Қр денсаулық сақтау министрлігі


Ме т а-анализдің артықшылығы



Pdf көрінісі
бет22/47
Дата11.12.2023
өлшемі1,28 Mb.
#137146
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   47
Байланысты:
Далелді мед

Ме
т
а-анализдің артықшылығы


бұл әдіс әртүрлі білім көздерінен алынған ақпараттарды ғылыми негіздеп, 
ұдайы толықтыру жолдарымен жалпылап отырады; 

зерттеулердің статистикалық шынайы емес мәліметтерін біріктіргенде, 
шынайы мәлімет алынуы мүмкін; 

жекеленген топтағы науқастар терапиясының нәтижелерін болжауға 
және болашақтағы зерттеулердің гипотезасын тексеруге мүмкіндік 
береді; 

мүмкін болатын қателерді болдыртпайды; 

нәтижені тура бағалайды; 

ашық жасалады. 
Мета-анализдің кемшілігі: 

автор оң нәтижелерді баспаға жариялап, теріс нәтижелерді жасыруы 
мета-анализ нәтижелерінің бұрмалануына әкеледі; 

ақпаратты іздеуді соңына дейін жүргізбеу және білім көздерін дұрыс 
таңдамау нәтижелердің бұрмалану себептері болады. 
Мета-анализ жүргізу кезінде кездесетін қиындықтар: 

зерттеу түрлерін таңдау, табу; 

ақпараттың біркелкі болмауы; 

маңыздаы ақпараттың жоғалып қалуы; 

салыстырылатын топтар дұрыс сәйкестікпен талданбайды.
 
Кумулятивті мета-анализ
жаңа мәліметтер пайда болған кезде жинақталған 
мәліметтердің кумулятивті қисығының пайда болуын қамтамасыз етеді. 
Проспективті және ретроспективті мета-анализ
жаңа нәтижелер мен ескі 
нәтижелерді біріктіреді. 
Жекеленген мәліметтердің мета-анализ
і - жекелеген науқастардың емдеу 
нәтижелерін зерттеуге негізделген талдау. 

СҰРАҚ: ДӘЛЕЛДІ МЕДИЦИНАНЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ ҚАНДАЙ? 
 
ДМ-нің бірінші кезеңі 
Медик-студенттер, әсіресе, алғашқы курстарда шынайы медициналық 
мақалаларға өте аз мән береді. Мұның себебі көп, дегенмен, ең бастысы олар 
науқасты емдеу және олармен байланысты мәселелерді шешуге қатыспайды. 


27 
Оқу бағдарламаларында белгілі бір тапсырмаларды шешу тапсырылған күннің 
өзінде студенттерді бірінші болып қызықтыратын нәрсе - қалыпты физиология 
және жеке бір аурулар мен жағдайлардың жалпы патофизиологиялық 
механизмі. Негізгі принциптермен танысқан соң диагностика әдістері мен 
емнің болжамын талқылауға кезек келеді. Студенттер белгілі бір науқас үшін 
маңызды мәселелерге тап келгенде ғана мынадай сұрақтарға қызығушылық 
танытады, мәселен: қантты диабет ағымының ерекшеліктері, науқастағы 
полиурияның себептері мен емдеу тактикасы сияқты. Ал күнделікті 
жауапкершілікті мойнына алып, клиникалық шешімдерді қабылдайтын 
тәжірибелі дәрігерлерде, керісінше, басқаша сұрақтар туындайды. Оларды 
ауруларды диагностикалау принципі емес, белгілі бір диагностикалық тест 
нәтижесін интерпретациялау көбірек қызықтырады, сол сияқты созылмалы 
аурудың жалпы болжамы, нақты бір науқастың келешегі, барлық емдеу 
әдістерінің түрлері емес, екі альтернативті варианттардың салыстырмалы 
артықшылықтары мен кемшіліктеріне көңіл бөледі. 
Студенттерде туындайтын сұрақтарды «жалпы» сұрақтарға, ал 
дәрігерлерде туындайтын сұрақтарды «жеке» сұрақтарға жатқызуға болады. 
Көптеген жағдайларда, жеке сұрақтарды сауатты құрастыру, жалпы 
сұрақтарды нақты түсінген жағдайда ғана мүмкін болады. 
Дұрыс қойылған сұрақтар бүкіл дәлелді медицинаның негізін құрайды. 
Дұрыс құрастырылған сұрақ науқастың бірінші кезектегі мүддесіне көп көңіл 
бөліп, күткен жауаптың оңтайлы түрін анықтайды және уақыт үнемделеді. 
Сұрақтар негізгі және қосымша болып бөлінеді. Дұрыс құрастырылған 
негізгі сұрақ екі бөлімнен тұрады: сұрақтың түбірі (кім, не, қайда, неге, қалай?) 
деген сұрақтарға жауап береді және етістік. 
Клиникалық маңызды қосымша сұрақтар төрт компоненттен тұрады: 
(англ.PICO): (2 кесте) 

Patient - науқас және/немесе мәселе және/немесе популяция 

Intervention - іс-әрекет жасау 

Compаrison - салыстыру (егер қажет болса) 

Outcome – нәтиже 
2 кесте. PICO принципі арқылы клиникалық сұрақ құрастыру 
Науқас 
(немесе 
популяция) 
науқастың ерекшеліктері(жасы,жынысы,мамандығы) 
Іс-әрекет 
емі, диагностикасы, организмге әсер ету факторлары 
Салыстыру 
салыстырамыз, плацебо, араласуды шектеу немесе 
оның басқа түрі 
Нәтиже 
іс-әрекеттің нәтижесі қандай? сауығу, госпитализация, 
өлім және т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет