Қр білім және ғылым



Pdf көрінісі
бет1/32
Дата04.11.2022
өлшемі2,01 Mb.
#47484
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ 
МИНИСТРЛІГІ 
Бекітілген 
ҚР Білім және ғылым
министрлігінің бұйрығына сәйкес 
« ___» _______№ ____ 
ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ 
Магистратура 
Басқару психологиясы 
(2 кредит) 
Алматы, 2019


Типтік оқу бағдарламасы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық 
университетінде құрастырылған 
Авторлар: 
 
Мадалиева З.Б.  әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жалпы және қолданбалы 
психология кафедрасының профессоры, психология ғылымдарының 
докторы; 
Аймаганбетова О.Х. – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жалпы және 
қолданбалы 
психология 
кафедрасының 
профессоры, 
психология 
ғылымдарының докторы;
Файзуллина А.К. – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жалпы және 
қолданбалы психология кафедрасының аға оқытушысы; 
Қалымбетова Э.К. – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жалпы және 
қолданбалы психология кафедрасының доценті, психология ғылымдарының 
кандидаты; 
Баймолдина Л.О. – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жалпы және 
қолданбалы психология кафедрасының доценті м.а., PhD докторы. 
Рецензенттер: 
Токсанбаева Н.К. - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жалпы және 
қолданбалы психология кафедрасының профессоры м.а., психология 
ғылымдарының докторы;
Касымжанова А.А. – «Туран» университеті психология кафедрасының 
доценті, психология ғылымдарының кандидаты
Бағдарлама Республикалық оқу-әдістемелік кеңестің №___хаттамасы, 
«___» ________ 2019 ж. мәжілісінде ұсынылған


АЛҒЫ СӨЗ
Қазіргі қоғамның әлеуметтік-экономикалық, саяси, демократиялық 
өзгерістеріндегі адамның, адами капиталының рөлінің өсуімен адам туралы
ғылымдардың маңыздылығы арта түсті. Сондықтан, қоғам дамуының қазіргі 
кезеңіндегі әр тұлға үшін құнды басқару психологиясының негізгі 
мәселелерін зерттеу бүгінгі таңда ерекше мәнге ие. Психологиялық және 
кәсіби құзыреттілікті кеңейту және тереңдету - бәсекеге қабілетті 
мамандарды даярлаудың, олардың шығармашылық әлеуетін ашудың
сонымен бірге жеке және мансаптық өсудің қажетті шарты болып табылады. 
Осыған байланысты басқару психологиясы саласындағы психологиялық 
білімдердің 
негіздерін, 
нәтижелі 
және 
сыни 
ойлау 
әдістерін, 
коммуникацияның жаңа түрлерін және бірлескен іс-әрекет үрдісіндегі 
адамдар арасындағы қатынастарды жоғары білікті мамандардың меңгеруі 
қажет. 
Болашақ магистрларды кәсіби даярлау курсының мақсаты мен орны 
оның мазмұнының көлемі және интеграциялық сипатымен негізделген. 
Жоғары білім берудегі білім беру бағдарламасының құрылымына 
сәйкес осы бағдарламаны оқыту ұзақтығы 60 академиялық сағатты (2 
академиялық кредит) құрайды. 
«Басқару психологиясы» курсының мәні бәсекеге қабілетті кадрларды 
даярлаудағы жетекші рөлімен анықталады. 
Курстың мақсаты: таңдаған мамандық шеңберінде кәсіби қалыптасу 
үдерісіндегі басқару іс-әрекетінің психологиялық жағдайларын және 
ерекшеліктерін зерттеу және талдау негізінде жоғары білікті мамандарды 
ғылыми негізде даярлауды қамтамасыз ету. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет