Қр білім және ғылым министрлігі әЛ – фараби атындағЫ ҚАЗҰУ



бет1/7
Дата02.12.2022
өлшемі0,89 Mb.
#54353
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
509092.pptx

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ӘЛ – ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ


9 дәріс. Кәсіби шеберлік құрылымындағы педагогикалық
қарым-қатынас.
Орындаған: Ибрай А. Е
Әбдукадыр Г.
Келеманова Р.
Әбдікәрім Г.
ӘЛЕУ ПЕД ЖӘНЕ ӨӨТ, 2 курс
Қабылдаған: Жұмабекова К. Б
Пәннің атауы: Педагогтың шеберлігі
9 дәріс. Кәсіби шеберлік құрылымындағы педагогикалық
қарым-қатынас.
9-шы дәрісте қарастырамыз
Педагогикалық қараым-қатынас
Педагогикалық еп
Үгіттеу
  • ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС

Педагогикалық қарым-қатынас – қарым-қатынастың ерекше түрі, «кәсіби категориясы» болып табылады. Ол әрқашан оқытушы, дамытушы және тәрбиелеуші қызмет атқарады.
Педагогикалық қарым-қатынас – біріккен іс-әрекет қажеттілігін туғызатын, білімгерлер арасындағы байланыстың дамуын орнататын көп жоспарлы үрдіс.
Педагогикалық қарым-қатынастың басқа қарым-қатынас (әлеуметтік, психологиялық, тұрмыстық, кәсіби және т.б.) түрлерінен ерекшелігі - оның оқушылардың дамуы мен тәрбиесіне бағытталған педагогикалық міндеттерді шешуі.
Қарым-қатынастың екі жағы бар: қатынас және өзара әрекеттесу. Қарым-қатынастағы қатынас және өзара әрекеттесу – бұл айсбергтің суүсті және суасты бөліктері сияқты. Суүсті бөлігі – бұл сөздік және сөздік емес әрекеттер қатары болса, суасты бөлігіне адамды қарым-қатынас жасауға итермелейтін қажеттіліктер, мотивтер, қызығушылықтар, сезімдерді енгізуге болады.
Мұғалімнің қарым-қатынас стилі бұл оның бағалауында, бағытталуында, тұлға мен ұжымға ықпал ету тәсілдерінен, басқару стилінен көрінетін мұғалімнің балалаларға, оқушылар ұжымына деген көзқарасының, қарым-қатынасының сипаты.
Педагогикалық қарым-қатынас стилінде педагогтың коммуникативті мүмкіншіліктерінің ерекшеліктері, педагогтың шығармашылық даралығы, педагог пен тәрбиеленушілердің өзара әрекеттесуінің сипаты, оқушылардың ерекшеліктері көрінеді. Қарым-қатынас стилі педагогтың жалпы және кәсіби мәдениетінің деңгейін, оның кәсіби біліктілігін айқындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет