Қр бғМ Ғк философия, саясаттану және дінтану институтының



бет38/267
Дата20.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#109258
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   267
Байланысты:
Филос Энцикл Создик Документ Microsoft Office Word (2)

Әдебиет: Ислам. Энциклопедиялық сөздік. – Алматы: Аруна, 2009.
Қазақ халқының философиялық мұрасы. Т. 19. Философиялық антропология. Мәдениет философиясы. Дін философиясы. – Астана: Аударма, 2006; ҚҰЭ. Т.1., 419 б.

АРМАНадам көкейіндегі ізгі ниет, болашақтан күтер үміт, алға қойған мақсат. Қазақ халқында «А-сыз адам жоқ» делінеді. Халықтың жоқтау өлеңдерінде де «А-да кеткен» тіркесі көп кездеседі. Мәселен «ел ішіне сау келсең, тағлым айтпас ер ме едің? Жол көрсетіп, сонда өлсең, А-ым бар дер ме едім?» (Абай). Бұл мағынада опасыз жалған дүниеде адам А-ының шексіздігі, оқыс қазаға байланысты, қайғыға ұласқан ащы арман сөз болады. А. сөзінің қолданылу аясы кең. Ол – шығармашылық қиялдың дайындық сатысы да. Адам өз болашағы үшін күресудің орнына құрғақ қиялға берілсе, мақсатына жете алмайды. Енжар, селсоқ адамның қиялы сүреңсіз келеді, ондай кісіні көбінде мұң басады. Ол болашақ үшін күреске құлықсыз, ондайларды өмір қызықтырмайды. Бос қиялға салынған кісі, өмір ауыртпалықтарын, оның қуаныш, қайғы-қасіретін түсінбейді. А. – адам үшін аса қажетті қасиет.
Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Т. 12. Қазақ этикасы мен эстетикасы. – Астана: Аударма, 2007; ҚҰЭ. Т. 1., 440 б.

АРГУМЕНТ (лат. argmentum – нәрсе, пән, белгі) – 1) философияда – пікір (немесе өзара байланысты пікірлер жүйесі) қандай да бір ойдың немесе теорияның ақиқаттығына келтіретін дәлел. А. логикада дәлелдеудің негізгі алғышарты ғана емес, пікір мен идеяның толық негізі ретінде де қаралады. Оған қойылатын жалпы талаптар: ақиқаттылық, дәлелділік, айқындылық, бір мәнділік, сенімділік; 2) математикада – а) тәуелсіз айнымалы шама, оның мәндеріне функцияның мәндері тәуелді болады. (мыс.., х² функциясының А-і – х sint функциясының А-і t,e функциясыныңА-і – z т.б.); ә) z=х +i y = r (cos +i sin) комплекс санының А-і – абсцисса осінің оң бағыты мен сол комплекс сан арқылы анықталатын жазықтықтағы (кординаттары х және у) r радиус-векторының арасындағы бұрыш.
Әдебиет: ҚҰЭ. Т.1., 428 б.

АРИСТИПП (шамамен алғанда б.д. дейінгі 435 − 355 жылдар) – ежелгі грек философы, Сократтың шәкірті, кирен (гедонистік) мектебінің негізін салған. Жазба еңбектері сақталмаған. Оның өмірі мен ілімі, философиялық көзқарастары туралы деректерді Диоген Лаэртий, Ксенофонт, С. Эмпириктің шығармаларынан кездестіруге болады. А. таным теориясындағы сенсуализмді этикадағы гедонизммен ұштастырады. А. бойынша өмірдегі биік мақсат ләззат алуда, дегенмен көзсіз құмарлықтың құлы болуға, соның жетегінде кетуге болмайды, әр нәрсенің шегін білу, парасатты ләззатқа ұмтылу – жоғарғы игілік. А. жоғарғы игілікке жету жолы ләззаттан тыйылу емес, оны дұрыс пайдалануда: кемені оған мініп келе жатқан адам емес, оны қажет жағына бағыттап отырған адам басқарады, сол секілді ләззаттан қашқан адамды да ұстамды санауға болмайды дейді. А. қайырымдылық пен зұлымдықтың, ақиқат пен жалғандықтың өлшемі – ләззат пен қайғы-қасірет деп тұжырымдайды.

АРИСТОТЕЛЬ (б.з.б. 384-322 жылдары) – ежелгі антикалық философияның жоғарғы шыңы, гр. философы-энциклопедисі және ғалымы, көне заманның данышпаны ойшылы Фракиядағы Стагирде дүниеге келген, Афиныдағы Платон мектебінде білім алған және тәрбиеленген. 335 ж. Афиныда өзінің философиялық мектебін (ликей) ашқан. А. философияны үш салада қарастырған: 1) теориялық бөлімі – болмыс туралы ілім; 2) практикалық бөлімі – адамның іс-әрекеті туралы ілім; 3) поэтикалық бөлімі – шығармашылық туралы ілім. А. философиясында алғаш рет өткен дәуiр көзқарасына терең талдау жасалды. Ол «Метафизика» деп аталатын кiтабында философияның негiзгi мәселелерiнiң бiрi – болмысты жан-жақты анықтай отырып, өзiне дейiнгi ойшылдарға, әсiресе, Платонның философиясына сын ескертпелер айтты. А. өзiнiң ұстазына бағыттаған қарсылығында «Платон идеялар дүниесiн жеке бөлiп алып, оның сезiмдiк заттар дүниесiмен арасындағы байланысты үзiп жiбердi» деп көрсетедi. Әрине, Платон олардың арасын қосуға да әрекеттендi. Сондықтан ол сезiмдiк заттар дүниесi идеяларға бiршама «қатысы» бар деп есептейдi. Оның бұл түсiңдiрмесi баяғы замандағы пифагоршылардың әдiсiн қайталағаны. Олар заттардың сандарға қатысы бар, яғни соларға елiктейдi деген болатын. Мұндай ой желiсi мәселенi толық шешiп бере aлмaйды, қайта бұл екi дүниенiң арасындағы алшақтықты қайшылыққа әкелiп ұрындырды. А. Платонның идеяларын талдай келе, оның логикалық iлiмiнiң қайшылығын да ашты. А-дiң анықтамасындағы «материя» Платонның ұғымындағыдан әлдеқайда өзгеше. «Материя», А-дiң ойынша, «субстрат» (латын тiлiнде «негiз», «астар» де­ген мағына бередi). Ол өзiнiң анықтаушысынан, формасынан айырылған процесс. А. өзiнiң шығармасында мұндай өзара байланысты, өзара сабақтас ұғымдар тiзбегiн: мрамор – мүсiн – мүсiншi көрсетiп бердi емес пе? Сонда адам ғой негiзгi, оның iс-әрекетi де маңызды рөл атқарады екен ғой. Бiз осы ойды терең талдай отырып, мына пiкiрге ойысамыз. Айталық, мрамор – субстрат материалды зат болса, оның бойында табиғи ерекшелiктерiнiң бәрi бар. Ал ендi осы мрамор мүсiншiнiң қолына түстi делiк. Одан шебердiң қолы арқылы тамаша мүсiн пайда болады. Сонда бұл ненiң нәтижесi? Бұған жауап бере келiп, әрине, Платон мен А. мұны күнi бұрын адамның басына ұялаған идеяға байланысты дер едi. Өйткенi, осы идеяның негiзiнде ғана мрамордан салтанатты сарайдың, адамның, жан-жануардың мүсiндерi, әдемi ыдыстардың, тағы өзi пайда болады ғой. А-дің ойлау процесiнiң мәселелерiмен көп айналысқанын жақсы бiлемiз. Оның осы мәселеге арналған «Категориялар», «Бiрiншi аналитика», «Екiншi аналитика», «Топика», тағы басқа да еңбектерi бар. А. таным теориясына Платонға қарағанда әрi көбiрек, әрi тереңiрек көңiл аударды. Ол бұл мәселенi Платоннан гөрi тым өзгеше, әрi түсiнiктi етiп баяндады. Ол Платонның мифке сүйенген таным теориясынан бас тартты. Егер Платон таным тек еске түсiру, сайып келгенде, үңгiрге қамалған адамдардың дүниенi сырттан түскен сәулелер арқы­лы ғана, елес арқылы қабылдауы деп есептесе, А. бұл теорияға басқаша мән бердi. Ол бiзге әлi де толық жетпеген «Философия туралы» деген трактатында адамдардың танымын үнемi даму процесiнде қарайды. Ол Платоннан өзгеше, адамды үңгiрде қамағаннан гөрi, оларды сырттағы жарық сәулелерге қарай жетелейдi. А-дiң осы бiр теңеуi дүниенi танудың ақиқат жолына қарай бастағанын байқаймыз. А.-дің ойынша, практикалық iлiмдер – этика мен саясаттың адам қызметiне тiкелей қатысы бар. Олар адам ойлары мен әрекетiнiң iске асуын айрықша айқындайды. Өйткенi, адамгершiлiк пен зерде адамның өз еркiнiң қалауымен тығыз байланысты. Сонымен бiрге өз бетiмен немесе ерiксiз iс-қимылдар жасау адамның iшкi рухани дүниесiне тiкелей қатысты. А-дің қоғамдық-саяси көзқарасы оның «Саясат» деп аталатын еңбегiнде айқын көрiнiс тапты. Оның осы шығармасы «Этикамен» сабақтаса келiп, бiртұтас iлiм құрайды. Өйткенi, оның «Саясат» деген шығармасындағы адам алдымен өзiнiң адамгершiлiк қасиеттерiмен ғана айрықша даралануға тиiс. Iзгi ниетсiз адам нағыз бұзылған, әрi дөрекi жан. Сондай-ақ, ол жыныстық қатынас пен тамаққа деген құмарлық жағынан хайуаннан ешбiр айырмашылығы жоқ жануар болып шығады. А-дің ойынша, демократияның бес түрi бар, олар заңға негiзделген демократия және жоғары үкiмет билiгi тобырлар қолында болған кездегi демокра­тия. А-дің ойынша, құл – табиғи құбылыс. Өйткенi, бiреулер өз табиғаты жағынан құлдар, екiншiлерi ерiктiлер. Сөйтiп, А-дiң ойынша, адам табиғаты жағынан тең болмайды екен. Бiреудiң екiншiге бағыныштылығы дененiң жанға, жануардың адамга тәуелдiлiгi сияқты. Адамдардың өзара тең болмау себебi оның бiрi ауыр дене еңбегiмен, екiншiсi ой еңбегiмен, ақылмен айналысады.

АРОН Раймон Клод Фердинанд (1905 – 1983) − француз философы, әлеуметтанушы, саясаттанушы және публицисті. 1928 жылы Париждің Жоғары мектебін бітірген (Онда Ж.П.Сартр, П.Низан, Ж.Кангийем, А.Койре сынды философтармен бірге оқыған). 1930 жылы білімін жалғастыру үшін Германиядағы Кельн (1930 – 31), Берлин (1931 -33) университеттерінде ассистент болып қызмет атқарады. Германияға билік басына ұлтшыл-социалистер келгеннен кейін Францияға келген А. Гавр лицейінде (1933 – 34) оқытушы, Жоғары қалыпты мектептің (1934 – 39) әлеуметтік құжаттама орталығында хатшы, Сен-Клудағы қалыпты мектепте (1935 – 39), одан кейін Тулуза университетінің әлеуметтік философиясының профессоры болып қызмет етеді. Екінші дүниежүзілік соғыс басталысымен әскер қатарына алынады. Неміс әскері Францияны оккупациялағаннан кейін ағылшын елінде эмиграцияда жүрген А. «Азат Франция» журналының редакциясын басқарып, вишистік Францияның әскери-саяси ахуалына шолу жасалып тұрған − «Француз хроникасын» мерзімді басылымын шығарып тұрады. Соғыс аяқталғаннан кейін еліне оралған А. біраз жылдар А. Мальроның (Ш.де Голльдің екінші үкіметіндегі ақпарат министрі) кеңсе директоры болып қызмет істейді. Саяси зерттеулер мен әкімшілік Ұлттық мектебінде сабақ береді. 1958 – 68 жылдары Сорбонна университетінің әлеуметтік кафедрасын басқарады. 1968 – 70 әлеуметтік зерттеулер жоғары мектебінің профессоры болады, ал 1970 жылдан өмірінің соңына дейін «Коллеж де Франста» қазіргі заманғы өркениет әлеуметтануы кафедрасын басқарады. А-ның негізгі еңбектері тарих философиясы, қазіргі заманғы индустриалдық қоғамның әлеуметтік-мәдени және саяси қарама-қайшылықтары мәселелерін, сондай-ақ тарихи танымның эпистемологиясы мен әдіснамасы мәселелерін талдауға арналған. Алғашқы еңбектерінде жаңа кантшылдық бағыттың баден мектебінің, Э. Гуссерльдің феноменологиясы мен М. Вебердің саяси философиясының ықпалында болады. Жас кезінде марксизм идеяларымен әуестенген А. кейіннен бұл көзқарастарын өзгертеді, 1955 жылы жарық көрген «Интеллигенцияның апиыны» атты жұмысында КСРО-дағы «нақты социализмді» жақтаушы француз интеллектуалдарына қарсы шығады. А-ның пікірінше батыстың солшыл интеллигенциясының ортасында (экзистенциализмнен бастап, антифашизм мен марксизм мектебінен өткендерге дейін) ендігі жерде «КСРО-ның лагерлік жүйе екендігін мойындайтындар» мен «бұл лагерлерді әшкерелейтіндердің арасында принципті түрде айқындық болуы тиіс». Тоталитаризмнің қарсыласы А. «кеңестік жүйеге» ілтипат білдірген Сартрмен қоса, Мерло-Понтидың (өзін «а-коммунистпін» деп атап, «егер де марксизм жалған болса онда тарих өз мәнін жояды» деген тезисті жариялаған) «бейтарап» позициясына да белсенді түрде қарсы шығады. «Еленбейтін революция» атты еңбегінде еуропа елдерінде 1968 жылғы болған студенттік толқуларды қолдаған солшыл интеллектуалдарды тіпті қатты сынайды. Сол кездегі Францияда күшейіп тұрған антиамерикандық көңіл-күйге қарама-қарсы А. АҚШ-ты «еуропалық либерализмнің өнімі» деп санады және КСРО-ның Шығыс Еуропадағы тоталитарлық экспансиясына тоқтау салады деген ниетпен АҚШ-тың Еуропада болуын, батыстың әскери-саяси альянс құруын құптайды. 1960-70 жылдары А. деидеологизация концепциясы (А. ғылымды партиялық идеологияның альтернатива ретінде санады) және «жаһандандыру» мен біртұтас индустриалды қоғам теориясының басты теоретиктерінің, негізін салушылардың бірі болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет