балалар іс-әрекетінің ішкі мәнін түсіну, көру, бақылау; нақты жағдайда дұрыс бағыт табу; ықпал етудің ыңғайлы тәсілін таңдау. Бұнда тәрбиенің жанама жолдарын білу өте маңызды: «Сен өзің білесің, бірақ мен саған айтар едім...»; Педагогикалық епті меңгеруде мұғалімге қандай білім қажет?
Педагогикалық ықпал ету шеберлігі.
Педагогикалық тіл табысу, оның мәні, қызметі, стилі. Педагогикалық еп - педагогтің
оқушылармен, мұғалімдермен, ата-аналармен педагогикалық жалпылық қатынастар орнату шеберлігі. Педагогтің педагогикалықепті игеру шарттары. Педагогтің оқушыларға, ата-аналарға, мұғалімдерге байланыстық ықпал ету тәсілдері. Үгіттеу адамдар психологиясына танымдық және ұйымдасқан ықпалету тәсілі. Үгіттеудің сөздік формалары: дәлелдеу, хабарлау, әңгімелеу, түсіндіру.
Педагогикалық процестегі тиімді үгіттеу шарттары. Үгіттеу – педагогтің оқушыларға, ата-аналарға, мұғалімдерге психологиялық ықпал ету тәсілі. Сендіру түрлері. Сенімнің сөздік формалары: команда, бұйрық, сену немесе талқылау, әзіл арқылы білдіру, мысқыл, жұмбақтап білдіру.
В. А. Кан-Калик Тәрбиелік әсердің нәтижелігіне байланысты педагогикалық қарым-қатынас стильдері:
- бірлескен шығармашылық қызмет негізінде – бұл стиль мұғалімнің кәсіби қызметі мен этикалық көзқарастарының бірлестігіне негізделеді.
- жолдастық байланыс негізінде – жолдастық байланыс, әсіресе педагогикалық қарым-қатынастың маңызды реттеушісі. Алайда қарым-қатынас үдерісінде кез келген эмоциялық көңілдің сияқты да жолдастықтың да шегі болуы қажет. Кері жағдайда ол оқыту тәрбиелеу үдерісінде теріс нәтиже беруі мүмкін.
- қашықтық қарым-қатынас – мұғалім мен білім алушы арасында әрқашан қашықтық байқалады, оқытуда- бедел мен кәсібилікке, тәрбиелеуде – жас пен өмірлік тәжірибеге нұсқау арқылы көрінеді. Бұл стиль шығармашылық ортаны құруға мүмкіндік бермейді.
- қорқыту қарым-қатынасы – қарым-қатынастың жағымсыз түрі. Көбінесе мұны мұғалім қызметін жаңадан бастаушылар қолданылады. Бұл тиімді ортақ қызметті ұйымдастыра алмаушылықпен түсіндіріледі.