Қр бғМ Ғк философия, саясаттану және дінтану институтының


Оның идеялары әрқилы бағаланды. К. Маркс оны «буржуазиялық топастықтың дарыны» десе, К. Поппер Бентамды Исайия Берлинмен қатар, либерализмнің пайғамбары деп бағалады



бет64/267
Дата20.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#109258
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   267
Байланысты:
Филос Энцикл Создик Документ Microsoft Office Word (2)

Оның идеялары әрқилы бағаланды. К. Маркс оны «буржуазиялық топастықтың дарыны» десе, К. Поппер Бентамды Исайия Берлинмен қатар, либерализмнің пайғамбары деп бағалады.
Әдебиет: Покровский П.А. Бентам и его время. – Пг., 1916.; Философский энциклопедический словарь. – М.: «Советская энциклопедия», 1983. – 49 б.

БИ – дәстүрлі қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік жүйесіндегі халықтық билік жүйесінің құрылымдық элементін білдіретін әлеуметтік бірлік. В.В.Бартольдтың пікірінше, «би» сөзі шамамен ХІV-ХV ғғ. ежелгі түркі тіліндегі «бек» атауының бір нұсқасы ретінде пайда болып, басқарушы, ел билеуші мағынасын білдірген. Кейін келе бастапқы семантикалық сипаттан арылып, көбінесе, пікір таласты, дау-дамайды, саяси-әлеуметтік жанжалдарды шешіп, кесімді төрелік айтушы, әділ үкім шығарушы, дауласқан жақтарды ымыраға келтіруші, мәмілегер адамды бейнелеу үшін қолданылған. ХVІІ ғ. өмір сүрген Махмуд ибн Уәли («Бахр әл-асрар фи манақиб әл-ахйар») «жоғарғы мәртебелі әмірлер мен елге сыйлы, пендәуи тірліктен азат адамдардың» барлығы Б. аталғанын жазады. Шоқан Уәлиханов: «Би атағын беру қазақта халық тарапынан бір сайлау арқылы немесе халықты билеп отырған үкімет тарапынан бекіту арқылы болған емес; тек сот ғұрыптарына әбден жетік, сонымен қатар, тілге шешен қазақтар ғана бұл құрметті атаққа өз бетімен ие болып отырған. Мұндай би атағын алу үшін би болам деген қазақ өзінің заң ісіне жетіктігіне және шешендігі бар екендігін халық алдында сан рет көрсетуге тиіс болды. Ондай адамдардың атағы бүкіл қазақ даласына жайылып, олардың аты жұрттың бәріне мәлім болып отырған. Сонымен, бұл би деген атақ келіп билік айтуға және төрелік сөз сөйлеуге патент сияқты нәрсеге айналған» (Уәлиханов Ш. Мақалалар мен хаттар. Алматы, 1949. 56 б.) дей келіп би болудың әлеуметтік шарттарын көрсете отырып, би тұлғасын сомдайды, би – халықтың өз ішінен, өз әлеуметтік өмірінен шыққан лауазым, би болуға халықтың өзінен жолдама алатынын көрсетеді. Би болу, Әйтеке би айтқандай, «дұрыс сөзге тоқтай білген, басқаны сөзіне тоқтата білген» өнерлі адамның қолынан келген. Қазақ халқы биге аса құрметпен қарап, оны батырдан да жоғары санаған. «Батыр деген – ақ барақ ит: екінің бірі табады, би деген – ақ шариғат, мыңнан біреу шығады» деген қазақ мәтелі соның дәлелі. Ал қазақ халқының дәстүрлі түсінігінде бұл ұғым алты түрлі мағынада: 1) ел билеуші, иелік етуші; 2) сот, төреші; 3) батагөй, шешен; 4) бітістіруші бітімгер, мәмлегер; 5) ақылман, кеңескер (кеңесші); 6) елдестіретін елші, дипломат ретінде қолданылады.

БИЛІКқазақ халқының дәстүрлі санасында «ел басқару», «өкім ету» сөздері мен бірге мәндес ұғымды білдіреді. Қазіргі құқықтану, саясаттану ілімдерінде де ол «өкімет» атауының синонимі ретінде қолданылып жүр. Мәселен, саясаттану ілімінде Б. экон., идеол., ұйымдастырушылық-құқықтық тетіктер арқылы, сондай-ақ, беделдің, дәстүрдің, зорлықтың жәрдемімен адамдардың, әлеум. топтар мен жіктердің мінез-құлқына, іс-әрекетіне ықпал етуге қабілетті әлеум. қарым-қатынастардың пішімі. Ол қоғам мүшелерінің арасындағы әлеум.-табиғи айырмашылықтарға, субъективті-объективті қарым-қатынастарға байланысты қалыптасады. Оның мақсаты – қоғамда тұрақтылықты қамтамассыз ету, ал ішкі мән-мазмұны – үстемдік пен бағыныштылықты орнықтыру. Экономикалық, саяси, құқықтық, әскери, рухани және отбасылық Б. түрлерінің арасында қоғамдық дамыдың ұйытқысы әрі саяси күрестің негізгі нысаны болып саналатын мемлекеттік биліктің маңызы ерекше. Өкіметтің ерік-қалауын топтастыру, айырықша басқару аппаратын иелену, арнаулы органдар дербестігін қамтамасыз етіп, қоғамдық тұрмысы тәртіпке келтіру ісіне дара иелік ету, қоғам мен жеке тұлға қарым-қатынасында мәжбүрлеу мүмкіндігіне жету Б-ке тән белгілер болып табылады. Субъектінің мақсатына орай Б-тің нысанына ықпал ету үшін пайдаланылатын құралдардың барлығы «билік ресурстарын» құрайды. Мыс., қоғамдық өндіріс пен тұтынымға қажетті материалдық игіліктер, ақша, құнарлы жерлер, пайдалы қазбалар және т.б. Б-тің экон. ресурсы, ал әлеум., әскери және т.с.с. ресурстарды туындатушы әмбебап қор саналатын адамзат баласы демогр. ресурс ретінде бағаланады. Б-тің негізгі міндеті – қоғамды басқарудың стратегиясын айқындап, дамудың негізгі бағыттары бойынша нақты шаралар қолдану, әлеум. процестерді шұғыл басқарып, дамудың орнықтылығы мен сындарлылығының маңызды өлшемдеріне бақылау орнату, ал ең басты принципі – оның заңдылығы (легитимділігі). Б. әлеум. құрылымның ең күрделі әлеум. және саяси қарым-қатынастарын қамтитын қоғамдық, ұжымдар мен оладың арасындағы қарым-қатынастарды қамтитын көпшілік немесе қауымдық және жеке адамдық, шағын топтық деңгейлерінде салтанат құрып, қызмет атқарады. Саясаттану ілімінде Б-тің пайда болып, жүзеге асуының әр қилы пішімі зерделенеді. Ол басқару пішіміне орай – монархиялық (абсолюттік және конституциялық), республикалық (президенттік және парламенттік); мемлекет құрылысының пішіміне орай – унитарлық, федеративтік, конфедеративтік; саяси режиміне орай – тоталитарлық, авторитарлық және демократиялық; саяси ағымына орай – консервативтік, неоконсервативтік, либералдық, неолибералдық, социал-демократиялық болуы мүмкін. Б-тің заң шығарушы, атқарушы және сот қызметі тармақтарына бөлу жаңа дәуірдің үлкен теориялық жаңалығы болды. Олардың арасында тежеу мен тепе-теңдік жүйесінің болуы, яғни дербес билік тармақтарының өзара үйлесімділігін сақтау, олардың заңға бағынуын қамтамасыз ету принципі демокр., азаматтық қоғам орнатып, құқықтық құруға берік негіз қалайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет