Қр бғМ Ғк философия, саясаттану және дінтану институтының



бет32/267
Дата20.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#109258
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   267
АНТРОПОЦЕНТРИЗМ (грек. anthropos адам, centrum – орталық) – дүниенің орталығына адамды қоятын италияндық Қайта Өркендеудің тұжырымдамасы. Ол еуропалық Жаңа заман мен Ағартушылық идеологиясы мен өмірлік өлшеміне және гуманизмнің маңызды шартына айналды. Адамды әлемнің түпқазығы деп есептеу арқылы оның белсенділік идеясы тұжырымдалды. Еуропалық жасампаз «фаустық адам» іргетасы антикалық қоғамда қалыптасқанымен, антикалық субъект табиғат аясынан шыға алмады. Жаңа заманда адам еріктері мен мінез-құлықтары туралы концепция қалыптасты, оның қағидалары нарыққа, демократияға, азаттық қоғамға бет бұрған әлеуметтік мәдениетті басшылыққа алды. Неміс философы И.Кант адамды қашанда құрал түрінде алмай, оған түпкі мақсат ретінде ұмтылу керек деді. А-нің кейбір қағидалары ХІХ ғ-дың екінші жартысында қалыптасқан мәдени антропологияда ұтымды қолданылады. ХХ ғ-дың кейбір мәдениеттанушылары антропоценристтік өркениеттің шектерін де атап өтті: табиғатқа қарсы бағытталған тежеусіз адамдық шовинизм экологиялық дағдарысқа әкелді.
Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Т. 19. Мәдениет философиясы. Астана: Аударма, 2006; Мәдени-философиялық энциклопедия. Алматы, 2007; Философия. Энциклопедический словарь. – М., 2004. – С. 53-54.

АҢДАУ – абайлау, байқау, аңғару. Адам айналадағы тіршілік құбылыстарымен үйлесімді қарым-қатынаста болу үшін сол құбылыстардың ішкі-сырқы мәнін және олардың себеп-салдарын дер кезінде аңғара білу шарт. Аңдау процесі өз кезегінде пайымдау және зерделеу жүйесіне өтіп, ол ақылмен түйсіну, тану процестеріне ұласады. Ойшыл ғұламалар белгілі бір ұғым, таным, түсінік мәндерін ашқанда осы процестер «ізімен жүріп отырып» түсіндіреді. Сонда мәселенің төркіні айқын, анық болып шығады.
Әдебиет: ҚҰЭ. Т.1., 387 б.

АПАТИЯ (грек. ảπάθεια: ả − терістеу бірлігі, πάνος − аффект, лат. tranquillitas animi, енжарлық, самарқаулық) ― антикалық этикада аффектіге бой алдырмау немесе оған самарқау қарауды білдіретін термин. А. этикалық түсінігінің қайнар көздері Платонның философиясынан басталып, киниктер мен мегар мектептерінде толық мазмұнға ие болғандығы Аристотельдің «Никомах этикасы» еңбегінде атап өтілген. Киниктер мен стоиктер философиясында тағдыр адамға қандай қуаныш сыйласа да асып-таспай, барынан айырылып, бақытсыздыққа душар болып, тағдыр тәлкегіне ұшыраса да қайғыға батып, қорқыныш пен үрейге салынбай, тұрақтылығын сақтап, адамшылық жолынан таймайтын дана (софия) адамның болмысы А. ұғымымен берілген. Рим ойшылы Сенека А. сөзін грек грек тілінен «қандай да болмасын азапқа мойымайтын жан (рух) деп тәржімалаған жөн» деп санаған. А. ұғымы әсіресе стоиктердің этикалық ілімінде ізгілік атаулының айрықша қасиеті болып, өзгеше мән-мағына береді. Егер де мегарлықтар апатияны мүлдем «сезімсіз» сүлейсоқтық күйі десе, стоиктер оны «сыртқы» заттарды теріс ұғынудың салдарынан пайда болатын аффектілерді (оларға ең алдымен қайғы, үрей, құштарлық, ләззатты жатқызады) жеңудің оң тәсілі деп түсіндіреді. Стоиктердің пайымдауынша А. − бақытқа жетудің бірден-бір қажетті шарты. Адам А-қ кемелдікке философиямен шұғылдану, өзін-өзі ізгілікке тәрбиелеу және қатаң өмір салтын (аскеттік) ұстануы арқылы ғана жете алады.
Филон Александрийский тарапынан ерте христиандық этикаға енгізілген А. термині, мұнда әулие жанның болмысын суреттеуде қолданылды. Сонымен қатар, А. терминінің этикалық түсінігі Жаңа заманда Спинозаның, кейін И. Канттың философиясында көрініс тапқан.
Әдебиет: Философия. Энциклопедический словарь. – М., 2004.

АПЕЙРОН (грек. А – терістеу бірлігі, peiron – соңы, шегі) – ежелгі грек философиясындағы «шексіздікті» білдіретін термин. Әлемнің көне мифтік-әпсаналық суреттемелерінде (ведаларда, орфийлер мектебінде және т.б) «шексіздік» маңызды космогониялық принциптің рөлін атқарды. «Шексіздік» ежелгі мысырлық Гермопольдік тегонияда (б.з.д. 2-ші мыңжылдық) алғашқы космогониялық төрт мүмкіндіктің бірі болса, үнділік веда ілімінде Адити (персонификацияланған шексіздік) «рта» ғарыштық заңының қорғаушылары Адит құдайларының анасы ретінде сипатталады. Ал, байырғы гректік орфийлік теогонияда әлемдік жұмыртқа «шексіз хаоста» (кеңістікте) пайда болады. Антикалық ойлау дәстүрінде А. ұғымын Мелисс Самосский жалпы ғарыштың атрибуттық сипаты деп қарастырса, Парменид, Элейлік Зенон, Аристотель нақты емес объектінің нышан-белгісіне ұқсатады. Өзіне дейінгі философия дәстүріндегі А. ұғымының мазмұнын талдаған Аристотель ойшылдардың барлығының А-ды онтологиялық принцип тұрғысында пайымдағанын атап көрсетеді.
Анаксимандр философиясында А. «түпнегіз», «барлық тіршіліктің бастамасы мен негізі», уақыт пен кеңістік тұрғысынан басы да соңы да жоқ, мәңгілік, шексіз алғашқы материя. А. – ешқандай қасиет пен сапаға ие емес, бірақ та барлық сапалы анықталған денелердің негізі; «кәріліктің не екенін білмейді», «өлмейді және жойылмайды». А. универсумның субстанциалды және генетикалық бастамасы. Ғарыштың барлық элементтері содан пайда болған. Үнемі қозғалыста болатын А. дымқыл мен құрғақ, жылы мен суық секілді қарама-қарсылықтарды туғызады. Ал бұлардың өзара араласуы жер, су, ауа, отты – алғашқы төрт элементтерді қалыптастырады. Сонымен, Анаксимандрдан бастап көптеген философтар А. ұғымын космогониялық материяның атрибуты ретінде зерделейді. Анаксимандрдың шексіздікті әлемнің алғашқы бастамасы деп тұжырымдауы А-ға байланысты әртүрлі қағидалардың ішіндегі аса маңыздысы болып табылады. Анаксимандрдың А-ды материалды, белгісіз ең алғашғы бастама деп бірінші болып айтуы келешек философиялық идеялардың дамуына түрткі болды. Анаксимандрдың А. туралы пайымдауы ішкі логикалық ойдың дамуының нәтижесі. Сол себепті де оның суды (Фалес), ауаны (Анаксимен), отты (Гераклит) не болмаса барлық төрт стихияны алғашқы бастама деуден бас тартып, абстрактылы, белгісіз, сапасыз, материалдық бастама А. деп тұжырымдауы философиялық ойдың қалыптасуында өзіндік ерекше мәнге ие болды.
Милеттік тағы бір философ Анаксимен А-ды ауамен ғана байланыстырғандықтан, А. субстанциядан қасиетке айналады. Пифагор мектебінің дәстүрінде А. шекті – шексіздік онтологиялық қарама-қарсылықтарының жұп элементтері деп пайымдалады. Платон А.-ды шексіздік, анықталмағандық, өткіншілік тәрізді ұғымдармен байланыстырады. Ал, Аристотельдің ойынша А. субстанциалды емес, акциденталды түрде ғана болуы мүмкін.
Әдебиет: Философия. Энциклопедический словарь. – М., 2004.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет