Қр бғМ Ғк философия, саясаттану және дінтану институтының



бет62/267
Дата20.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#109258
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   267
Байланысты:
Филос Энцикл Создик Документ Microsoft Office Word (2)

Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Т. 19. Мәдениет философиясы. Астана: Аударма, 2006; Мәдени-философиялық энциклопедия. Алматы, 2007.

БЕЙІМДЕЛУ, адаптация (лат. Adaptatio – бейімделу) – 1) биологияда тірі организмнің сыртқы орта жағдайында тіршілік етуге икемделуі, олардың эволюциялық даму барысында қалыптасқан биологиялық қасиеті. Эволюциялық даму ілімі бойынша тарихи даму барысында тіршілік ортасының қолайсыз жағдайларының ықпалынан организмнің әлсіз клеткалалры жойылып, белсенділері өніп-өсіп, табиғи сұрыпталу нәтижесінде оларда төзімділік қасиеттері пайда болады. Б. – белгілі бір биологиялық түрдің сыртқы ортаның нақтылы жағдайында тіршілік ету тәсілін қамтамассыз ететін морфофизиологиялық, популяциялық және басқа ерекшеліктер жиынтығы. Мысалы, жазық далада тіршілік етеін сүтқоректілер жүгіруге, ормандағылар өрмелеуге, су жануарлары жүзуге бейімделеді. Жан-жануарлардың қоректену тәсілінің, реңі мен пішінінің әр түрлі болуы, кейбір мүшелерінің атқаратын қызметінінң өзгеруі, т.б. олардың орта жағдайында Б-дің натижесі. Б. – жалпы және дара болып бөлінеді. Жалпы Б. – қоршаған ортада тіршілік етуге икемделу, мысалы, құрлықта тіршілік ететін жануарларда аяқтың, ұшатын құстарда қанаттың пайда болуы; Дара Б. – белгілі бір тіршілік жағдайына икемделу, мыс., тұяқты сүтқоректілердің тұяғының әр түрлі пішіндері. Биологияның басты мәселесінің бірі – Б-дің тарихи дамуының механизмі. XVIII ғ-да Б. организмге болмысынан тән құбылыс деп танылған. Б. тірліктің тарихи дамуының негізгі 3 факторының – өзгергіштік тұқым қуалаушылқ және табиғи сұрыптау нәтижесінде қалыптасып дамиды. Бірақ қазіргі кезде табиғи сұрыптау теориясы күрделі Б-дің көптеген құпияларын түсіндіруде қиындықтарға кездесуде, мыс., құстар мен жәндіктердің қанатының пайда болуы. Адам организмі мен жануарлар үшін Б-дің маңызы зор. Қоршаған ортада ауа райының, температураның өзгеруі, оттегінің жетіспеуі, әртүрлі жұқпалы вирустардың әсеріне қарамай, Б-дің нәтижесінде организмнің ішкі ортасы тұрқты деңгейде болады, яғни организмнің дене қысымы, қанның морфолог. құрамы мен физ-хим. қасиеттері, қышқылдық үйлесімі,және т.б. көрсеткіштері қалыпты мөлшерден ауытқымайды; 2) социологияда – жеке адамның не әлеуметтік жіктің қоғамдағы жаңа рухани, экон. және мәдени құндылықтар мен нормаларға икемделуі. Ол қоғамда пайда болған жаңа принциптерге сай материалдық және рухани игіліктерді игеруге деген ынтаға тікелей байланысты. Б. адамның не қоғам мүшелері көпшіліктің мақсат-мүддесі қоғамдағы қарым-қатынастың жаңа принциптері мен толық үйлесімділік тапқанда жүзеге асады. Әлеуметтік өзгеріс көпшілік әлеумет тарапынан қолдануды қажет етеді. Оныз әлеу. икемделу баяу жүреді. Мұндай баяу икемделу аккомодаттану деп аталады. Аккомодаттану Б. процесіне ұласпаса, ондай жағдай қоғамдағы бейберекеттікке, бүлікке алып келуі мүмкін.
Әдебиет: Философский энциклопедический словарь. М., 1983; Философиялық сөздік. Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1996.

БЕЛГІ – сезіммен қабылданатын, басқа бір зат, құбылыс, қатынастың өкілі түрінде көрінетін нәрсе. Б. ақпаратты қабылдау, сақтау, өңдеу және беру үшін қолданылады. Контекстке байланысты әр түрлі түсіндірілетін және көпмағыналы таңбаға қарағанда Б-нің кесімді анықталған бір мағынасы бар. Тілдік (нақты бір белгілер жүйесіне енетін) және тілдік емес Б-лерді ажыратады. Тілдік Б-лер бір-біріне тәуелсіз емес және белгілі бір құрастыру, түсіну және қолдау ережелеріне сай тұтастықты қалыптастырады. Нәрсе туралы ақпаратты сол нәрсені тікелей келтірмей-ақ Б. арқылы алу және пайдалану қабілеттілігі абстракты-ұғымдық ойлаумен байланысты адамзаттың мәдени тарихындағы маңызды жетістік болды. Көркем мәдениет саласында өнердің ерекшелігінен пайда болған әрбір өнер түрлерінің өзіндік бейнелеу-белгілеу жүйелері бар. Бояулы сурет өнерінде Б-лік құралымдарға жататындары: сықақ, түс, ырғақ, композиция. Олардың нақтылы тоғысуы белгілі бір мазмұнды, яғни көркем ақпаратты білдіретін Б. жүйесін құрастырады. Заманның мәдени-көркем стилінің Б. жүйесін талдау, оның ділдік типтерін аңғаруға негіз болады. Оның өзі адам санасына тән сол дәуірдегі әлем бейнелерімен танысуға мүмкіндік береді.

БЕЛЛ Даниэл (1919 ж.т.) – американ философы және әлеуметтанушысы, «постиндустриалдық қоғам» теориясын негіздеушінің бірі, футуролог. Өзі қалыптастырған «постиндустриалдық қоғам» концепциясының арқасында Б. батыстағы әлеум. болжамның жетекші өкіліне айналды және АҚШ-тың интеллект. өмірі мен қоғамдық пікірінде үлкен беделге ие болды. Қазіргі капиталистік қоғамдағы дағдарыстық құбылыстарды ол капиталистік экономиканың «рационалдық» принциптері мен гуманистік бағыттағы мәдениеттің арасындағы ажыратушылықпен түсіндіреді. Б. батыстық мәдениеттің дағдарысы туралы «діни орталықтық» ұстанымды дамытады және дағдарыстан шығу жолы ретінде діни жаңғыруды ұсынады.
Әдебиет: Б-дің негізгі еңбектері: «Идеологияның ақыры» (1960); «Келе жатқан постиндустриалдық қоғам» (1973); «Капитализмнің мәдени қайшылықтары» (1976).Философия. Энциклопедический словарь. – М., 2004. – 82-83 бб.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет