МИФОЛОГИЯ – а) адамның өзін таныту құралы, адамның шығарм. қабілеттерін айқындаудың ежелгі, мәңгілік бітімі. Ол адамзат мәдениетінің барлық типтері мен бітімдерінің негізінде жатыр; б) миф теориясы немесе оның түсініктемесі. Мифтің жалпыға ортақ теориясы жоқ. Бірақ мифті түсіндіру мен зерттеу үзіліссіз жалғасып келеді. Алғаш рет миф философиясын Дж. Вико ұсынды. Ол миф қиял ойыны ретінде қалыптасады деп санады. Одан кейін, XІX ғ. ортасынан бастап М. этнографиялық материал ретінде зерттеле бастады. Э.Тайлор «Алғашқы қауымдық мәдениет» кітабында М. мен діни нанымдар негізінде анимизм жатады деп жазады. Бұл – қоршаған дүние туралы алғашқы қауымдық «балалық» таным ой. Түс көру, өлген адамның жаны туралы түсініктер ежелгі адамды «балалық» ойларға жетеледі. Г. Спенсер М. – таным құралдары мен мүмкіндігінің шектеулігінен туындаған құбылыстардың сырын қате түсіну (түсіндіру) деп санады. Дж. Фрезер үшін М. – магиялық әрекетті ақылға салып, әдеби тіл арқылы пайымдау. Мыс., қартайған көсемді өлтіру – ритуалына құдайдың өлімі туралы миф сәйкес келеді. Психологиялық мектеп пен оның өкілдері ( В. Вунд, Л. Леви-Брюль, З. Фрейд, К.Г. Юнг) мифошығарм.-тың негізінде алғашқы қауым адамының дүниені қабылдауының ерекшеліктері жатыр, ол бір нәрседен туындаған сезімдерді, эмоцияларды сол құбылыстың немесе нәрсенің өзіне тән қасиет ретінде қабылдады деп санайды. ХХ ғ. әлеум. антропологияда Б. Малиновский мен К. Леви-Строс теорияларының ықпалы жоғары болды. Малиновскийдің пікірінше, М. – құбылыстың түсіндірмесі, яғни теория емес, ол шындық ретінде пайымдалған сенімнің көрінісі. М. – бұл белсенді әлеуметтік күш , Леви-Строс жеке мифті емес, олардың жиынтығын – таңбалық моделдендіруші жүйе ретінде қарастырады. М-лық ойлау тәсілі ой түйіндеуге, логикалық талдау жасауға қабілетті. Ол үшін таңбалық моделдендіруші жүйе ретінде миф құрылымы – қарым-қатынас құралы ретіндегі табиғи тілдің аналогы. Миф семантикасында жұптық (бинарлық) қарама-қарсылықтың: жоғары-төменгі, өмір-өлім және т.б. маңызы зор. Бұл оппазициялар сананың түбегейлі қайшылықтарын бейнелейтін-ді, ал М-лық сана оларды біріктіруге тырысады. ХХ ғ. мәдениетінде миф аса маңызды рөл атқарды: Бұл дәуірдің барлық мәдениеті іс жүзінде мифологиялық болып келеді; бұл мәдениеттануда «жаңа М-лық сана» (неомифология) анықтамасына ие болды.
Модель (фр. Modele – үлгі,пішін) – зерттеу үшін арнайы жасалған бір объектіде басқа бір объектінің сипаттамасын қайта жаңғырту. Бұл М. деп аталады. Объектінің өзін тікелей зерттеу мүмкін болмаса, қиын әрі қымбатқа түссе не көп уақыт жұмсауды қажет ететін болса онда М-дің қажеттігі туады. Зерттеушіні қызықтыратын объекті мен оның моделінің арасында белгілі бір ұқсастық болуы тиіс. Ол М. мен объектінің физ. сипаттамасындағы ұқсастық немесе объекті деп М. атқаратын қызметтің ұқсастығына, не объекті мен оның М-інің «мінез құлқының» матем. түсіндірмесінің тепе теңдігі болуы мүмкін. Әрбір нақты жағдайда М. өзінің рөлін объектіге сәйкестігін мүмкіндігінше толық анықтағанда ғана орындай алады. Мұдай сәйкестікті анықтаумен кейбір «ұқсастық критерийлерін» зерттейтін «ұқсастық теориясы» деп аталатын теория шұғылданды. М-дің табиғатына және ол сәйкес келуге тиісті объектінің жақтарына байланысты модельдерді «физикалық» не «математикалық» деп ажыратады. «Физикалық» М-ге қарағанда «математикалық» М. модельденетін объектіден гөрі физ. табиғаты өзгеше сипаттама түрінде іске асырылуы мүмкін. Тек объектінің модельденетін қандай матем. формулалармен түсіндірілсе, модельдің белгілі жақтары да сол формулалармен түсіндірілуі міндетті. М-дер мондай ақ «толық» немесе «жарым жартылай» болуы, объектінің кейбір қасиеттерін немесе оның орындайтын қызметін көрсетуі мүмкін (соңғы жағдайда М. функционалдық деп аталады) және т.с.с. Алайда түрлі М-дердің арасындағы шекара шарты айтарлықтай болып келеді. Қазіргі кезде электрондық есептеу машиналарында және М-деуші электрондық құралда М. кең өріс алды. Мұндай «М-дердің» негізгі артықшылығы олардың әмбебаптығы, қолайлылығы шапшаңдығы, және зерттеуге кететін шығынының аздығы. Табиғатты түрліше объектілерде (ең алдымен тірі организмдермен машиналарда) жүзеге асатын қызметтердің негізделген М-деу әдісі кибернетиканың негізгі бір бөлігі болып табылады. Экономиканың матем. М-дерін жасаудың (және соның негізінде экон. процестерді алдын ала болжаудың және оларды ЭЕМ-ді пайдалану арқылы басқарудың), күрделі және аса күрделі жүйелерді (экон. және демогр. процестерді) модельдеудің үлкен маңызы бар. ЭЕМ-нің көмегімен матем. М-дің жетістіктері алдын ала белгіленген жаңа хим. және биол. материалдар, тех. жүйелер жасау үшін тікелей тәжірибелер (М-дік тәжірибе) қолдану қажеттігінен құтылуға мүмкіндік береді. Ойлау процесінің М-і жалпы.ғыл. танымның бір тәсілі ғана. Сезімдік және логикалық М-дер жасау процесінің негізгі заңдылықтары таным теориясының түрлі тарауларында (ең алдымен ақиқат жайлы ілімде) зерттеледі; оның жетістіктері М.-дің ғыл.тех. теориясы мен практикасының негізін құрайды. Бұлардың диалект. таным теориясын одан әрі дамытып, нақтылай түсудегі маңызы үлкен.