Қр бғМ Ғк философия, саясаттану және дінтану институтының



бет189/267
Дата20.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#109258
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   267
Байланысты:
Филос Энцикл Создик Документ Microsoft Office Word (2)



Мораль – адамдар өздерінің мінез-құлықтарында басшылыққа алатын, олардың бір-біріне, қоғамдастықтың әртүрлі формаларына қатынасын білдіретін принциптердің, ережелердің, нормалардың жиынтығы. М. – қоғамдық сананың ең көне формаларының бірі. Өзін сақтап қалу үшін қоғам адамдардың бәрі ұстануға тиіс ережелер қалыптастырып, олар арқылы жалпы адамдардың, жыныстардың және ұрпақтардың арасындағы қатынастарды реттеп отырды. М-дың пайда болуы туралы бірнеше концепциялар бар.

  1. Діни түсінік бойынша, адамгершіліктік заң адамға сырттан, құдайдан беріледі.

  2. Эмпирикалық концепция М. адамның, оның тәжірибесінің, тарихының дамуының, әдеп-ғұрыптары мен дәстүрлерінің қалыптасуының жемісі деп түсіндіреді.

  3. Автономдық концепция бойынша М. адамға әуелден, генетикалық деңгейде берілген, сондықтан ол салыстырмалы түрде өзгеріске көп ұшырамайды және адамдардың индивидуалдық сапаларына байланысты әрбір адамда әртүрлі.

М-дың ұлттық, таптық және жалпыадамзаттық сипаты бар. Кезінде таптық М-ға шектен тыс назар аудару, оны әсірелеу қоғамға белгілі бір деңгейде зиян әкелгені белгілі. Қазіргі уақытта ұлттық М-дық құндылықтарды жаңғырту – ұлтты сақтап қалу, мысалы, қазақ ұлтын сақтап қалу факторы ретінде қарастырылып отыр. Бұл дұрыс қадам деп мақұлдай отырып, М-дың жалпыадамзаттық сипатын да естен шығармауымыз керек. Қоғамдық сананың басқа формаларымен салыстырғанда М. ең басты десек, артық емес, себебі адамның адами сипаты оның бойындағы адамшылығы арқылы, қоғамның даму деңгейі оның адамгершіліктік келбеті арқылы анықталатыны сөзсіз.

Моральдық құндылықтар. Адамның ішкі рухани өмірінде жақсылық, абырой, ар-намыс, парыз сияқты моральдық Қ-тардың бар екенін ешкім де теріске шығармас. Осы және т.с.с. рухани Қ-тарды жан-дүниесінде сақтап қалу үшін ол көп нәрселерден айырылуға дайын. Біздің ойымызша, моральдың арқауын «тұлға мен қоғам» арасындағы қарым-қатынастардан іздеу керек. Өйткені, адам басқа кісілермен сан-алуан байланыс, өзара іс-әрекетке түсіп қана өмір сүре алады, ол оның әлеуметтік табиғатын көрсетеді. Бұл арада моральдық сананың ережелік, нормативтік ерекшелігін алға тартуға болады, өйткені, күнбе-күнгі адамдардың миллиондаған іс-әрекетін ретке келтіру үшін олар ереже, қағида, идеал ретінде қорытылады. Моральдық сана шындықты алдын-ала болжай алады, оның талаптары күнделікті өмірлік қатынастардың әр жағына өтіп, бізді тиістік әлеміне әкеліп тірейді. Бұл арада біз моральдың аксиологиялық (Қ.) жағына келіп тірелеміз. Расында да, моральдық норма арқылы ғана өзіңнің, я болмаса, басқаның жүріс-тұрысын бағалауға мүмкіндік аласыз. Олай болса, ол тек қана бізге қоғам өмірінде өзіңді қалай ұстау керек екенін көрсетіп қана қоймай, адамның ішкі руханиятының ажырамас бөлігіне айналады. Моральдық қағидалар адамдардың мәндік қасиеттерін құрайды. Сондықтан, адамның моральдық қағидаларды таңдап оны өз құндылықтарына айналдыруы оның өмір бағыты мен өмір салтын анықтайды. Сол себепті, саясаттан бастап нақтылы күнбе-күнгі адамдардың қарым-қатынасына дейін барлық әлеуметтік құбылыстар моральдық тұрғыдан бағаланады.
Моральдық қағидалар біздің алдымызға абстрактылық жалпыға бірдей талаптар қояды. Өмірдегі нақтылы қарым-қатынастар оның мазмұнын біршама өзгертуге мәжбүр етеді. Мысалы, ерлік пен батылдық абстрактылық тұрғыдан алғанда – жақсы құндылықтар. Қиын-қыстау жағдайларда әр азамат өз елін қорғау жолында бұл қасиеттерді көрсете білу керек. Сонымен қатар, батылдық жемқор шен иелерінің, я болмаса, қылмыскерлердің де қасиеті болуы мүмкін. Уақытында Гитлер неміс халқына «мен сіздерді ар-ұждан сияқты құбыжықтан босатамын», – деген болатын. Осы уақытқа дейін фашизмнің жасаған сансыз зұлымдығы адамзаттың есінде қалуда. Өз халқымен күресіп, оны тарихтағы болмаған қуғын-сүргінге, репрессияға ұшыратқан сталиндік тоталитаризмге де сондай баға беруге болады. Дүниежүзілік тәжірибе көрсеткендей, қандай да болмасын тоталитарлық қоғам мен бүкіл адамзаттық моральдық қағидалар ешқашанда бір-бірімен ымыраға келмейді.
Бұл арада біз моральдың бүкіл адамзаттық қарапайым қағидаларына келіп тірелдік. Олар бір қарағанда тұрпайы сияқты болғанымен қазіргі адамзат тағдырына өте маңызды болып отыр. Өйткені, тек қана бірлесіп, сабырлық пен төзімділік, қайырымдылық көрсетіп, зұлымдыққа жол бермей, мемлекеттер арасындағы қайшылықтарды шешіп, ядролық соғыс пен экологиялық апатты болдырмауға болады. Сол сияқты нақтылы адами қарым-қатынастарда да төзімділік пек адалдықтың, біреудің қайғысына ортақ болу, аяушылық, үлкенді сыйлау, әке-шешеге риясыз құрмет көрсету т.с.с. Қ-тардың маңыздылығын асыра бағалау қиын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет