ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі



бет2/2
Дата14.06.2023
өлшемі66,09 Kb.
#101346
1   2
Байланысты:
деңгейлік тапсырма сро (копия)

Синтаксистік қатынастың түрлерін табыңдар
Анықтауыштық қатынас:

Пысықтауыштық қатынас:

Толықтауыштық қатынас:

Аянның добы, сөзге шебер, үйдің есігі, гүлді суару, биыл ашылды, алыс жер, көзбен көру, зорға ашылды, терезеде тұр, сенен алды, бес қағаз, ауылда қалды


III деңгей
1. Төмендегі мəтінді оқы, сөйлемдерге синтаксистік талдау жаса. Қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талда.

Бұл өсімдіктің гүлдерідəрі үшін пайдаланылады. Қазтабан мамыр-маусым айларында гүлдейді. Қазтабан өсімдігінің бойышамамен 10-25сантиметрдей. Гүлінің əдемі хош иісі болады. Гүлдері ақ түсті болып келеді.


Қазтабан Қазақстанның шығыс аудандарында жиікездеседі. Олегістік жерлерде, үй айналасында, бақшада жабайы өсетін өсімдіктер қатарына жатады.

Дидактикалық ойындар



  1. Фонетика саласыы бойынша

БУЫНДЫ ҚОС

Дидактикалық міндеті: сөзді буынға бөлу механизмін қалыптастыру.


Құралдар: доп, карточкалар,


Шарты: Балалар шеңберге тұрады, педагог буынды айтып, бір балаға допты лақтырады. Бала допты ұстап алып, бір немесе бірнеше буынды қосып, сөзді жалғастырады. Кім дұрыс айта алмаса немесе тез буынды айтпаса,ойыннан шығып отырады. Мысалы: ас+паз, кі+тап, ба+лық, ба+ла.





  1. Лексика саласы бойынша

КІМ ЖЫЛДАМ?

Дидактикалық міндеті: берілген сөзге синоним сөзді таңдап алуға үйрету; балалардың сөздік қорын дамыту.


Құралдар: әр түрлі сурет кесінділері


Шарты: Педагог сурет көрсетеді, ал балалар мағынасы сөзді тауып, қосымша синоним сөздерді де айтып береді, мысалы:мұғалім – ұстаз, қарт-кәрі және т.б. Жеңімпаз балалар түрлі-түсті жалаушалармен немесе фишкалармен марапатталады.

3.Грамматика саласы бойынша


ШАТАСҚАН СӨЗДЕР?
Дидактикалық міндеті: қосымшалардың сөздерге үстейтін мағыналарын меңгеру

Құралдар: кестелер, сөздер


Шарты: Тақтадағы әртүрлі қосышалары бар сөздер шашырап беріледі, оқушы қажетті сөзді ажыратып,мағынасына қарай ажыратады.

Меншік Мекен Көптік


4.Морфология саласы бойынша


КІМ АЛҒЫР?

Дидактикалық міндеті: зат есімнің септік категориясын меңгеру.


Шарты. Тақтада арнайы кесте беріледі, оқушылар кестедегі сөздерді жылдам септеуі қажет. Кім бірінші тапсырманы орындап біттеді сол жеңімпаз атанады.








Септіктер

Оқулық

Қалам

әже

алма

1

Атау













2

Ілік













3

Барыс













4

Табыс













5

Жатыс













6

Шығыс













7

Көмектес













5. Синтаксис саласы бойынша


СУРЕТТЕР СӨЙЛЕЙДІ.


Дидактикалық міндеті: сурет бойынша сөйлемдерді құрастыруға үйрету; анықтауышты меңгерту


Құралдар: суреттер, плакаттар


Мазмұны. Педагог балаларға суретті көрсетеді. Оқушылар суретке қарап, ерекшеліктерін ескере отырып сөйлемдер құрайды. Кім көп жазса сол жеңімпаз атанады.


Ұзын бұрымды ару. Сары түсті, тәтті қауын

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет