27
Оқу бағдарламаларында белгілі бір тапсырмаларды шешу тапсырылған күннің
өзінде студенттерді бірінші болып қызықтыратын нәрсе - қалыпты физиология
және жеке бір аурулар мен жағдайлардың жалпы патофизиологиялық
механизмі. Негізгі принциптермен танысқан соң диагностика әдістері мен
емнің болжамын талқылауға кезек келеді. Студенттер белгілі бір науқас үшін
маңызды мәселелерге тап келгенде ғана мынадай сұрақтарға қызығушылық
танытады, мәселен: қантты диабет ағымының ерекшеліктері, науқастағы
полиурияның себептері мен емдеу тактикасы сияқты. Ал күнделікті
жауапкершілікті мойнына алып, клиникалық шешімдерді қабылдайтын
тәжірибелі дәрігерлерде, керісінше, басқаша сұрақтар туындайды. Оларды
ауруларды диагностикалау принципі емес, белгілі бір диагностикалық тест
нәтижесін интерпретациялау көбірек қызықтырады, сол сияқты созылмалы
аурудың жалпы болжамы, нақты бір науқастың келешегі, барлық емдеу
әдістерінің түрлері емес, екі альтернативті варианттардың салыстырмалы
артықшылықтары мен кемшіліктеріне көңіл бөледі.
Студенттерде туындайтын сұрақтарды «жалпы» сұрақтарға, ал
дәрігерлерде туындайтын сұрақтарды «жеке» сұрақтарға жатқызуға болады.
Көптеген жағдайларда, жеке сұрақтарды сауатты құрастыру, жалпы
сұрақтарды нақты түсінген жағдайда ғана мүмкін болады.
Дұрыс қойылған сұрақтар бүкіл дәлелді медицинаның негізін құрайды.
Дұрыс құрастырылған сұрақ науқастың бірінші кезектегі мүддесіне көп көңіл
бөліп, күткен жауаптың оңтайлы түрін анықтайды және уақыт үнемделеді.
Сұрақтар негізгі және қосымша болып бөлінеді. Дұрыс құрастырылған
негізгі сұрақ екі бөлімнен тұрады: сұрақтың түбірі (кім, не, қайда, неге, қалай?)
деген сұрақтарға жауап береді және етістік.
Клиникалық маңызды қосымша сұрақтар төрт компоненттен тұрады:
(англ.PICO): (2 кесте)
Patient - науқас және/немесе мәселе және/немесе популяция
Intervention - іс-әрекет жасау
Compаrison - салыстыру (егер қажет болса)
Outcome – нәтиже
2 кесте. PICO принципі арқылы клиникалық сұрақ құрастыру
Науқас
(немесе
популяция)
науқастың ерекшеліктері(жасы,жынысы,мамандығы)
Іс-әрекет
емі, диагностикасы, организмге әсер ету факторлары
Салыстыру
салыстырамыз, плацебо, араласуды шектеу немесе
оның басқа түрі
Нәтиже
іс-әрекеттің нәтижесі қандай? сауығу, госпитализация,
өлім және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: