Қр денсаулық сақтау министрлігі



Pdf көрінісі
бет21/47
Дата11.12.2023
өлшемі1,28 Mb.
#137146
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   47
Байланысты:
Далелді мед

 
 
 
СҰРАҚ: МЕТА – АНАЛИЗ ДЕГЕНІМІЗ НЕ? 
 
Мета-анализ
- бірнеше клиникалық сынаманың біріктірілген 
қорытындыларының сандық анализі; 

жеке сынамалардың статистикалық анализі. 

бірінші мета – анализ - ХХ ғасырдың басы, Karl Pearson, ішек 
қызбасының алдын алудың нәтижелілігін зерттеген. 
Мета-анализ бірнеше зерттеулердің нәтижесін жалпылау және зерттеу 
нәтижелерінің дәлелділігін жоғарылату үшін қолданылады. 
Мета-анализ 
бұл бір медициналық әрекетті бірнеше клиникалық 
зерттеулерден өткізіп, оның қорытындыларын біріктіріп, сандық талдау 
жүргізу. Талдаудың бұл түрі іріктеу көлемінің ұлғаюына байланысты әр 
жекеленген зерттеулерге қарағанда, статистикалық мүмкіндігі зор, сол сияқты 
емдеу, алдын-алу және диагностикалық шаралардың пайдалыларын таңдауда 
маңызды. 
Мета-анализдің 3 негізгі кезеңі бар:

таңдалған тақырып бойынша ең сенімді мақалаларды жинау; 

мақалалардың 
бұрын 
бекітілген 
критерийлерге 
сәйкестігін 
бағалау:зерттеу әдісі, мәліметтерді жинау әдісі, пациенттердің саны 
бойынша; 

көптеген зерттеулердің сандық нәтижесін біріктіру арқылы, жекелеген 
зерттеулерге қарағанда, статистикалық маңызы зор, бір үлкен зерттеу 
құрастырылады. Мета-анализдің қорытындысы кесте (график) түрінде 
беріледі. Біздің кафедрада екіншілікті зерттеу түрлерін өткенде мета 
анализдер берілген бірнеше мақалалар талданады (нормограмма 
түсіндірілгеннен кейін. Сондықтан мақала ағылшын тілінде болса да, 


26 
зерттеудің нәтижесі кесте (график) түрінде берілгендіктен, студенттерге 
түсінікті. 
Мета-анализдің кезеңдері:

анализдің негізгі мақсатын анықтау; 

нәтижелерін бағалау әдістерін таңдау; 

ақпараттарды жүйелі түрде іздеу; 

сандық ақпараттарды жалпылау; 

оны статистикалық әдістердің көмегімен талдау; 

нәтижелерді интерпретациялау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет