша теоремаларды (салдарды) алуды айтады. Бұл әдіс матем. дәлелдемелердің дедуктивтік сипатын анықтайды. Ол туралы алғашқы түсінік Ертедегі Грецияда (Аристотель және Эвклид еңбектері) пайда болған. Интуитивтік немесе мазмұнды аксиоматика. Бұның үлгісі – Эвклидтің «Бастамалары». Ертедегі гректердің матем. ой-өрісі осы «Бастамаларда» жинақталып біріктірілген. Ол кезде ғылымды аксиомаландыру оның тілін емес, қайта тұтас геом. білімді қамтыды. А. ә-ті осылайша түсінуді мазмұнды аксиоматика деп атайды. Ньютон классикалық математиканы, Декарт пен Лейбниц математиканы және Спиноза этиканы құруға А. ә-ті пайдаланған. Бірақ олар А. ә. Жайындағы ілімге ешбір жаңалық енгізбеді. А. ә. тек ғылыми-зерттеудің жаңа объектісін тануға ғана пайдаланылды. Мазмұнды аксиоматиканың кемшіліктері ашылған соң, ол математика мен ғылым дамуында басқадай жетілген аксиоматикамен ауыстырылды. ХІХ ғ-дың 2-жартысынан бастап математика мен логиканы негіздеуге байланысты формальды аксиоматика пайда болды. Сөйтіп, аксиоматикалық теория формальдық жүйе ретінде қарастырылатын болды. Осының нәтижесінде аксиоматика арқылы эвклидтік емес геометриялар құру мүмкіндігі анықталды. Математиканы формальдау, формальды есептеу ретінде зерттелетін жасанды тілді құру және табиғи тілдің таңбаларын ауыстыру арқылы модель әдісімен байланысты қиыншылықтан құтылу программасы күн тәртібіне қойылды. Бұл формалистік программа еді. Өйткені үздіксіз дамуда болатын математиканы қатып қалған аксиоматикалық шеңбермен шектеуге мүлде болмайды. Матем. білімнің мазмұны мен формасы теорияның формальды қайшылықсыздығы мен мазмұнды құрылымы арасындағы қайшылықты Гильберт программасы шеше алмады. Гедель бүкіл математика үшін тұтас аксиоматика жүйесін құруға және матем. білім түгіл арифметиканы толық формальдауға және аксиомаландыруға мүлде болмайтындығын тамаша дәлелдеді. А. ә. бар білімді жүйеге келтіру және жаңа теориялар жасап шығару үшін қажет. Ол матем. теорияларды біріктіріп, олардың ортақ элементтерін табуға көмектеседі. Соңғы жылдары А. ә. физиканың жаңа салаларында, теориялық биологияда, лингвистикада, космологияда жиі қолданылады.

АКЦИДЕНЦИЯ (лат. accidentia – кездейсоқ жағдай, кездейсоқтық) – заттың уақытша, өткінші, мардымсыз, кездейсоқ қасиетін (маңызды, субстанциалды қасиетінен айырмашылығы) білдіретін философиялық ұғым. Бұларды алып тастау заттың мәнін (заттың мардымсыз қасиетін) өзгертпеуі мүмкін. Алғаш рет А. ұғымын Аристотель «Метафизика» және «Физика» еңбектерінде қолданған. Кейіннен Порфирий «бөлінетін» (түс көру) және «бөлінбейтін» (адамның терісінің түсі) А. туралы пікірлерді дамытады. А. туралы ойлар схоластикалық дәстүрде де таралған, онда заттың кейбір қасиеттерінің субстанциядан тыс бола алатындығы көрсетіліп, оны «шынайы А.» деп атайды. Декарт пен Гоббстың «шынайы А.» идеясының жақтастарымен пікірталастарының нәтижесінде Спиноза А. ұғымынан бас тартып, оның орнына «модус» (субстанцияның жекеленген нақтылы көрінісі) терминін енгізеді. Бұл ұғымды сондай-ақ Кант, Фихте және т.б. философтар қолданған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет