Қр денсаулық сақтау министрлігі


Рандомизирленген бақылаулы зерттеулердің артықшылықтары мен



Pdf көрінісі
бет19/47
Дата11.12.2023
өлшемі1,28 Mb.
#137146
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   47
Рандомизирленген бақылаулы зерттеулердің артықшылықтары мен 
кемшіліктері: 

рандомизирлеу – науқастарды сынақ және бақылау тобына кездейсоқ 
бөлуді қамтамасыз ететін процедура; 

рандомизирлеу
 
топтар 
арасында 
айырмашылықтың 
болмауын 
қамтамасыз етеді. 
Артықшылықтары: 

зерттеудің нәтижесі зерттеушілердің пікіріне тәуелді емес, жүйелі қатенің 
әсері айтарлықтай емес, топтар арасында айырмашылық болмайды; 

зерттеудің ең сенімді, нақты әдісі; 

барлық белгілі және белгісіз факторларға бақылау жасайды; 

мета-анализ жүргізу мүмкіндігі жоғары. 
Кемшіліктері: 

бағасы қымбат тұрады; 

жүргізу әдістемесі қиын; 

этикалық проблемалар болуы мүмкін. 
Бақылау түрлері: 

плацебо-сынау; 

емсіз нәтижені сынау; 

әртүрлі препараттарды қатар сынау; 

әртүрлі дозадағы бір препаратты сынау. 
Рандомизирленбеген зерттеулер: 

науқастың анамнездік мәліметтерін зерттейді; 

топтарды дәрігер құрады; 

субъективтілік, 

топтар толық құрылмаған; 

топтар арасындағы салыстыру нақты емес; 

шешімді дәрігер қабылдайды. 
СҰРАҚ: ЕКІНШІЛІКТІ ЗЕРТТЕУЛЕРГЕ ҚАНДАЙ ЗЕРТТЕУ ЖАТАДЫ? 
ЖҮЙЕЛІ ШОЛУ НЕ ҮШІН ЖАСАЛАДЫ? 
 

Иерархияның шыңында екіншілікті зерттеулер – жүйелі шолу және мета 
анализ тұрады. 
Жүйелі шолу дегеніміз 
- барлық біріншілік зерттеулерді 


24 
қазіргі заманғы әдістердің көмегімен зерттейтін және емдеудің нәтижесін, 
олардың сапасын жинақтап бағалайтын зерттеу. 

Ол ерекше клиникалық зерттеулердің қорытындылары жинақталатын 
ғылыми зерттеу. Жүйелі шолу - зерттеулердің жаңа нәтижелерін алған 
сайын тұрақты түрде жаңартылып отырылады. Жүйелі шолу істелетін іс 
- шараның пайдасын немесе залалын және оны қолдануға болатынын 
немесе болмайтындығын анықтайтын мәліметтерді жинақтайды. Жүйелі 
шолудың нәтижесінде кері әсер анықталуына байланысты кейбір іс-
шараларды қолдануға болмайды. 
Артықшылықтары:

нақты дәлелденген қорытынды алынады; 

біріккен зерттеулердің статистикалық қуатын күшейту арқылы ғылыми 
дәлелдемелердің сенімділігін жоғарылатады: 

әртүрлі нәтиже беретін біртекті зерттеуге қорытынды баға береді; 

соңғы тұтынушы - дәрігерге арналған ақпараттың көлемін азайтуға 
мүмкіндік береді; 

ең жақсы жалпы баға алу үшін дәлелдерді топтастырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет