Қр бғМ Ғк философия, саясаттану және дінтану институтының


МОДЕРНИЗМ (франц. moderne –



бет188/267
Дата20.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#109258
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   267
Байланысты:
Филос Энцикл Создик Документ Microsoft Office Word (2)

МОДЕРНИЗМ (франц. moderne ең жаңа, қазіргі) – XІX ғ.-дың. соңы ХХ ғ-дың ортасына әдебиет пен өнерде мәдениетте қалыптасқан филос.-эстетикалық қозғалыс. М. өнерде болып символизм (П. Верлен, А. Рембо, С. Малларме, О. Уайльд, В. Соловьев, А. Блок); эмпрессионизм (Г.Тракль, Ф. Кафка, Э. Мунк, А.Шенберг) және акмеизм (А. Ахматова, А. Гумилев, О. Мандельштам) арқылы көрініс тапты. М. реализмге қарсы қойылады. Бұл ретте М. өмір болмысты бейнелеуге емес, өз шындығын көрсетуге ұмтылады. Модернисттер үшін өмір шындығы ұғымы – аллюзиялар, реминисценциялар. Мұнда негізгі ұғым цитаталар, реминисценциялармен толыға, ұлғая келе интермәтінге айналатын «мәтін» болып табылады. Жеке адамның жан-дүние,сезімдерін бейнелеу идеясы екінші қатарға кетіп, алғашқыға сана шығады. М-ді норвегтік сыншы Э. Ховардсхолм шындыққа жанасу талабын жоққа шығаратын және айнала шындықты өзге аспектіде қабылдайтын өнер деп анықтайды. М. ұқсастық принципіне негізделген өнер өз мүмкіндіктерін тауысқан, өлі, біздің өмірге деген қарым-қатынасындағы ешқандай жаңалық әкелмейтін өнер деп таныды. Өнердің өзегі сыртқы планнан ішке ойысты: бұл ретте суреткердің міндеті өмірмен қарым-қатынасқа өзінің жеке көркемдік әлемі аясында түсу, оқырман мен көрерменге шығарм. процеске мейлінше көбірек қатысуға мүмкіндік беретін таза субъективтік өнер жасау.



Модус (лат. Modus-өлшем, тәсіл) – жаңа дәуір философиясында нәрсеге тек әредікте ғана қайталанатын қасиетпен белгілеуге арналған филос. термин. Ол атрибуттан өзгеше қасиет. Спинозаның философиясында М. субстанцияның барлық өткінші күйлерін айтады күйлердің болмысының себебі оның өз ішінде емес, субстанцияда және оның атрибуттарында; М. заттардың шексіз көптігін және біртұтас, мәңгі және шексіз материалдық субстанцияның көрінісі болып табылады және оның екінші қасиеттерін білдіреді.

Монтень Мишель де (1532 – 92) – қайта өрлеу дәуіріндегі фр.философы. М. ілімінің түп негізі – скептицизм. Оның пікірінше адам күмәндауға хұқылы. Орта ғасырлық схолостика, католик дінінің догмалары, құдай тұралы христиандық ұғымның өзі де күмән тудырады М. жанның өлмейтіндігі жайлы діни ілімді жоққа шығарып, сананы материяның ерекше қасиеті деп білді. Агностицизммен салыстырғанда М.-нің скептицизмі дүниені танып білудің мүмкіндігін текке шығармайды. Оның моралінің басты принципі: адам діннің уағыздайтын о дүниедегі жұмақты жай ғана күтіп отырмай, бұл дүниедегі, Жер бетіндегі бақытқа да ұмтылуға тиіс.

Монтескье Шарль Луи (1689 – 1755) – фр. ағартушысы-философы, саяси ойшыл, социолог әрі тарихшы. Дүниетанымы бойынша – деист. М. қоғамдық адамгершілік тәртіптерді сақтаудағы діннің белгілі бір ролін мойындағандағымен, теология мен шіркеуді қатты мынға алды. М. қоғам мен табиғат құбылыстары бағытынан жалпы заңдылықтар идеясын дамытты. Провиденциализмді жоққа шығара отырып, ол заңды «заттар табиғатынан туатын қажетті қатынас» деп түйді. Табиғи хұқ теориясының жалпы алғышарттарын мойындай отырып, М. дәйекті рационалистік концентрацияларды жақтаушыларға қарағанда, бұл теорияға сәйкес қоғамдық заңдардың әмбебап жүйесін жасау мүмкін емес деп санады, өйткені халықтардың өмір жағдайлары түрліше болып келеді. Осыдан басқару заңдары мен формаларының әртүрлілігі шығады. М. социологиядағы геогр. бағыттың негізін салушылардың бірі болды, қоғамдық тәртіптер мен әдет ғұрыптардың қалыптасуында климаттың, топырақтың, жер қыртысының т.с.с. ерекше маңызын атап көрсетті. Сонымен бірге М. қоғамдық ортаның роліне үлкен мән беріп, оның саяси құрылыс пен заңдар ұғымымен сәйкестігін тұжырымдады. Феод. абс. тәртіптерді сын төзіне алып, бурж. мен дворяндықтың саяси ынтымағының идеологы ретінде, орташа конституциялық монархия идеясын және өкімет билігін бөлісу принципін жақтады.
Негізгі шығармалары: «Парсы жазбалары», «Римдіктердің шарықтауы мен құлдырау себептері туралы толғаныс», «Заңдар рухы туралы».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет