Қр бғМ Ғк философия, саясаттану және дінтану институтының



бет60/267
Дата20.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#109258
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   267
Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Т. 12. Қазақ этикасы мен эстетикасы. Астана: Аударма, 2007; Мәдени-философиялық энциклопедия. Алматы: Раритет, 2007.

БАТЫРЛЫҚ – қоғамның тарихи дамуына, халық мүддесіне жауап беретін және адамнан ортақ мүддені іске асыруда белгілі бір өзін-өзі құрбан етуге дайын болуды талап ететін, қоғамдық мәнге ие болатын ерекше іс, мінез көрсету арқылы көрініс табатын моральдық сапаны білдіретін этикалық категория. Б. әрекет әркезде адамдағы жоғары моральдық қасиетпен және оның физикалық қабілетімен тығыз байланысты, адамның жеке басынындағы ерекше ерлік қуатты, табандылықты, қайсарлық пен қажырлықты талап етеді. Мыс., Ж.П.Сартрдің түсінігінде батыр – өзін батыр еткен адам. Б. мәселесінің көптеген қырлары – этикалық, психологиялық, эстетикалық, әлеуметтік және т.б. бар. Алайда, философия үшін бұл категорияны әлеуметтік тарихи үдерістердің мәнін зерттеуге негізделетін әлуметтік-этикалық феномен тұрғысынан қарастырудың маңызы зор. Осыған байланысты Б. мәселесін қарастыруда Б-тың өлшемі, оның тарихи формалары, жеке тұлғаның тарихтағы рөлі туралы мәселелер туындайды.
Қазақ қоғамында Б. белгілі бір топтың өкілі ретінде адамға тән қаһармандық қасиеттердің жиынтығы ретінде қарастырылады. Б. – адамның әлеуметтік мұратына, қызметіне сай болатын өзіне ғана тән ұстанымымен, өмір салтымен, психологиялық жүйесімен, наным-сенімімен, дәстүрімен ерекшеленетін феномен. Қазақ даласындағы Б. түсінік жеке тұлға мүддесінің халық, туған ел, туған жер, отан, әлеумет мүддесімен байланысты көрініс табатын кешенді құбылыс болған. Б. сана, ең алдымен, ар-намыс, борыш, азаматтық, аманат, парыз және т.б. ұстанымдарға құрылатын, іске асырылатын әлеуметтік қызмет формасы. Б. мінез қазақ санасында әр кезде әлеумет мүддесіне негізделетін, қоғамдық сипат алатын мінез түрі. Көшпелілер дүниетанымында батыр адамның өмір салты, тіршілік дәстүрі халықтың өмір жағдайымен, дәуірлік уақыт пен кеңістікке тікелей байланысты қарастырылады. Б-тың тағы бір ерекше белгісі өлімге деген көзқарасының басқалардан өзгеше болуы. Сондықтан қазақта «ер өзі үшін туады, елі үшін өледі» ерекше түсінік болған.

БАТЫСШЫЛДАР – осылай деп XIX ғасырдың басындағы Ресейде Батысты жоғары қойып, батыстың рухани даму жолын ең тиімді деп санаған орыс интеллектуалдарын атаған. Олардың ең алғашқысы және бірегейі Петр Чаадаев болған. Ол өзінің француз тілінде жазылған «Философиялық хаттарының» аудармасын «Телескоп» журналында жариялағанда (1836), оған патша Николайдан бастап, бүкіл Ресей интеллигенциясы қарсы шыққан. Осыған байланысты кейін славяншылдық бағыты пайда болған. Олардың айтуынша Ресейдің Батыстан бөлек өз жолы бар, ол ұжымдық сананың һәм православиенің жолы. Сол кезден бастап, бұл екі бағыт адамзат дамуына кейінірек қосылған әрбір ұлтта бар. XX ғ. басында пайда болған Алаш қозғалысы алғашқы қалыптасу кезеңінде Б. сипатта болған, кейін революция тұсында оның құрамында орыстың славяншылдығына ұқсас пантюркизм және панисламизм бағыттары қалыптасқаны белгілі.

БАХТИН М.М. (1895 1975) көрнекті әдебиеттанушы, философиялық антропологияның белгілі өкілі, эстетик. Оның есімі философия мен мәдениет тарихы салаларында елеулі жаңалықтарымен танымал. Ол Ф.Достоевский романдарындағы диалогтық құрылымдарды зерделеген, «басқа» сөзінің түрлерін ажыратып берген, «күлкі-әзіл мәдениеті» категориясын жан-жақты талқылаған, ортағасырлық және Қайта Өрлеу мәдениеттеріндегі «ресми» (шіркеулік) және «халықтық» (карнавалдық) типтерді айшықтаған. «Франсуа Рабле шығармашылығы және ортағасырлар мен Ренессанстың халықтық мәдениеті» (1965) атты еңбегінде Б. карнавалды халық мейрамы ретінде көрсетіп, оның жаңғыртушы бастауларына үлкен назар аударады. Бұл «дұрыстықтардың», «өмір бейнелерінің», «адам тағдырларының» алмасатын уақыты – тазалаушы күлкі уақыты. Осы сипатта Б. өндіруші «төмендіктердің» бейнесі болып табылатын, күлкі тудыратын «көңілді материя» категориясын арнаулы негіздеді. Бұл тым өзін жоғары бағалайтын дандайсыған адамдарды тәубеге келтіруге бағытталған. Халық өмірінің бір бастауы күлкі адамды жоғары көтереді, оның рухының толық ашылуына мүмкіндік туғызады. Достоевский поэтикасында Б-ді адам тағдырының шұғыл бұрылыстары қызықтырады. Күлкі-әзіл мәдениеті авторды шынайы өмір трагедияларын терең түсінуге мүмкіндік береді («Достоевский поэтикасының мәселелері»). Б. көркем сөздің жалпы мәселелерімен де айналысты («Сөз өнерінің эстетикасы»). Бұл зерттеу асқақтық еріктен гөрі, үйлесімді әрі салқынқанды стилімен дараланады. Зерттеуші бұл ізденісінде тек сөзді емес, сонымен бірге адамды, авторды, оның өмірлік тағдыры мен бетбұрыстарын көпырғақты мәдени қалыптарда зерделейді. Адамтану мәселелеріне байланысты Б. қылық категориясына арнайы назар аударады және осы арқылы адамның рухани өсу сатыларын айқындайды («Қылық философиясына») Б. еңбектері адамдық мәдениетті зерделеуде өзінің жан-жақтылығымен және тереңдігімен көзге түседі. ХХ ғ. мәдениеттануында Б-ның еңбектері ерекше орын алады.
Әдебиет: Философия. Энциклопедический словарь. – М., 2004. – С. 80.

БАШЛЯР Гастон (1884 1962) француз философы, неорационализмнің негізін қалаушы. Батыстық сциентизм жағдайында ол жаңа ғылыми рухқа, классикалық емес мәдениет талаптарына сай жаңа ғылыми әдістемені негіздеуге ұмтылды. Ол өз ілімін бірде «қолданбалы рационализм», бірде «диалектикалық рационализм», кейде «техникалық рационализм» деп атаған. Б. бойынша, «таза ақыл» (рационализм) мен «таза тәжірибе» (эмпиризм) ұстанымдарынан бас тартып, оларды органикалық негізде қосу қажет. Б. білім дамуының мына кезеңдерін атап өтеді:1) ғылымға дейінгі (таза эмпиризм үстемдік етеді); 2) ғылыми (рационалды абстрактылы ойлаудың қалыптасуы); 3) жаңа ғылыми рух немесе ғылымның классикалық емес кезеңі. Бұл үшінші кезеңде түпкілікті ақиқаттардан бас тартылады, ғылым ашық жүйе болып жарияланады және ол тәжірибелік тексерулерге дайын тұрады. Сонымен қоса, ол ғылымды таным құралдарының жиынтығы деп қарастырады. Б. үшін ең маңыздысы – адамның синтездеуші шығармашылық қабілеті. Ал бұл, Б. бойынша, сананың спонтандығынан туады және ғылым, поэзия және басқа да рухани мәдениет формаларын біріктіре алады. Б. көзқарастары қазіргі постмодернизмге де, К. Поппер мен Т. Кун тұжырымдамаларына да жақын. Негізгі еңбектері: «Жаңа ғылыми рух» (1934), «Рационалды материализм» (1953), «Қолданбалы рационализм» (1962).
Әдебиет: Әлемдік философиялық мұра. Т. 15. Алматы: Жазушы, 2006; Философия. Энциклопедический словарь. – М., 2004. – С. 80.

БЕДЕЛ – адамның жалпы жұрт мойындаған қадір-қасиеті, ықпалы, көзқарастар жүйесі немесе белгілі бір қасиеттеріне, сіңірген еңбегіне көрсетілген лайықты құрметті білдіретін ұғым. Б. – белгілі бір адамның, топтың, қоғамдық ұйымның, әлеуметтік институттың жалпы әлеумет қабылдаған, мойындаған қабілеті мен еңбегі. Б.-дің ресми және бейресми түрлері болады. Б. алдын ала белгіленіп қойған, маңдайға жазылған нәрсе емес, ол әлеуметтік қызмет барысында қалыптасады. Б. қоғамдық қатынас ретінде адамдардың қоғамдық нормаларға, әлеуметтік тәртіпті ұстап тұру құралдарына бағынудың тарихи өзгеріп отыратын формасын білдіреді. Ықпал ету аясы мен тәсіліне қарай Б. саяси, моральдық, ғылыми, тәрбиелік және т.б. түрлерге жіктеледі, яғни билік, ғылым, өндіріс, тәрбие салаларында кеңінен іске асырылып отырады. Б. билікті жүзеге асыру тәсілдерінің бірі де болып табылады. Экономикалық және саяси қатынастарға байланысты Б-дің қолданылу аясы, оның негіздері және Б. иегерінің өзі өзгеріп отырады.
Қоғамдық реттілік мемлекеттік механизмдерсіз сақталып отырған алғашқы қауымдық құрылыста тәртіп дәстүр, дағды күшімен, беделге немесе құрметке ие болған адамдар арқылы сақталып отырды. Құл иеленуші қоғамда моральдық Б. құлдық езгімен ауыстырылды. Орта ғасырда Құдай және Пайғамбарлар, «қасиетті» адамдар Б-і жоғары маңыздылыққа ие болды. Олардың Б-і Құран Кәрімде, Хадистерде, Інжілде бекітіліп отырды. Қайта Өрлеу дәуірі мен жаңа заманда діни Б. теріске шығарылып, моральдық Б-дің (Т.Гоббс) маңыздылығына назар аударылды. Гоббстың түсінігінде Б. білімге немесе қандайда бір адамның даналығына негізделуі тиіс болды. Т.Гоббс: «Мен кімнің өкімі, кімнің үлгісі қандайда бір басшылыққа алынатын болса, соны бедел деп атаймын…» (Т.Гоббс, Таңд. ШЖ., М., 1926, 197 б.) – деп жазады. ХVІІІ ғ. француз материалистерінің (Гольбах, Гельвеций, Дидро) еңбектерінде құдай Б-і саналы құқық Б-мен ауыстырылады. Гольбахтың айтуынша, «елес болып көрінетін құдай беделіне қарағанда, ізгі адамдарды ұлықтайтын және қылмысты жазалайтын» саясат «біршама құрметтеу сенімін орнықтырады…» («Табиғат жүйесі, М., 1940, 345 б.). Батыстық индивидуализмнің дамуы адам еркінің автономиялылығын бекіту үшін моральдық Б-ді теріске шығаруға әкелді. Фихте этикасында «таза Мен» ұяты әдептіліктің жалғыз өлшемі болып табылды, ал Б-ге бағыну ұятсыздық болып табылды. Ницше этикасында Б. «құлдар» моралінің ұстанымы ретінде жарияланды.
Қазіргі философияда Б-ді түсіндіруде бір-біріне қарама-қарсы екі үрдіс орын алады, олар: фашизм идеологиясы (фюрерге табыну) шеңберінде өзінің ұшқары формалары арқылы көрініс тапқан авторитаризм (Б. иесінің шексіз күнәсіздігін мойындау), яғни кез-келген Б-ді нигилистікпен теріске шығару және «жеке тұлғаның абсолютті еркіндігін» анархиялық жолмен уағыздау. Мыс., К.Ясперс адам қандайда бір жағдайды таңдауда ерікті дей отырып, адам бостандығы «Б-дің шүбәсыздығына» және тіпті «билік беделіне» негізделетіндігін көрсетеді (К.Ясперс, Свабода и авторитет, 1951.). Тәртіп сақтау құралы ретінде Б. өндірісте, билікте, басқару ісінде және қоғамдық өмірдің басқа да салаларында адамдардың кез-келген қызмет түрінде кездеседі. Б-дің жеке басқа табынушылыққа айналуына жол бермейтін қажетті шарт болып табылады. Халық бұқарасы мен жеке адамның тарихтағы рөлі Б. туралы түсініктердің негізі болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет