ҚР Ғылым және Жоғары білім министрлігі Семей қаласы
« Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ
Филиология факультеті
Ғылыми жоба
Тақырыбы: Көтеш Райымбекұлы (1747-1838)
Орындаған: Омыралды А.
Серікқали А.
Топ: КЯЛ-101
Тексерген: Қадыров А. Қ
2022-2023 оқу жылы
Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
а) Көтеш Райымбекұлының өмірбаяны
б) Көтеш ақынның шығармалары
в) Көтеш ақын жайлы ғалымдардың зерттеулері
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
V. Қосымша
КІРІСПЕ
Қазақ хандығы дәуіріндегі ел тәуелсіздігін, ел тыныштығын, халықтың жан айқайын жырлап, сол жыры арқылы көзге түскен жырауларымыз өте көп. Сол жыраулардың қатарына он сегізінші ғасырда өмір кешкен белгілі ақындардың бірі Көтеш Райымбекұлы. Көтеш ақын өмір жолында өте көп өлеңдерді шығарып, сол замандағы ішкі-сыртқы қайшылықтарды көтеріп, өз шығармасына қосып отырды. Бір өкініштісі бұл шығармалары әлі жинақталмай ел аузында жүргені баршамызға мәлім. Өлең шығарумен қатар ақынымыз төкпе айтыскер болған деседі. Осы айтыстың арқасында өзін-өзі пір тұтатын, мақтаншақ жандардың үнін өшіретін өткір тілді жан болған. Көтеш ақынды қазіргі таңда бірі білсе, бірі білмейді. Сол себептен біз Көтеш Райымбекұлын зерттеуді жөн көрдік.
Жобамыздың мақсаты:
Қазақтың ұлы тұлғасы Көтеш Райымбекұлының есімін ел аузына таныту. Шығармаларын жаңғырту болып табылады.
Жобамыздың міндеті:
Ел қамын ойлаған Көтеш ақын жайлы жазылған ғалымдардың пікірлері мен деректеріне шолу жасап, Көтеш ақынның есімін жаңғырту.
Көтеш Райымбекұлының өмірбаяны
Көтеш Райымбекұлы – XVIII-XIX ғасырлардың арасында өмір сүрген, жыраулық поэзия өмірінен оқшауланып, жаңа әдебиет нышандарына алғашқылардың бірі болып жол ашқан ақындардың бірі. 1745 жылы қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданында туып өскен. Арғы атасы -Тұрлыбек. Арғын тайпасы Сүйіндік руының Күлік бөлімінн шыққан. Ол ақындықпен жас кезінен шұғылданған. Алғаш рет 17 жасында Абылайға қарсы бас көтерген Мейрам руының намысын жыртқан өлеңі арқылы аты шығады. Оның өлеңдерінің көпшілігі шешендік, нақыл, жұмбақ түрінде халыққа көбірек тараған. Кейін әлеуметтік мәселелерге үн қосып, елінің тарихын, жауға қарсы жорықтарын, өз дәуірінің келелі мәселелерін көтеріп отырған.
Көтеш ақынның туған және дүние салған жылдары белгісіз болғандықтан көпке дейін нақтылы көрсетілмей келді. Шығармалары алғаш жариялана бастағанда, энцклопедиялық басылымдардың өзінде ақынның туған, дүниеден қайтқан мерзімдері белгісіз екендігі ескертілген. Кейіннен зерттеушілер 1945 жылы дүниеге келіп, 1818 жылы қайтқандығын (“Бес ғасыр жырлайды” кітабы, үш томдық) болжап жазылып жүрді. Яғни жетпіс үш жыл жасаған деген болжам әдебиеттану еңбектерінің қолданысында тұрақтала түскен. Алайда, шығармаларындағы, өзге қолжазбаларындағы қисындарға қарағанда, ол 1818 жылдан көп беріге дейін өмір сүрген, жүз жасқа келмеді дегеннің өзінде, ХІХ ғасырдың отызыншы-қырқыншы жылдарына таяған тәрізді.
Ал, қолжазба қорларында сақталған жазбаларда жетпіс үш, сексен үш, тоқсан үш, тіпті жүз жыл жасаған деген пікірлер де кездеседі. Соған қарағанда, ол қайткенде де ұзақ жасап, сексен-тоқсан жасты көріп қайтқан адам.
Көтеш Райымбекұлының шығармалары
Баянауыл өңірінің тумасы Көтеш ақынның даңқы «Абылай, Ботақанды сен өлтірдің» деп басталатын өлеңі арқылы шыққан. Хандық дәуірдегі әдебиетті зерттеуші ғалым М.Мағауиннің жазуынша, Көтеш осы өлеңін шығарған кезде он жеті жаста екен.
Ақынның бұл өлеңіне тән кейбір сипаттарды ХVІІІ ғасырдағы ақындар поэзиясына шолу жасау барысында айтып өткен едік. Негізінде, Көтештің ақындық даңқын шығарған осы өлеңге себепкер болған оқиғаның нақты жай-жапсары белгісіз. Десек те, өлеңнің бірінші шумағын оқи отырып, Мейрам руының Ботақан деген жігіті кісі қолынан мерт болғанын, оның өлімі үшін Абылайды кінәлі санаған жігіттің руластары Хан ордасын қоршай жиылып, құн даулағанын көреміз. Екінші шумақтан аңғарылатын жағдай – Абылай ханның салдырған қаласының өртеніп кеткендігі, сол өрт үшін Мейрам руының Жанай деген адамының кінәланып, қамауға алынғаны, «Мейрам руына жала жабылды» деп ашуланған жұрттың тағы да Хан ордасына келіп, Жанайды босатуды талап еткендігі. Бұл – қос шумақтан тұратын өлеңнен танылатын көріністер.
Алайда өлеңнің нақты мазмұнын айналсоқтап қалмай, өлеңнен көрінетін осы жәйттерге ойлана қарасақ, сол дәуірдегі қазақ халқының өмірінде орныққан Дала демократиясының көріністерін көрер едік. Демек, бұл жағдай жыраулар мен ақындар поэзиясына тек көркем сөз үлгілері ретінде қараудың аздық ететінін аңғартады. Сол себепті хандық дәуірдегі поэзиялық туындыларға сол дәуірдің бейнесі ретінде қарап, соған орай тереңірек үңіле зерделеу абзал болмақ.
Сондай-ақ, ХVІІІ ғасырда ақындар поэзиясының туып, қалыптасуында өзіндік орны бар Көтеш ақынның өлеңдерінен ел өміріне уақыт енгізген өзгерістермен қатар, оның өзіне ғана тән дара мінезі, көзқарасы, таным-түсінігі, өз өмірі мен күнделікті тірлігінің бейнесі де танылатынын ескеру уәжіп. Ал шығармалардан автордың өзіндік даралық белгілерінің көрініс бере бастауы да – ақындық поэзияға тән сипаттардың бірі.
Енді ақын өлеңдерінен танылар осы жәйттерге назар аударып, ақынның өз болмысын, тіршілік жайын бағамдап байқалық. Абылайға арналған алғашқы өлеңінде:
«...Жанайды дәл бүгін күн босатпасаң, Болады ертең жесір қатын-балаң!!!» – деп батыл мінез танытатын он жеті жасар ақынның бұл өткірлігі уақыт өте келе өзгеріп, құбылмалы адам мінезін әжуалай сынауға бейім мысқылшыл мінезге ауысады. Ақынның қолда бар өлеңдерінің астарына жіті үңілсек, оның мінезіндегі бұл өзгерістің себебін де түсінеміз. Ол себеп – қолдың қысқалығы және сол жоқшылықтың өз төңірегіндегі жұрттың ақынға деген көзқарасына, қарым-қатынас сипатына әсер етуі. Ақын мінезіндегі өзгеріс сырына қанығу үшін Көтеш ақынның өз өлеңіне көз салсақ, ол өзінің жағдайсыз күйін, ағайын-жұртына деген өкпе-ренішін:
Күркелінің бауыры күнде дауыл, Көтеш қалды жұртында жалғыз ауыл. Ауырып жатқан көңілімді бір сұрамай, Шын Сексеннің баласы қара бауыр.
Бір жанымның қамы үшін жүрдім саяқ, Не қыламын бұл малды жаннан аяп.
Ауырып жатқан күнімде бір қайырылмай, Ет дегенде қалмапты тайлы-таяқ.., – деп әжуа-мысқылға орай жеткізеді.
Ақын өлеңінен көрінетін сурет те, ақын ағайындарының қылығы да, ақынның өз әрекеті де, көңіліндегі реніш те түсінікті. Ақын өз өмірінің шындығы мен сол шындықтан туындаған ішкі сезімін қаз-қалпында бейнелеп берген. Ал осы бейнелердің мазмұнында жалғыз ақын өмірінің емес, жалпы адам баласының өмірлік шындықтары жатыр. Ол шындықтың негізі – құбылмалы дүние философиясы. Бұл философия – ақын ойында кенеттен пайда болған ой емес, өзімен дәуірлес жыраулар поэзиясында алуан үлгіде алға тартылған ойлардың жаңаша қорытылуы, ақындық поэзия ерекшелігіне лайықтала көрініс беруі.
Мәселен, құбылмалы дүние бейнесі ХVІІІ ғасырдағы Ақтамбердіде:
«Мал-басы өскен адамның Алды-арты бұрқар бу болар. Көтере алмай дәулетін Көрінгенге бу қылар.
...Жетім менен жесірге Қазары ылғи ор болар. Онымен жолы болмайды, Біреуден қайтып қор болар», – деп жырланса, Бұқар жырауда:
«Қара арғымақ арыса, Қарға адым жер мұң болар. Есіл көзден нұр тайса, Бір көруге зар болар. Батпақты сайға су түссе, Атың арып келгенде Өткел бермес кешерге. Қайырсыз итке мал бітсе, Аңқаң құрып келгенде Саумал бермес ішерге...» – деген мазмұнда келеді.
Көтеш Райымбекұлының өлеңдерініңкөпшілігі шешендік, нақыл, жұмбақтүрінде халыққа көбірек тараған. Ақынныңөлеңдерін зерттеп-жинаушылар: Мәшһүр-Жүсіп Көпеев,Бозтай Жақыпбаев,Ғалымжан Мұқатов. Көтештіңшығармалары көркемдікқұндылығыжоғары,идеясы терең, мазмұнды болып келеді. “Абылай, Ботақанды сен өлтірдің”, “Күркелінің бауыры күндедауыл”, “Сексен ерікке қоймады-ау, қалжыратып”, “Қартайғанда қатының дұшпан болады”, “Кәрілік, жылы-жұмсақ ас жарайма”, “Қыз бен Көтеш”, “Көтештің Кіпінеқыз бен айтысы”, “Көтештің Зағипаменайтысы” деген айтыс өлеңдерінде көшпелі халық өмірініңшындығы көрінсе, екіншіден,тоғышарлықты келекелеп, астарлы сөзбен әжуалап отырғаны байқалады. Дәл осындай өлеңінің бірі:
Қартайғанда қатының дұшпан болды,
Баласымен бірігіп қысқан болды.
Келін деген бір дұшпан тағы шығып,
Біреуі іштен, біреу ітыстан болды.
Қартайғанда қатының қазба дейді,
Келінменен балаға жазба дейді.
Ат болса, айғыр болса, солар мініп,
Шолақбайтал қақбасқа аз ба дейді.
«Бала, бала!» деумененмазалымыз,
Баладан болар білем ажалымыз.
Көтеш ақын бұл өлеңінде кәріліктің зардабын арқау етіп соны сипаттайды. Қу жаның қалғанда, бойдағы қайрат-күшің кеткенде өз әйеліңнен, туған балаңнаң артық дұшпан болмайтынын айтып кеткендей. Адам баласына қартайған шағында не берсең де, күтіп баптасаң да ол кезеңде отбасыдан басқа байлық жоқ екенін аңғарады. Халық аңызы бойынша, ақын 1778 жылдары 80 жастан асқан шағында дүниеден озады.
Сексен ерікке қоймады-ау қалжыратып,
Қайтіп өлең айтармын алжып жатып.
Сексен түгіл тоқсаға болмас едім,
Ұсақ турап ет берсең былбыратып,- деген өз өлеңі де оның сексен жасап өлгенін растайды. Қайтыс болар шағында дүнеиедегі ең басты байлық – отбасы екенін аңғарып, осы өлеңді барша жұртқа тәлім етеді.
Көтешті біз ақындар поэзиясының бастапқы өкілі, аты мәлім ақындық өнердің тұңғышы дейміз. Себебі, бұған дейінгі көркем сөз өкілдері не шешен, не жырау аталған және сол аттарына сай шығармалар қалдырған. Ал, Көтеш болса, нағыз ақпа ақындарға тән қасиеттермен танылып, сол ақындар поэзиясы үлгісін ұстаған, қара өлең, жоқтау өлең, қайым өлең жанр түрлерін байытқан.Сондай өлеңдерінің бірі – “Жасыбайдың өлімі” атты жоқтау өлеңі.
Сен өлдің алтын бесік елің үшін,
Құрбап боп ел-анаға өмір күшің,
Ер өлер, ел өлмейді, ер туғызған,
Сақталар ел аузында ерлік ісің.
Батырлар арды сақта, еліңді сүй,
Ел үшін аязға тоң, жалынға күй
Жіберме ердің арын, ел намысын,
Елің үшін қаныңды төк, жаныңды қи.
Келтірілген жоқтау жолдары нағыз елін, жерін сүйген ер азаматтың қадір-қасиеттерін ардақтайды. Дүниенің өткіншілігін, бай да, батыр да өлетінін, ешкімнің өлімге ара тұрмайтынын айта келіп, бірақ ел үшін өткен еңбек босқа кетпейді, оны халық мәңгі қадірлеп есінде сақтайды дей келіп, ер болып туған ұлдың елді қорғауы, сол үшін жанын пида етуі парыз деп кейінгіге үлгі еткен.
Ақын шығармалары өз кезінің талай тақырыптарын көтеріп, ішкі-сыртқы ел қайшылықтарына үн қосқан. Ол өз еліндегі кемтарлар тұрмысын, әлеуметтік теңсіздіктерді де, халықтың мұң-шерлерін толғана жырлады. “Ақтабан шұбырынды ” оқиғасынан мол хабардар Көтеш сол ауыр оқиғаны тебірене толғап, халық хайғысына үн қосады. Ә.Жиреншиннің болжауынша, ел арасына кең танымал “Қаратаудың басынан көш келеді”өлеңін шығарған осы Көтеш.
Қазақстан Ғылым Академиясының қолжазба қорында Көтеш айтқан осы “Қаратаудың басынан көш келеді”өлеңінің бір нұсқасы жатыр.
Қаратаудың басынан көш келеді,
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді,
Жақсы қыздың үйіне күйеу болсаң
Табақ-табақ алдыңа төс келеді...
Бұл өлең жолдарын Көтеш ақын өзінің құдасына айтыпты-мыс. Яғни, жақсы елмен құда болсаң алыстан сыйласасың, сонымен қатар әр уақытта бірлігің жоғалмай сыйлы жан боласың деген мақсатпен бұл өлеңді жазды.
Баянауыл өңірінің тумасы Көтеш ақынның даңқы «Абылай, Ботақанды сен өлтірдің» деп басталатын өлеңі арқылы шыққан. Хандық дәуірдегі әдебиетті зерттеуші ғалым М.Мағауиннің жазуынша, Көтеш осы өлеңін шығарған кезде он жеті жаста екен.
Ақынның бұл өлеңіне тән кейбір сипаттарды ХVІІІ ғасырдағы ақындар поэзиясына шолу жасау барысында айтып өткен едік. Негізінде, Көтештің ақындық даңқын шығарған осы өлеңге себепкер болған оқиғаның нақты жай-жапсары белгісіз. Десек те, өлеңнің бірінші шумағын оқи отырып, Мейрам руының Ботақан деген жігіті кісі қолынан мерт болғанын, оның өлімі үшін Абылайды кінәлі санаған жігіттің руластары Хан ордасын қоршай жиылып, құн даулағанын көреміз. Екінші шумақтан аңғарылатын жағдай – Абылай ханның салдырған қаласының өртеніп кеткендігі, сол өрт үшін Мейрам руының Жанай деген адамының кінәланып, қамауға алынғаны, «Мейрам руына жала жабылды» деп ашуланған жұрттың тағы да Хан ордасына келіп, Жанайды босатуды талап еткендігі. Бұл – қос шумақтан тұратын өлеңнен танылатын көріністер.
Алайда өлеңнің нақты мазмұнын айналсоқтап қалмай, өлеңнен көрінетін осы жәйттерге ойлана қарасақ, сол дәуірдегі қазақ халқының өмірінде орныққан Дала демократиясының көріністерін көрер едік. Демек, бұл жағдай жыраулар мен ақындар поэзиясына тек көркем сөз үлгілері ретінде қараудың аздық ететінін аңғартады. Сол себепті хандық дәуірдегі поэзиялық туындыларға сол дәуірдің бейнесі ретінде қарап, соған орай тереңірек үңіле зерделеу абзал болмақ.
Сондай-ақ, ХVІІІ ғасырда ақындар поэзиясының туып, қалыптасуында өзіндік орны бар Көтеш ақынның өлеңдерінен ел өміріне уақыт енгізген өзгерістермен қатар, оның өзіне ғана тән дара мінезі, көзқарасы, таным-түсінігі, өз өмірі мен күнделікті тірлігінің бейнесі де танылатынын ескеру уәжіп. Ал шығармалардан автордың өзіндік даралық белгілерінің көрініс бере бастауы да – ақындық поэзияға тән сипаттардың бірі.
Айтыстары
Көтеш ақын – айтыскер. Айтыстары өте көп, алайда көбі біздің дәуірімізге жетпеген. Солардың бірі – Көтеш пен Күмпейе сайысы. Көтеш ақынның бала күнінде Қаратауға ел қопарыла ауып барып: «Арғын ауды» - деген бір заман болған. Сонда Қаратауда не көп, шеңгел көп. Ат құйрығы шеңгелмен жұлынып,мінген аттары шолақ болып қалған.Арғындарды тойына шақырып, бір –бір шолақтарын мінісіп барғанда:
-Тым болмаса, «Әу!»-деп үрерлік иттеріңді ертіп-ақ келмеген екенсің дегенде, сонда Көтеш ақынның аузынан алғашқы шыққан өлеңі дейді:
-Қаратаудың басынан көш келеді,
Қара көзден мөймілдеп жас келеді.
-Тағы айт! – дегенде, айтқаны:
-Қаратаудың басынан көш келеді,
Бір кедейге бір кедей өш келеді
Шуылдама,бозбала,дуылдама,
Біреуге ерте, біреуге кеш келеді...
Күмпейе ақын қыз шыдай алмай,
Жеңгелікке жүреді екі зайып,
Өдең сөзді айтамын жұртқа жайып.
Атат шолағын,құдаша,қылсаң айып,
Аса шолақ нәрсенің бәрі айып!
Нәтижелер
Нәтижесінде, Көтеш Райымбекұлының қазақ әдебиетінен ойып тұрып орын алатынын білдік. Зерттеуіміздің арқасында Көтеш ақынның ақындық ерекшелігімен таныс болдық.
Қорытынды
Қорытындылай келе, Көтеш - өлеңді кез келген жерде айтып тастап жүре берген, осы сөздің толық мағынасындағы импровизатор ақын болды дедік. Сондықтан да оның аузынан шыққан жырлардың дені ұмытылған. Алайда, біздің дәуірімізге жеткен шығармаларынан-ақ Көтештің XVIII ғасырдағы қазақ әдебиетінде өзінің орны бар ақын екендігі көрінеді.
Пайдаланған әдебиеттер
Көпеев М. Ж / Қазақ шежіресі, Алматы, Жалын баспасы, 1993 ж.
Мұхтар М. / Бес ғасыр жырлайды, Алматы, Жазушы баспасы, 1989 ж.
Ж.Тілепов. ХІV-XX ғасыр басындағы қазақ әдебиеті-Алматы: Оқулық,2015 ж.
Х.Сүйіншәлиев. Қазақ әдебиетінің тарихы-Алматы:Санат, 2006 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |