Р. Әлмұханова, Е. Раушанов, Е. Омарханов Қазақ Әдебиеті


Сұрақ:  Көкайыл деген нені білдіреді?



Pdf көрінісі
бет67/76
Дата15.11.2023
өлшемі7,03 Mb.
#122809
түріОқулық
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   76
Сұрақ:
 Көкайыл деген нені білдіреді?
a) көп білетін адам
b) долы, ұрысқақ
c) мылжың 
2. «Ал мыналар кімдер? Бұлар кімнің үстінен күн көріп жүр?»
Сұрақ:
 «Кімнің үстінен күн көріп жүр» деген сөз қандай жағдайда 
айтылады? 


235
a) өтірікші 
b) арамтамақ
с) суайт
3. «Тоқтай тұрыңызшы!.. 
(Жолсерік келіншекке). 
Ат-шапан айып тө-
леймін дейсіз бе? Өте жақсы... Мен әрқашан дайынмын!»
Сұрақ:
 «Ат-шапан айып төлеу» дегенде, автор қазіргі заманда нені 
меңзеген?
a) архивтік мұралар
b) әшейін айтылған сөз
с) пара алу 
Оқушы күнделігі
«Тойдан қайтқан қазақтар» пьесасын оқығаннан кейін қандай 
әсер алдың? Өздерің тұрып жатқан жерде осындай даңғазалық, ысы-
рапшылдық, тағы да басқа жағымсыз қылықтар бар ма? Оларды 
сынау қажет пе? Осы мәселеге қатысты ойларыңды жазыңдар. 
Ғаламтор
Сұлтанәлі Балғабаев туралы хабарларды тауып, сыныпта пікірлесу ұйымдас
-
тырыңдар. 
Артық болмас білгенің
«НҰРЛЫ ЖОЛ» ВОКЗАЛЫ
Астана қаласында «ЭКСПО –2017» халықаралық көрмесі өтті. Әлемдік ма
-
ңызы бар осы шара үшін еліміздің астанасында «Нұрлы жол» теміржол вокза
-
лы салынды. Вокзал ғимаратының аумағы – 120 мың шаршы метр. Ол тәулігіне 
35 мың жолаушыны өткізе алады. 


236
Ойталқы
ЗАМАН БІЗДІКІ
1. Қазіргі заманда той қалай өтуі керек? Той мазмұнды өтуі үшін не 
қажет? Қаражат тұрғысынан қандай жоба ұсынар едіңдер? Өз ой-
ларыңды ортаға салыңдар. 
2. Қазіргі қоғамда даңғазалық қай салада көп деп ойлайсыңдар? Оны 
тоқтату үшін қандай шараларды ұсынасыңдар? 
Артық болмас білгенің
Нобель сыйлығы
– әлемдік жаңалықтар ұсынған немесе қоғам дамуына зор 
үлес қосатын әйгілі ғылыми-зерттеу жұмыстар үшін жыл сайын тағайындалатын 
халықаралық сыйлық. 
Атақты Альфред Нобель өзінің ғылым саласына қосқан жаңалықтары арқа
-
сында өте көп мөлшерде табыс тапқан. Кейін есімін мәңгілікке қалдыру мақса
-
тында ғылымның бес саласы бойынша сыйлық тағайындау туралы өсиетнама 
қалдырған. Бұл бес сала: әдебиет, химия, физика, медицина және бейбітшілікті 
нығайтуға сіңірген еңбегі үшін берілген. 
Оның аманатын орындау жұмысы 1895 жылдан бастап қолға алынды. Бес 
сала бойынша алғаш сыйлықтарды беру 1901 жылдан басталды. 
Швед банкі 1969 жылдан бастап экономика саласы бойынша да сыйлық та
-
ғайындады. 
Ойталқы
Құрметті оқушылар, оқу жылы аяқталып келеді, сондықтан екі 
мәселеде талқылау жасауды ұсынамыз. 
1. Елімізде көрнекті жазушыларымыз құнды шығармалары үшін 
Мемлекеттік сыйлық иегері атанады. Сондай-ақ әлемде Нобель сый-
лығы да бар. Сендер қазақтың қай көркем туындысын Нобель сый-
лығына лайық деп ойлайсыңдар? Қазақ әдебиеті бойынша Нобель 
сыйлығын қай жазушыға, қай шығармасы үшін берер едіңдер? Осы 
туралы ойларыңды ортаға салыңдар.
2. Осы оқу жылында ең көп асық жинаған кім, қай топ екенін 
анықтап, жеңімпазды құттықтауларыңа болады. 


237


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет