Қр бғМ Ғк философия, саясаттану және дінтану институтының



бет65/267
Дата20.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#109258
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   267
Байланысты:
Филос Энцикл Создик Документ Microsoft Office Word (2)

Әдебиет: Философский энциклопедический словарь. М., 1983; Философиялық сөздік. Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1996.

БИОГЕНЕТИКАЛЫҚ заң – табиғаттағы әрбір тірі организмің жеке дамуы (онтогенез) кезінде сол түр эволюциясының (филогенезінің) аса маңызды кезеңдерін қысқаша және жылдам қайталап өту заңдылығы. Мұндай заңдылықты 1864 ж. неміс эмбриологы Ф. Мюллер (1821 – 1897) және 1866 ж. неміс ғалымы Э. Геккель (1834 – 1919) өз зерттеулерінде дәлелдеп берген. Б.э. онтогенездік пен филогенездік дамудың арасында болатын өзара тығыз байланыстылыққа негізделген. ХІХ ғ-да Санкт-Петербургтік акад. К. Бэр бір типке жататын көптеген жануарлар ұрығының дамуында бір-біріне ұқсас белгілердің болғандығын анықтаған. 1910 ж. орыс ғалымы А. Н. Северцев (1866 – 1936) Б.з-ды тағыда нақтылай түсіп, онтогенез кезінде филогенездік дамудың барлық сатысы түгелдей қайталанбайды, тек олардың ұрықтарының даму сатысы ғана тез арада қайталанады деген қорытынды жасады. Мұны ғылымда А. Н. Северцевтың филэмбриогенез теориясы деп атайды. Мыс., желілер (хордалылар) типіне жататын балықтардың, қос мекенділердің, бауырмен жорғалаушылардың, құстардың, сүтқоректілердің (осы класқа жататын адамның да) ұрықтарының алғашқы даму сатысында біріне-бірі ұқсас белгілері (дене тұрқының ұзынша болуы, хорданың, жүйке түтігінің, желбезек саңылауларының пайда болуы, және т.б.) қалыптасады. Бұл олардың арғы ата-тектерінің туыстық жақые екендігіне дәләл бола алады. Э. Геккель барлық көп клеткалы жануарлардың арғы ата-тектері қазіргі гидраға ұқсас жануарлар деген қорытынды жасаған, өйткені олардың бәрінің даму кезеңінде гаструла сатысы болатындығы анықталған. Онтогенездік даму кезінде тұқым қуалайтын өзгергіштік белгілері пайда болады да филогенездік дамуға негіз болады. Б. з-ның қағидаларының дұрыс екендігін орыс ғалымдары А. О. Ковалевский (1840 – 1901), И. И. Шмальгаузен (1884 –1963) зерттеулері дәлелдей түсті. Оның негізгі қағидаларын палеонтол., салыстырмалы анатом., эмбриол., соңғы кездегі биохим., генетик., т.б. зерттеулер де дәлелдеді. Б.з. қағидалары организдердің өзара туыстық жақындығын анықтауға және эволюциялық процестердің даму бағыттарын дұрыс түсіндіруге негіз болды.
Әдебиет: Философиялық. сөздік. Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1996.

БИОЭТИКА – биологиядағы этикалық мәселелерді қарастыратын ғылым. Адам ғұмырын ұзарту, жасанды адамдарды өмірге келтіру және бейімдеу, талантты тұлғаларды генетикалық тәсілдермен сұрыптау, тұқым қуалайтын сырқаттармен күрес, адам ағзаларын дәрігерлік мақсаттарға пайдалану, және т.б. қазіргі заманның өзекті мәселелеріне айналып отыр. Б-лық зерттеулерде моральдік қасиеттер бүкіл тіршілікті қамтитын эволюция арқылы сарапталады, оның алға жылжуына септігін тигізетіні – оң құндылыққа, қарсы әрекет ететіні теріс құндылыққа жатады. Б. эволюциялық этика, экологиялық этика, әлеуметтік биология сияқты ағымдармен қатар дамыды. Б-ның дамуына үлес қосқан ғалымдар: Г. Спенсер, Тейяр де Шарден, К. Уоддингтон, Д. Козловский, және т.б. Б-лық мәселелер қазіргі ғаламдық парадигмалармен тығыз байланысты.

Бихевиори́зм – (ағылш. Behaviour) – психологиядағы адамның өзін-өзі ұстау тәртібін түсіндіретін бағыт. Бұл терминді алғаш 1913 жылы Американдық зерттеуші Джон Уотсон қолданған болатын. Бихевиористердің пайымдауынша зерттеу жұмыстарында зерттеу пәні адам мен жануардың санасы емес, олардың тәртібі болуы тиіс.
Әдебиет: Философиялык энциклопедиялык сөздік. М, 1983.

БОДРИЙАР Жан (1929 ж.т.) – француз эстетигі, мәдениеттанушы және әлеуметтанушы. «Постмодерндік сахнаның магі, гуруы, меланхолик Ницше» сияқты теңеулерге ие болған. Постструктуралистік және постфрейдистік «Париж мектебінің» теоретиктеріне жақын ұстанымда болған. АҚШ-тағы осы ағымның көркем тәжірибесіне теориялық талдау берген. Б. өзінің алғашқы еңбектерінде заттар мен «тұтынушы қоғам» құндылықтарына әлеум.-психологиялық талдау береді. Солшыл радикалдық рухта Б. күнделікті өмірдегі зат-таңбаның үстемдігін, оның тұлғадан жоғары тұрғанын сынайды. Ол заттарды: функционалдық (тұтынушы игіліктер), функционалдық емес (антиквариат, көркем коллекциялар) және метафункционалдық (ойыншықтар, роботтар) деп бөледі және соңғыларын болашақ ұрпақ таңдайды дейді. 80 жылдардан бастап Б. симулякр (табиғилық пен мәдениет жетімсіздігінің куәгері) ұғымын жиі қолданады. Заттық ортаның нарциссизмі жоғалған қуаттың симулякрына айналады. Зат реалдылығы принципі бұзылады, оның орнын фетиш, түс көру, жоба (хэппенинг, қараушы және концептуалдық өнер) ауыстырады. Адам өзіне жетіспейтінді затқа таңа береді, тойымдылық жоқ жағдайда мәдениет таңбалық түпсіз тұңғиықпен алмастырылады. Классикалық өнердің түп-қазығын әсемділік, білімділік, құндылықтар иерархиясы, субъектілік құрастырса, постмодерндікте жасанды артефактылар алдыңғы қатарға шығады. Оның орталығында субъект емес, объект тұр. Қалыптасқан жағдайда да, дейді Б., стратегия таңдау қажеттілігі пайда болды. Үш түрлі стратегия бар. Кәдімгі бағдар – ақылды субъектінің объектіде билік жүргізуге ұмтылуы өткен шақта қалды. Мысқылшыл позиция субъектінің объектіден ой арқылы жоғары тұруына негізделген, ол жасанды, ирреальды болып табылады. Тек объектінің мәжбүрсіз ойын ережелерін қабылдаған фатальдық стратегия ұтымды болып шығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет