Қр бғМ Ғк философия, саясаттану және дінтану институтының


(франц. altruіsme, лат. alter – басқа



бет24/267
Дата20.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#109258
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   267
АЛЬТРУИЗМ (франц. altruіsme, лат. alter – басқа) басқаның мүдделері үшін өзімшілдікті тежеп, оған жанқиярлықпен қызмет етуге дайындықты білдіретін ізгілік принципі. Ғылыми қолданысқа А-ді эгоизмге қарсы ұғым ретінде О.Конт енгізген. Эгоизм мен А-нің арақатынасы бүкіл этика тарихында арқау болған мәселелердің біріне жатады. «Егер мен өзім үшін болмасам, онда кім мен үшін?», «Мен басқа үшін емес өзім үшін өмір сүгім келеді» деген дұрыс мағынадағы өзін сүю А-тік қағидалармен толықтырылып отырылу қажет. «Егер мен тек өзім үшін болсам, онда менің керегім де жоқ», дейді альтруист. Шынайы А. руханилықпен, басқа адамдардың қасиеттілігін мойындаумен, басқаға деген жылылықпен сомдалып отырады. А. принципі адамгершіліктің алтын ережесінде тұжырымдалған: «Өзіне не тілесең, басқаға да соны тіле!». А-нің таза көрінісіне аналық махаббат жатады. Қазақтың дәстүрлі мәдениетінде А. кісілік қасиеттермен, басқаға деген жылы көңіл-күймен, сұхбатшылдықпен т.б. анықталады. Ұлы Абай айтқандай, «бұл Алла махаббатпен жаратқан адамзатты; сондықтан сен де сүй сол Алланы жаннан тәтті». Шынайы А. өмір ләззаттарынан бас тарту да, аскетшілдік пен тақаушылдық та емес. Қазіргі әлемдік мәдениеттегі бейбітшілдік, келісімдік, күш көрсетпеу, әмбебаптылық пен жалпы ғаламдық приоритеттер идеялары А-ның жаңа қырларын айқындайды.
Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Т. 12. Қазақ этикасы мен эстетикасы. Астана: Аударма, 2007; Мәдени-философиялық энциклопедия. Алматы: Раритет, 2007; Философия. Энциклопедический словарь. – М., 2004. – С. 28-29.

АМАНАТ – жеке адамның, әлеуметтің, елдің, ұлт пен ұлыстың моральдық болмысынан сенімді ақтау формасында көрінетін этикалық-аксиологиялық категориясы. А. адам мен адамның бір-біріне сенуінен, оның адамгершілік қасиетіне, кісілік мінезіне, ізгілік ниетіне, имандылығына, адалдығына, әділдігіне, кішіпейілділігіне, азаматтығына, қайырымдылығына, елжандылығына, бауырмалдылығына, ізеттілігіне, білімділігіне, көрегенділігіне, көргенділігіне, ибалылылығына, ұяттылылығына, намыс пен уәдеге беріктілігіне және т.б. оң моральдық құндылықтарға үміт артуынан туындайтын этикалық бірлік. А. тапсырма, міндет, өсиет мағынасында қолданылады. А. мұсылмандық этикада ешқандай ақысыз тапсырылып, жүктеліп отыратын әрі А. алған адамның оның орындалуын өзіне парызға балап, адамдық, кісілік іс деп білуі. Ең алдымен, А. негізінде сенім жатады. Екіншіден, А. орындаушы үшін парыз болып табылады. Ол А. алған адам үшін міндеттілікке айналады. Осыдан қазақтың: «Аманатқа қылма қиянат» деген өсиет сөзі келіп шығады. Мысалы, рух – Алланың өзінің жақсы қасиеттерімен адамға берген аманаты. Сондықтан, шынайы мұсылман аманатты орындап, рухты таза сақтап, өсіруге міндетті. Олар А-ты орындау мәселесін ерекше моральдық құндылық деп танып, аса зор мән берген және оны орындамау кешірілмес үлкен күнә болып есептелген. А. екінші адамға қарыз деп саналған. Сондықтан А-ты алу өте жауапты, қиын іс болып есептелген. Мыс., Қайқаус: «Аманаттың қиындығы үш түрлі. Біріншісі – аманатты өз малыңнан мұқият сақтаймын деп әуреленесің, екінші – сұраған уағында беруің шарт, үшіншісі – аманатты жоғалтып алсаң, иесінен үлкен ұятқа қаласың. Аманатты қабылдама, қабылдаған соң оны сақтап, түймедей түгел иесіне тапсыруың қажет. Бұл жомарттықтың жолы деуге болады» – деп көрсетеді. А. адамның адамның жоғары рухани жетілуінің, биік имандылық пен кісілік қасиетінің, жоғары этикалық мәдениетінің көрсеткіші ретінде бағаланады. Жат жерде жазым болған батырлардың, ел-жұртына сәлемі, кемел дананың келер ұрпаққа өсиеті, өлім аузындағы адамның сары ауыз бала-шағасын, ғазиз жарын немесе кәрі ата-анасын жан досына аманаттауы осындай парыз-қарызға жатады. Шәкәрім философиясының орталық идеясы, аманатпен байланысты болған: «Үлкенге құрмет, кіші – үлкенге аманат» деген. Оны орындамау аманаттаушының алдындағы ғана емес, құдай, әруақтың алдындағы да үлкен күнә болып саналады. Бүкіл мұсылман халқы осындай танымды ұстанған биік мораль философиясымен өмір сүреді. Сонысымен рухы биік, болмысы асқақ, жүзі жарқын болған. Аманатты ант-су ішпей-ақ, құжаттап хаттама жазбай-ақ, құдай алдындағы, пенде алдындағы, ар-ождан алдындағы міндет хақында мүлтіксіз орындап отыруға тырысқан.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет