Қр бғМ Ғк философия, саясаттану және дінтану институтының


Әдебиет: Бор Н. Атомная физика и человеческое познание. М., 1960; Руднев В.П. О достоверности.//Логос. 1997.. Вып. 9.Налимов В.В. Вероятностая модель языка. М., 1979



бет243/267
Дата20.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#109258
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   267
Байланысты:
Филос Энцикл Создик Документ Microsoft Office Word (2)

Әдебиет: Бор Н. Атомная физика и человеческое познание. М., 1960; Руднев В.П. О достоверности.//Логос. 1997.. Вып. 9.Налимов В.В. Вероятностая модель языка. М., 1979.


ТОМИРИС, Т ұ м а р – біздің заманымызға дейінгі бір мыңыншы жылдары бүкіл Еуразия даласын мекендеген скиф-сақ тайпаларының бірі массагеттердің батыр, жауынгер әйел патшасының аты. Т. ешкім алдына қарсы шығып, тоқтата алмаған парсы патшасы Кирге қатты соққы беріп, әскерін талқандап, өзін қолға түсірген. Бұл оқиға туралы әйгілі тарихшы Геродот өзінің «Тарих» шығармасында (б.з.д. 440 – 430 ж.ж.) былай дейді: «Парсыларды жеңгеннен кейін массагеттер падишасы Томирис торсыққа толтырып қан құйғызып: «Сен қанға құмартып едің, енді шөлің қансын!» деген сөздер айтып, оған Кирдің басын салдырған.» Т. Бейнесі рәміздік бейне. Ол көне көшпенділер мәдениетіндегі еркін де қайсар әйел бейнесінің рәмізі, әйелге деген ілтипатты қатынастың көрінісі.



Тоталитарлық – қоғамдық жүйенің, мемлекеттік құрылымның тарихи ұйымдасу түрі. Кез келген мемлекеттің билігі, басқару жүйесі белгілі бір саяси сипатта қалыптасады. Яғни ол тарихи тұрғыда демократиялық, немесе антидемократиялық үлгіде көрініс беруі мүмкін. Ал Т. көбінесе биліктің бір қолға, басқарушы мемлекеттік күшке барынша жинақталуын, біртұтастануын білдіреді. Ол қоғамның барлық саласын қамтитын тұтастанған, антидемократиялық биліктің көрінісі. Т. жүйе көбінесе халықтың рухани дамымаған әлеуметтік қабатының мүддесін қорғауды, жалпыхалықтық мүддені барынша жоғары деңгейде алдына мақсат еткен сипатта өрбиді, ол сонымен қатар осы алдамшы құндылықтарын жүзеге асыру кезеңінде қарулы күштерге, тегеуірінді органдарға барынша арқа сүйейді, оларды өз мақсаттарына барынша қолданады. Шын мәнінде Т. принципті бағыт ретінде ұстанған қоғам жалған құндылықтарды қоғамдық санаға тереңдете орнықтыруға тырысады, адамдарды бір-біріне жау етіп, оларды бір-бірінен қашықтата түседі. Мәселен, осындай әлеуметтік-саяси жағдай ХХ ғасырдың ортасында фашистік Германия мен коммунистік КСРО-да орын алды. Сонымен қатар өткен ғасырдың екінші жартысындағы Чилидегі Пиночеттің басқару кезеңіндегі диктатуралық режим әлеуметтанушы ғалымдар арасында Т. қоғам деп бағаланады. Осындай сипаттағы мемлекеттік жүйелер адамзат тарихында талай рет көрініс берген. Кез келген қоғамның өзінің ішкі тұтастығын бекіте түскен сайын тарихи субъект ретінде мықтырақ болатынын байқайды. Бірақ бұл тұтастықтың қалыптасуына антигуманистік тәсілдер мен әдістер қолданылады. Тіптен, Т. жүйенің іргетасы нығая түсуі үшін кейбір мемлекеттерде ұлттық идеяның өзі де тетік ретінде пайдаланылады. Кезінде Германияда ұлттық идея ретінде немістердің басқа ұлттардан ерекше биік тұратын халық ретінде артықшылығы танылды. Әрине, мұндай мемлекеттік идеология қоғамдағы ұлтшылдық отын маздата түсті, кәдуілгі сананың ең төменгі қабаттарына қоздырғыш фактор ретінде әсер етті. Еврейлер мен орыстар ең теріс мағынадағы этникалық таптаурындық сипатта бейнеленді. Осындай психологиялық қайшылықтар қоғамдағы дүниетанымдық бұрмалануларды туғызды. Ол түбінде әлемді дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыстың басталуына әкеліп соқтырды. Ал коммунистер болса алдарына жаңа қоғам құру мақсатын қоя отырып, сол жолға кедергі болғанның барлығын өздеріне жау санаған болатын. Сондықтан «халық жауы» айдары талай азаматтардың кеудесіне тағылып, оларды жалындаған жас шағында қыршынынан қиылуға әкеліп соқтырды. Бір отбасында тәрбиеленген екі азамат, көрші тұрған ауылдас, бірге жұмыс істейтін әріптес жандар бір-біріне сенбейтін, жау ретінде қарайтын күйге жеткен болатын. Т. жүйе сонымен қатар қоғамдағы ең алдыңғы қатарлы азаматтарды, озық ойлы жандарды құрбандыққа шалуға ұмтылды. Өйткені, ойлы азаматтар Т. қоғамдағы еркіндіктің жоқ екенін, ұлт өзінің ең негізгі рухани байлығынан айрыла бастайтындығын халыққа бірте-бірте жеткізе бастайды. Т. билік мұндай бостандықты, дүниетанымдық алуандықты қаламайды. Сондықтан авторитарлық режим қудалаудың бастауын ең озық тұлғалардан бастайды. Өйткені, олар тіптен басқа құндылықтық, мағыналық бағыттағы қоғамның қалыптасуын көксейді. Осы сәйкессіздікті Т. қоғам күшпен шешуге тырысады. Міне, осындай қара күшке сүйенген Т. сипаттағы жүйенің қалыптасуына қандай тарихи, мәдени, әлеуметтік, дүниетанымдық себептер негіз болады. Оған ең алғашқы себеп болатын нәрсе әрбір адамның ішінде отырған рухани жетілмеушілік, тереңде жатқан пендешіліктің өзімшілдік құрылымдары. Яғни әрбір пенденің көбінесе әлеуметтік жүйеде өзінің жеке басының ғана мүддесін үнемі жоғары қоюға бейімділігі жатады. Т. қоғамды бекіте түсушілер, тұтастанған билікті мызғымас күйге жеткізушілер адамның бойындағы осы осал жерді үлкен шеберлікпен қолданып отырған. Сондықтан Т. іргетасын әлеуметтік дүниеде, мемлекеттік құрылымда адамдардың өздері нығайта түскенін байқамай да қалады. Әйтпесе, өзінің жеке басын қорғау үшін отандастарын, қандастарын сатып кету Т. қоғамда көптеген пенделер үшін күнделікті әдетке айналмас еді ғой. Т. қоғам деп теріс сипаттама берілгенмен кез келген қауымдастық, мемлекет өзінің әлеуметтік дамуын тоқтатпайды, яғни ол да тарихи процесте белгілі бір жетістіктерге қол жеткізеді. Білім беру, сауда-саттық, мәдени ошақтар кейде біршама өркендеуі де мүмкін. Шығармашылық жолындағы азаматтар Т. қыспақтың өзінде керемет дарынды туындылар жасауға тырысады. Мәселен, М. Әуезов өзінің «Абай жолын» ХХ ғасырдың бел ортасында жазған еді. Еркін ойды қудалай отырып авторитарлық сипаттағы қоғамды орнықтыра түсу үшін, антидемократиялық принциптерді бекіте түсу үшін Т. қоғамға экономикадағы біршама жеңістер ауадай қажет екені белгілі. Сонда қарапайым халық та әлеуметтік жағдайдың біршама түзелгеніне малданып басқарушы биліктің жақтасына айналады. Шындықты айтуға ұмтылған бірен-саран азаматтардың үні әлеуметтік жағдайын біршама түзей бастаған көпшіліктің шуылына көміліп кетеді, рухани құндылықтардың маңыздылығын айтқан тұлғалардың сөздері ұлтшылдықты алға тартқан тобырдың көлеңкесінде қалады. Т. қоғамның ең теріс жақтары да осы тобырлық сананың барынша мемлекеттенуінде, тұрпайы идеологияның басымдық танытуында. Міне осыны шебер пайдаланатын билік жүйесі экономиканы өте қатал тәртіптің күшімен дамытуға ұмтылады. Болмаса Т. жүйе қоғамды барынша қыспақта ұстай отырып басқа елдердің жетістіктерін теріске шығаруды идеологиялық қаруға айналдырады. Сондықтан ондай ортада ақпараттық бұрмалаулар, шектеулер, цензура, адал жандарды қаралау қоғамның негізгі идеологиялық қаруына айналады. Міне, сондықтан тарихта Т. бағдарлар белең алған мемлекеттерде демократиялық институттардың дамуына мүмкіндіктер жоқтың қасы болған деуге болады. Т. қоғам дінге деген қатынасын барынша екіжүзділікпен ұстайды. Өйткені, Т. режим өздерінің билігін жүзеге асырып отыруға қажетті дінбасыларды ғана ұстауға тырысады, басқаларын қудалайды. Шынайы діншілдік, руханилық этикалық құндылықтарды жоғары ұстайтын болғандықтан Т. принциптердің дүниетанымдық негіздерімен үнемі қайшылықта болады. Сондықтан ешқандай діннің этикалық принциптері, адамгершілік нормалары Т. жүйеде ашық мойындалмайды. Кейде формалды түрде мойындалса да олардың шынайы сипатының өркендеуіне жол берілмейді. Тіптен, Кеңес үкіметі жағдайында атеистік идеология күшпен енгізілгені, қалалар мен ауылдардағы шіркеулер мен мешіттердің жаппай қиратылғаны, нағыз дінге сенушілердің қудаланғаны белгілі. Міне, сондай нәубаттың құрбандарының қатарына қазақ халқының көрнекті тұлғасы Шәкәрімді жатқызуға болады. Т. қоғамның тағы бір зобалаңына ұлттың ішкі құрылымын ыдыратуға тырысуды жатқызуға болады. Кеңес үкіметінің билігі кезеңінде қазақтардың біршама бөлігі өзінің тарихи отанынан басқа елдерге көшуіне, қазақ диаспорасы құбылысын қалыптасуына әкеліп соқтырды. Міне, осы тарихи дүрбелеңге толы заманның салдарлары әлі күнге дейін рухани мәдеиетте білінеді. Мәселен, қазақ халқының үштен бір бөлігі өзінің тарихи отанынан тыс жерлерде өмір сүруде, қазіргі кезеңде ата-бабасының туған жеріне жетуді арман етеді. Осы тарихи әділетсіздікті жөндеу үшін, үйлесімділікті қалпына келтіру үшін тек қана мемлекет, немесе оның кейбір органдары ғана емес жалпы қандастар, отандастар болып барлығымыз да ат салысуымыз керек. Онсыз Т. қоғамның бүлдірген дүниесін жөндеу өте ұзаққа созылады. Осындай әрекеттерді, игілікті істерді диаспоралары бар барлық алдыңғы қатарлы елдердің көбісінен байқаймыз. Бұл талпыныстар нағыз ұлтжандылықтың, этноәлеуметтік кеңістіктегі әділеттілікті орнатудың әрекеттері болып табылады. Сөйтіп, Т. қоғам кездейсоқ орнай қалмайтын, өзінің тарихи, психологиялық алғышарттары бар тарихи құбылыс болып табылады. Оның тарихи уақыты біткеннің өзінде салдарлары ұзақ мерзімге созылады және ол бірнеше ұрпаққа жететіндей мұра тастап кетеді. Міне, сондай мұралардың қатарына басқаша ойлауға бейімділік танытқандарды қудалау жатады. Яғни, ресми түрде Т. деп бағаланбаған қоғамдардың өзінде кейде билік пен оппозицияның арасындағы кикілжің өзара тартыстарға толы болады және ол қоғамдағы әртүрлі саяси ойындардан көрініс беруіне әкеліп соқтырады. Осы қақтығыстардың нәтижесі кейбір жекелеген тұлғалардың тағдырына барынша кері әсерін тигізуі де мүмкін. Міне осындай үрдістер адамзат тарихының көптеген кезеңдерін қамтиды. Бұл процестердің пайда болуы мен қайта-қайта көрініс беруін тежеу үшін оның болмыстық іргетасын жою керек. Сондықтан әрбір адамның дүниетанымындағы құрылымдарды рухани жетілдіру арқылы ғана жалпы қоғамдағы ахуалды биік деңгейлерге көтеруге болады. Бұл әрекеттердің нәтижесінде адамаралық сенім, келісім тереңдей түседі, қорқыныштардың орнына өзара түсіністік қатынастар орнығады. Яғни бұндай жағдайды қалыптастыру үшін мемлекеттегі адам құқын қорғаудағы әрекеттері де пәрменді болуға тиісті. Сонымен қатар Т. жүйенің санадағы қалдықтарын жою үшін қоғамдағы демократиялық инститтуттардың жұмысын жетілдіре түсу керек. Ал бәрінен де маңызды нәрсе қоғамдағы азаматтардың басым бөлігінің руханилыққа, рухани мәдениетке қарай бет бұруын атауға болады. Ал руханилық ұстанымдары отбасында, мектеп пен әр түрлі оқу орындарында, кез келген мәдени ошақтарда, жалпы әлеуметте қалыптаса бастауы тиіс. Сонда ғана Т. құбылысының тамырына балта шабылады, қоғамның келбеті гуманистік, өркениеттенген сипат алады.

ТҰТАСТЫҚ – объектінің ішкі бірлігі, оның қоршаған ортадан даралануы, сондай-ақ осындай қасиеттерге ие объектінің өзі. Философия тарихында Т. ұғымын түсіндірудің екі бағыты бар: Т. объектінің барлық қасиеттерінің, қырларының және байланыстарының танымдылығы ретінде жан-жақты қамтылуы және Т. объектінің ішкі құрылымын, яғни оның ерекшелігін, өзгешелігін анықтайтын нәрсе ретінде түсіндіріледі.

ТҰЛҒА – біртуар Мен ретінде алынған жеке адам. Т. ұғымы «индивид», «адам» ұғымдарымен салыстырыла анықталады. «Адам» ұғымы барлық адамдарға тән қасиеттер мен қабілеттерге мінездеме беру үшін қолданылады. Бұл ұғым адамның жануарлардан, өсімдіктерден, машиналардан т.б. айырмасын атап көрсетеді. Индивид – адамзаттың дара өкілі, адамдық ақыл, ерік-жігер, көзқарас т.б. да әлеум.-психологиялық сипаттармен анықталушы жан иесі. Т. болып туылмайды, Т. болып өсу барысында қалыптасады. Жас нәресте – адам, бірақ жеке тұлға емес, себебі ол өзінің іс-әрекеті үшін әлі жауап бере алмайды. Т. болу дегеніміз өзінің ешкімге ұқсамайтындай бірегей ішкі рухани дүниесін құрай білу, қалыпты дамып, өмір тәжірибесі мен өзіндік қасиетке ие болу, әлеуметтік ортадан өз орнын таба білу. Адамның Т-лық қасиеттері оның іс-әрекеттегі белсенділігінің өрістеуіне ықпал етеді. Адамның белсенді қимыл-әрекеті оның мінез-құлқынан, ниет-тілегі мен бағыт-бағдарынан айқын байқалады, сөйтіп жеке адамның ішкі дүниесінің сыры, жан сарайы сыртқа білініп тұрады. Т-ның қасиетті құпиясы оның еркін рухында жатыр. Соның арқасында адам өзіне дейінгі ұрпақтар мұрасын мәдениетті жасампаз түрде қайта қарап, өзгертеді. Т-ның шынайы айқындалатын саласы – адамгершілік, мораль. Сыртқы мақсаттарға бет бұрмай өзінің рухани еріктілігін ізгі ықтиярымен тоғыстыра білу Т-ны танытушы іс. Осы жайында неміс классикалық философиясының ірі тұлғасы – Кант былай деген: «Адамзатқа, оның ішінде өзіңе де, басқаларға да барлық уақытта мақсатқа жетудің тек бір құралы емес, тек мақсат деп қатынас жасап, әрекет істе». Т.-ны зерттеуде З. Фрейд, К. Юнг, Н. Бердяев, А. Камью, Ж. Сартр, М. Хайдеггер, К. Ясперс, Х. Ортега-и-Гассет, Э. Фромм, М. Бубер т.б. көп үлес қосты.

Әдебиет: Общение и личность. А., 1996; Энциклопедический словарь по культурологии. М., 1997.



ТҮСІНУ – ойлау әрекетінің нәтижесінде белгілі бір оқиғаның немесе құбылыстың мағынасы жайлы ой-тұжырымға келу. Т. мүмкіндігімен сан алуан құбылыстардың себеп-салдарын, елеулі белгілерін, өзара байланысын, маңызы мен мағынасын ұғынуға болады. Басқа адамның амал-әрекетінің, ой-пікірінің мазмұнын ұғынуда, кез келген ақпаратты қабылдап, оған лайық ой түю Т. арқылы жүзеге асады. Т-дің арқасында адам қоғамдық және мәдени ортада, өзара қарым-қатынаста, ақпараттық кеңістікте өз орнын, өзіндік ой-пікірінің лайықты мүмкіндігін айқындайды. өзгенің ой-пікірін, көңіл-күйін, мақсатын түсінбей тұрып, өзіндік ой-пікір тұжырымдау, қарым-қатынасқа түсу мүмкін емес. Сондықтан Т-дің алғышарты өзгемен санасу, оны мұқият тыңдау. Ғылымдағы Т. жүзеге асуы үшін арнаулы методол. ережелер, логик. қисындар, ғыл.-теор. нәтижелер пайдаланылады. Мәселені дұрыс түсіну үшін адамға тиянақты, саналы білім, ақыл-парасат, дағды қажет. Т. үшін мәселенің негізгі мәнін іздеу, түйінін шешетін сұрақ қоя білу, дәл тұжырымдау, жалпылау, топтастыру, т.б. шарттарды орындау керек.


ТҮРІКШІЛДІК – түркі халықтарын бірлікке, өзара байланыстарын нығайтуға үндейтін қоғамдық-саяси ағым. ХІХ ғ-дың соңына қарай қарқын алды. Сол тарихи кезеңде Т-ті насихаттаушылардың көш басында И. Гаспринский тұрды. Ол Т-і «Тілде, пікірде, істе – бірлік» деген ұранмен шығарған өзінің «Тәржіман» газеті арқылы насихаттады. Т-ті Түркияда насихаттауда Ю. Акчурин белсенділік танытты. ХХ ғ-дың басында Ресей империясының қол астында отарлық езгінің тауқыметін тартқан түркі халықтарының азаттық қозғалысының өрбуіне Т. елеулі дәрежеде ықпал етті. Бірінші орыс революциясы кезінде негізінен түркі халықтарының өкілдері қатысқан бүкілресейлік мұсылман съезі 3 рет өткізіліп, түркі халықтарының мүддесін қорғау мақсатында «Ресей мұсылмандары одағы» атты партия құрылды. Ә. Топчибашев, А. Ибрагимов, С. Мақсұдов секілді қайраткерлер Т-тің ықпалымен түркі халықтарының мүддесін қорғау жолындағы әрекеттерін күшейтті. Уақытша үкімет жағдайында түркі халықтарының саяси әрекеттерін үйлестіріп отыру мақсатында Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесі ұйымдастырылды. Кеңестік билік орнағаннан кейін Т. реакциялық пиғылдағы ағым ретінде бағаланып, оны насихаттауға қатысы бар деген азаматтар ашық қуғындалды. Көрнекті татар қайраткері М. Сұлтанғалиев осындай қуғындаудың құрбаны болды. Сол кезде Түркияда Т-ті насихаттаушы тұлға ретінде Зия Гөкалп танылды.
Әдебиет: Мұхамметдинов Р.Ф., Зарождение и эволюция тюркизма, Казань, 1996; Зия Гөкалп, Түрікшілдіктің негіздері, А., 2000; Шілдебай С., Түрікшілдік және Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыс, А., 2002; Мараш И., Религиозное обновление в тюркском мире (1850 – 1917), Казань, 2005.

ТҮРКІ ЭТИКАСЫ – түркі халықтарына ортақ моральдық, адамгершілік, құқықтық құндылықтар мен салт-жоралғылар, әдеп жүйесінің түп бастауы. Т. э. Түркі дүниетанымындағы адам мәселесінің орт., негізгі мәселе болуымен айқындалып, адамның әлемдегі орны және оның жаратылыспен үйлесімде өмір сүруі, рухани-адамгершілік, діни-танымдық ұстанымдары негізінде қалыптасты. Т. э. еуразиялық кеңістіктегі қазақ, өзбек, қырғыз, т.б. түркі тілдес халықтардың ұлттық этик. көзқарастары мен ұстанымдарының қалыптасуына игі ықпал етті (қ. Қазақ этикасы). Дәстүрлі қоғам өмірі құқықтық, діни-киелілік негіздегі жарғылар мен тыйымдар жүйесі бойынша қалыптасқан. Бұл қоғам бірыңғай экон. тіршілік салты мен қандастық негіздегі бірлікке сүйенді. Көшпелі мәдениет пен тұрмысты жалғастыру оны сыртқы дұшпаннан бірлесе қорғана алатын ру немесе тайпа болғанда мүмкін болады. Ұран – рудың текті, намысты, даңқты тарихын білдіретін, қуат беретін дәстүрлі символы болып табылады. Ұранның негізгі қызметі ру арасындағы бірлікті нығайту, ортақ мақсат үшін шайқаста ру мүшелерінің батылдық-жүректілігін күшейтеді. Жалпы қазаққа «Алаш» ұраны ортақ болса, жекелеген рулардың өзіне тән ұраны бар. Сонымен қатар әрбір рудың өзіне тән «таңбасы» мен «ені» бар. Алғашқыда дәстүрлі түркі қоғамы адамының Тәңір алдында моральдық әрекеттерге қарағанда культтік әрекеттері басым болды. Уақыт өте келе діни нормаларға негізделген моральдық ұғымдар мен этик. ұғымдар қалыптасты. Бұл ұғымдар мен түсініктер дала өркениетінің моральдық-құқықтық жүйесі, салт-дәстүрі мен әдеттерінде нақышталған. Дәстүрлі дүниетаным адамының рухы, оның мекені, өлім, өмірдің мәні жайлы толғануы түркі мифологиясынан көрініс тапқан. Мәселен, «сүйек – рухтың ұясы» ұғымымен байланысты: сүйек – «тек-жануар» – субстанция ретінде ұрпақтар арасындағы жалғастықты, генетик. негізді, қонақтың сол шаңыраққа туыстық дәрежесін анықтады, осыған байланысты қонаққа мүше тарту әдебі қалыптасты. Табиғат жағдайының қаталдығы, сыртқы дұшпандармен дамылсыз күрестер көшпелілерге жауынгерлік рух пен қатал әрі ұдайы қозғалысқа негізделген мінез дарытқан. Шыншылдық, жомарттық, қамқорлық, ержүректік, адалдық, сүйіспеншілік пен достықты қастерлеу осы қасиеттер төңірегінде қалыптасқан рухани құндылықтар болып табылады. Көшпелі қоғамдағы адамның ең жиіркенішті әдеті – жалған сөз, өтірік айту. Түркі қоғамының адамы үшін туған жерінің әрбір тау-тасы, ойы мен қыры, сай-саласы мен бел-белесі сол кеңістікте тұнып тұрған тарихын, болған оқиғаларды, сол кеңістіктегі көңіл-күйлерін еске алу болғандықтан кеңістіктің өзі еске алу теориясы қызметін атқарған. Яғни, әлем – көшпелі адамның өз рухымен болған тұтастықты, үндестікті, ғарыштық үйлесімді қамтамасыз ететін айна. Сондықтан Т. э. табиғатпен үндестікте өмір сүрген адамның тұрмысы мен дүниетанымының ішкі үйлесімін түзуші жүйе.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет