Р. Әлмұханова, Е. Раушанов, Е. Омарханов Қазақ Әдебиеті



Pdf көрінісі
бет44/76
Дата15.11.2023
өлшемі7,03 Mb.
#122809
түріОқулық
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   76
Байланысты:
Kazak adabietijar

Жиренше Шоңқаұлы 
(1843-1905)
 
– жазушының ел арасынан жинаған аңыздар
-
да оның шешендігі, күлегештігі, қалжыңқойлығы айтылған. Алдағыны біліп 
отыратын көріпкелдігі де бар екен. Абай Құнанбайұлы болыс болған кезінде 
талай салмақты, қиын істерге Жиреншені жұмсаған. Өмірдегі Жиренше мен 
романдағы Жиренше арасында алшақтық байқалмайды. 
Лосовский Владимир Степанович
(туған және қайтыс болған жылдары 
белгісіз) – 1879 жылдан Семей уезінің бастығы, колледждің хатшысы. Ол 
1876-1884 жылдары Үзікбай Бөрібаевтың Абайдың үстінен жазған жалақор
-
лық арыздарын тексеріп, Батыс Сібір генерал-губернаторына баяндап, арыз
-
да жазылғандардың түгел дерлік жалған екенін анықтап, істі қысқартқан. 
Михайлов Евгений Петрович
– шын мәнінде, тегі Михаэлис Евгений Петрович 
(1841-1913) – орыстың революционер-демократы. 1869 жылы Семейге жер 
аударылған. Отаршыл әкімдерден басқа орыс зиялыларын кездестірмегендік
-
тен, Абай Құнанбайұлына алғашқы кезде Ресей мәдениетінің хабарларын 
жеткізуші болған. «Ал кейін орыс тілін еркін біліп, орыс мәдениетін мол, терең 
тани бастаған кездегі Абай озық ойды А.Пушкиннің, Н.Некрасов, т.б. көрнекті 
тұлғалардың төл шығармаларын оқу арқылы, өз дарынымен үйренген. 
Оразбай Аққұлұлы
(1837-1911) – Абайдың замандасы. Көп жылдар Абаймен 
жақсы қарым-қатынаста болған. Кейін Қадиша қызға байланысты дауда 
екеуінің арасы суысып, үлкен жаулыққа ұласқан. Романда оның бейнесі әсі
-
реленбей, деректер негізінде берілген. 
Шұбар
– көп адам «Абай жолындағы» Шұбардың прототипі Шәкәрім 
Құдайбердиев деп ойлайды. Негізінде, олай емес. Кейбір іс-әрекеттері ұқсас 
келгенімен, Шұбар – жалпы ойдан шығарылған жиынтық, әдеби бейне. Жа
-
зушыға ақын туысқандарының ішінен Шұбар сияқты бір бейне керек болған. 
М.Әуезов Шәкәрім Құдайбердиевтің бүкіл жақсы қасиеттерін Дәрмен бей
-
несіне жинақтап көрсеткен 
(Талатбек Әкім)

Әдебиет теориясы 
Эпопея
(
грек. epopoila – тудыру, жазу
) – эпостық шығарманың бір 
түрі; белгілі бір немесе бірнеше тарихи дәуірдің типтік оқиғаларын 
кең көлемді суреттейтін, бірнеше ұрпақ өкілдерінің іс-әрекетін ортақ 
идея мен тақырыптың арнасында, көркемдік тұтастықта баяндайтын 
поэзиялық немесе прозалық ірі туынды. Демек, эпопеяға ортақ сипат-
тар: тарихи тақырып, терең әлеуметтік идея, уақытты реалистікпен 
суреттеу, кейіпкердің даралануы, көркем тіл. 


176
Эпопея алғаш рет Еуропада пайда болды. Оның көрнекті мыса-
лы – антикалық әдебиеттегі Гомердің «Илиада» мен «Одиссеясы». 
Ал түркі халықтарында ерлік істері мен даңқты болған батырларға 
арналған мадақтау өлеңдері мен жырлардың негізінде туған «Манас» 
эпосы бар. 
Жазба әдебиетте орыс халқының көрнекті жазушысы Лев Толстой-
дың «Соғыс пен бейбітшілік», М.Шолоховтың «Тынық Дон», қазақ 
әдебиетінде Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романы эпопеяға жатады. 
1. Мұхтар Әуезов туралы не білесіңдер? Драматург ретінде М.Әуезовтің 
қай пьесаларын білесіңдер?
2. Өздерің тұратын мекенде Мұхтар Әуезов есімімен аталған қандай ғи-
мараттар бар? 
3. Еліміз тәуелсіздік алғалы бері Құнанбай Өскенбайұлы туралы қандай 
зерттеулер жарық көрді? 
4. Кеңестік саясаттың ықпалымен жазылған шығармада Құнанбайдың 
қаталдығы қай сюжеттер арқылы көрінеді?
5. Құнанбайдың аға сұлтан ретінде халыққа жасаған жақсылықтары 
туралы айтыңдар.
1. «Абай жолы» романы не себепті эпопея деп аталған? Сендер «Қаныш 
Сәтбаев» роман-эссесін, І.Есенберлиннің «Көшпенділер» роман-хро-
никасындағы «Қаһар» романын оқыдыңдар. Бұл үш туынды да ро-
ман жанрына тиесілі, сонда олардың эссе, хроника, эпопея деп жік-
телуінің себебі неде? Эпопея сөзін қалай түсінесіңдер? 
2. Абай Құнанбайұлы кездескен ақындар кімдер? Шәкәрім Құдайберді-
ұлының Абайға туыстық қатысы қандай? 
3. Этнография деген не? Романдағы суреттелетін көштер этнографияға 
жата ма? Салтанатты көш қалай бейнеленген? Ол салтанат қандай 
жағдайда жасалатын еді? Ал қаралы көш деген не? 
4. Ілияс Есенберлиннің «Қаһар» романында жоқтауды кім айтқан еді? 
Ал «Абай жолында» кім жоқтау айтты? Бұдан нені байқауға болады? 
5. Ғабит Мүсіреповтің «Ұлпан» романында аталатын Ұлпан көлі Қазақ-
стан картасында жоқ. Сол сияқты «Абай жолы» роман-эпопеясында 
аталатын Полковник аралы да Қазақстан картасында жоқ. Мұның 
себебі неде? 


177
Назар аудар!
«Абай жолының» 1-кітабындағы барлық тарауы бойынша тапсырма 
1. Роман-эпопеядағы әр тарауды оқыған кезде жер-су атауларына мән 
беріңдер. Дәптерлеріңе маңызды мәліметтерді жазып жүріңдер. 
2. Шығарманы оқи отырып, кейіпкерлерді тізімдеңдер. Сөздікте адам 
аттары бойынша берілген анықтаманы пайдаланып, жазушының 
кейіпкер таңдаудағы және оларды сомдаудағы тәсіліне мән беріңдер. 
3. Тарауларды оқи отырып, өздерің түсінбеген сөздерді іріктеп жазың-
дар. Сілтеме бойынша сөздікте жоқ сөздердің мағынасын анықтаң-
дар. https://kazakh.academic.ru/
Олардың арасында көркемдік құрал ретіндегі сөздер болуы мүмкін 
екендігіне де мән беріңдер. Өздерің анықтаған сөздердің мағынасын 
сөздік ретінде дәптерлеріңе жазып алыңдар.
4. Бірінші кітаптағы тараулардың атауларына мән беріңдер. Бірінші 
кітапты түгел оқып болған соң, әр тараудың атауын сызба түрінде қа-
лай көрсетуге болатынын ойлаңдар. Мәселен, сызбаның бастау нүк-
тесі ретінде «Қайтқанда» деп алып, бұл тарауды сипаттайтын бір сөз 
немесе сөйлем жазыңдар. «Қат-қабатта», «Жолда», «Шытырманда», 
т.б. тарау аттарын сызба арқылы қалай жеткізуге болар еді? 
5. Кестені толтырыңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет