Қр бғМ Ғк философия, саясаттану және дінтану институтының


(грек. apodektikos – сенімді



бет30/267
Дата20.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#109258
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   267
Байланысты:
Филос Энцикл Создик Документ Microsoft Office Word (2)

Аподейктика (грек. apodektikos – сенімді), логикада – дау-талассыз дәлелденетін, мейлінше нанымды, айқын білімді білдіретін термин. Аристотель А. деп ақиқаттылығы мен жалғандығы дедуктивті тәсілімен тұжырымдалған дәлелдемені айтады. Аристотельше силлогизмнің өзі А-лық білім құралы. Пікір айтуда А. терминімен қатар, мағынасы тұрғысынан қарайлас аподиктика (қажеттілік) ұғымы кездеседі. Формальды логикада пайымдаулардың модальдылығына қарай олар проблемалық, ассерторлық және аподиктикалық болып бөлінеді. А-лық пайымдауда нәрсе мен оның қасиеті арасындағы байланыс көрсетіледі. А-лық пайымдауды білдіру үшін «қажетті», «болуы тиіс», «міндетті түрде», т.с.с. қолданылады. Кейде мындай сөздер жасырын тұруыда мүмкін. Мысалы: «су 1000 С темп-рада қайнайды».

АНТРОПОЛОГИЯ (грек. anthropos – адам, logos – ілім) – адамның шығу тегін, дамуын, дене құрылысын, нәсілдік ерекшеліктерін зерттейтін жалпы биология ғылымының қоғамдық ғылымдармен тығыз байланысы бар саласы. Антропология терминін алғаш рет Аристотель енгізді. Антропология ұғымы көне грек дәуірінен бастап белгілі болғанымен орта ғасырдың аяғына дейін адамның физикалық құрылысын зерттейтін, ішінара адам психологиясы мен этнологиялық ерекшеліктерін сипаттайтын да ғылым саласы болып келді. XIX – XVIII ғасырлардағы Франция ойшылдарының пікіріне сәйкес адамға тән құрылысын, тіршілік-әрекетін, тілін, мінез-құлқын, материалдық және рухани қазыналарын, т.б. зерттеу. Қазіргі кезде мұндай көзқарасты АҚШ, көптеген Батыс Еуропа елдерінің антропологтары қолдайды. Ал екінші көзқарас – адамның дене құрылыс ерекшеліктерінің уақыт, кеңістік бойынша өзгерісіне ерекше мән беру. Мұны Ресей, т.б. елдердің ғалымдары қуаттайды. Қазіргі кезде антропология 3 түрлі өзекті мәселеге – адамның дене құрылыс ерекшеліктеріне, шығу тегі мен оның дамуына, этникалық құрамының қалыптасуына ерекше көңіл бөледі. Осыған байланысты эвалюциялық антропология, физикалық антропология, этникалық антропология болып бөлінеді.
Қазақ халқының жалпы антропологиялық типі еуропеоид және монголоид тектес нәсілдердің қосындысынан пайда болған деп тұжырымдалған. XX ғасырдағы Қазақстан жерінен табылған палеоантропологиялық материалдар қазақтардың ежелден автохтонды халық екендігін толық дәлелдеді. Ғылымда қазақтың антропологиялық типі метистік топқа жатқызылып, оған тұрандық түр (тұраноид) деген нәсілдік атау берілді. Қазақ антропологі Оразақ Смағұлұлы 60-жылдары республиканың әр өңірінен қазақтардың бас сүйегі мен қаңқа сүйектерін жинап, Санкт-Петербургтегі антропология және энтография мұражайына тапсырды. Осы жылдары қазақтардың тіс құрылыстары зерттеліп монографиялық еңбек жарияланды: (О.Смағұлов, К.Сиқымбаева «Қазақстанның этникалық одонтологиясы», 1977 ж.).
Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Т. 19. Философиялық антропология. Мәдениет философиясы. – Астана: Аударма, 2006; ҚҰЭ. Т.1.

АНТРОПОМОРФИЗМ (грек. Antropos – адам, morphe – форма, пішін) – адамзаттық, халықтық дүниетанымдағы жаратылыс иелерін (құдайды, періштелерді, мал-жан иелерін), табиғаттағы нәрселерді (ғарыштық, геогр. объектілерді, жан-жануарларды, өсімдіктерді т.б.) адамға ұқсату құбылысы, өнердегі көркемдік әдіс. А. ежелгі дүниетаным мен ілкі санадан бастау алатын құбылысқа жатады. Ол байырғы мифол. және діни аңыздардан айқын байқалады. А. қазақ халқының арасында да кеңінен таралған. Адам кейіпіндегі киік, жын, пері, дию, жезтырнақ, албасты т.б. ұғымдар осының айғағы. Көшпелі қауым өздеріне бағыт-бағдар сілтеуші жұлдыздар (Темірқазық, Жетіқарақшы, Ақбозат пен Көкбозат т.б.), желеп-жебеуші табиғат күштері (Жер-ана, Көк тәңірі, Ай, Күн, т.б.), төрт түліктің иелері мен киелері (Қамбар ата, Шопан ата, Зеңгі баба, Ойсыл Қара) туралы түрлі аңыз-әңгімелер шығарған. «Жеке батыр», «Толағай»,»Балқаш», «Қаратал» секілді ата-қоныс, мекен-жай атауларына байланысты, байғыз, көкек, сауысқан, қарға, тасбақа, т.б. аң-құс, жан-жануарлар туралы аңыздар халықтың дүниетанымындығы А-ге айқын мысалдар болып табылады. Қазіргі санада ол тілдік метафоралар мен көркем бейнелер арқылы сақталған (жарық дүние, мүлгіген табиғат, қатаң қыс, қу түлкі т.б.). Поэзияда антропоморфтандырылған бейнелер басты көркемдік құралдардың біріне айналды. А-ді тек архаикалық сананың қалдығы деп қарастырған дұрыс емес. Ол ғылымы мен техниканың озық салаларында да жиі көрініс табады (ойлайтын машина, есептеу техникасы, ақылды робот т.б.).
Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Т. 19. Мәдениет философиясы. Астана: Аударма, 2006: Мәдени-философиялық энциклопедия / Құраст. Т. Ғабитов, А. Құлсариева, Ә. Әлімжанова ж.т.б.. Алматы, 2007.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет