Қр білім және ғылым министрлігі


Фразеологиялық мағынаның қалыптасуы



бет3/4
Дата02.03.2023
өлшемі162,04 Kb.
#71302
1   2   3   4
Байланысты:
4-лекция

Фразеологиялық мағынаның қалыптасуы
Фраземалар шындық өмірде кездескен құбылыстарды қандай да бір ситуацияға, көрініске, оқиғаға ұқсату, байланыстыру мақсатында ғана туындайды
Ассоциативтену құбылысы тіл дамуының ішкі факторларының бірі болып табылады, яғни көп мағыналылық сөздердің, ұғымдар мен тіркестердің қалыптасуына ұйытқы болады. Еркін тіркестердің фраземаларға айналу үдерісі кенеттен пайда болған жоқ. Ғасырлар бойы халық санасында жатталған, қайталану негізінде тұрақталған үрдіс нәтижесі.
“Бас көтеру”, “қарсыласу”, “қарсы тұру” фраземасының мағынасының туындауына еркін тіркестегі ситуация себеп болып тұр. Әдбен қажып, шаршаған адамның басын салбыратып жүретіні белгілі. Ал, “бас көтеру” осы ситуацияға қарсы ұғым. І.Кеңесбаев сөздігінде 2 мағына берген: 1. орнынан тұрды, оянды; 2. жазылды, аурудан айықты.
Лексикалық мағына және фразеологиялық мағына
    • Зат, құбылыс, іс-әрекеттің санада бейнеленіп, тұрақталған ұғымының мазмұны.
    • Лексикалық мағына сөздерді бір-бірінен ажыратып танытатын ең негізгі мағына, ол арқылы сөз жеке даралық (единицалық) сипатқа ие болады.

Лексикалық мағына
    • Сөздің қалыптасқан тұрақты сөз тіркесінде көрінетін лексикалық мағынасы
    • А.А.Потебняның айтуынша, фразеологиялық мағына халықтың, ұжымның жинақталған тәжірибесінің көрінісі

Фразеологиялық мағына
Фразеологиялық бірлік – номинативті тілдік бірлік
Фразема сөйлеуде “сөз” орнына қолданылады. Алайда, оның “лексемадан” бірқатар өзіндік ерекшеліктері бар
Лексема (сөз)
  • Атауыштық мән
  • Белгілейді
  • Бүтін бітімді
  • Халық дүниетанымының жемісі
  • Ауыс/бейнелі мағынасы болуы шарт емес
  • Негізгі мағынаны білдіреді
  • Референттік қасиетін сақтайды
  • Лексикалық мағына болады

Фразема
  • Бейнелеуіштік-атауыштық мағына
  • Бейнелейді
  • Бөлек бітімді
  • Адамзаттың табиғи қабілеті мен қасиетінің жемісі
  • Ауыс/бейнелі мағынада болуы шарт
  • Туынды мағынаны білдіреді
  • Ішкі референттік қасиетін сақтай алмайды
  • Фразеологиялық мағына болады



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет