107. – бап. Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру
107. – бап. Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру
Бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде
айыппұл не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан шектеуге не алты айға дейін қамауға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Нақ сол әрекет:
Екі немесе одан да көп адамға қатысты;
Адамның қызметтік жұмысын не кәсіптік немесе қоғамдық борышын орындауға байланысты оған немесе оның жақындарына қатысты;
Аса қатыгездікпен, сол сияқты кінәліге дәрменсіз күйде екені белгілі адамға қатысты;
Ұйымдасқан топпен;
Бұзақылық ниетпен;
Әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, діни өшпенділік немесе араздық тұрғысында;
бірнеше рет жасалса немесе оны бұрын зиян келтірген немесе кісі өлтірген адам жасаса, -
үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
110- бап. Азаптау. Қинау.
110- бап. Азаптау. Қинау.
Қорлау, яғни басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін әдепсіз түрде кемсіту – жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның бір айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салуға, не жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не алты айға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына жазаланады.
Көпшілік алдында сөз сөйлегенде, не көпшілікке таратылатын шығармада, не бұқаралық ақпарат құралдарында қорлау, - жүз айлық есептік көрсеткіштен төрт жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның бір айдан төрт айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салуға не жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бір жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына не сол мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
Жәбiрленушiнiң тарапынан болған зорлықтан, қорлаудан немесе ауыр тiл тигiзуден не жәбiрленушiнiң өзге де құқыққа қарсы немесе моральға жат әрекеттерiнен (әрекетсiздiгiнен), сол сияқты жәбiрленушiнiң ұдайы құқыққа қарсы немесе моральға жат мiнез-құлқына байланысты туындаған ұзаққа созылған психикалық зақым келтiретiн жағдайдан болған қатты жан күйзелiсiнiң (аффект) кенеттен туындауы жағдайында денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру, -
екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
111-бап. Аффект жағдайында денсаулыққа зиян келтіру