Қр білім және ғылым министрлігі әЛ – фараби атындағЫ ҚАЗҰУ


- әзілдесу қарым-қатынасы



бет5/7
Дата02.12.2022
өлшемі0,89 Mb.
#54353
1   2   3   4   5   6   7
- әзілдесу қарым-қатынасы – білім алушыда «оңай» бедел алуға тырысуға негізделеді, мұндай қатынас өз кезегінде педагогикалық этика т алаптарына қайшы келеді. Бұл стиль бір жағынан білімгермен тез байланыс орнатуға деген құштарлықпен, екінші жағынан педагогтық және коммуникативтік мәдениеттің жоқтығымен сипатталады.

Педагогтың сөзі тәрбиелік ықпал ету мен мағлұмат беру құралы ретінде.

  • Педагог сөзі оның іс-әрекетінің құрылымында. Тіл және сөз. Ауызша сөйлеу ерекшеліктері: жағдайлық, кері байланыс, баптау стереотилизациясы, эмоционалдық. Сөз әрекетінің психологиялық құрылымы: мақсаты, мазмұны, формасы. Сөз – мұғалім мен оқушылардың тіл табысу құралы. В.А.Сухамлинскийдің мұғалім сөзі мен оның тиімділігіне деген талаптары туралы. Педагог сөзінің тиімділігінің әлеуметтік-психологиялық факторлары. Сөз мәдениеті, оның элементтері. Мұғалім сөзінің логикасы. Сөздің лексикалық мәдениеті. Сөздің грамматикалық дұрыстығы. Сөз сөйлеу құралдары. Сөз сөйлеу техникалар: дем алу, дауыс, дикция, ырғақ. Педагог сөзін ары қарай жетілдіру жолдары.
  • ҮГІТТЕУ

Үгіттеу – тәрбиеші балалардың сана-сезіміне, тәжірибесіне жүгіне отырып педагогикалық ықпал ету тәсілі. Оның мақсаты – тәрбиеленушілердің ақиқатқа, адамдар іс-әрекетінің мазмұнына, нормаларына саналы көзқарасты қалыптастыру. Үгіттеу – адамның санасына, өзін және қоршаған ортаны түсінуіне әсер ету, оның түсініктерін ғылыми білімнің, моральдың талаптарына сәйкестендіру.
Үгіттеу – бұл адамның немесе ұжымның рационалдық және эмоционалдық салаларына тұтастай ықпал ету. Ол жаңа көзқарастарды, қарым-қатынастарды қалыптастыруға бағытталған.
Үгіттеу екі мағынасында қолданылады: біріншіден, бұл ықпал ету тәсілі немес әдісі, екіншіден, бұл үгіттеп ықпал етудің нәтижесі, яғни белгілі бір ұстанымдарға, өмірлік позицияларға негізделген сенімдер жүйесі.
Педагогикалық практикада үгіттеудің мына формалары кең таралған: әңгімелеу, түсіндіру, дәлелдеу, әңгіме, дәріс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет