ҚР Қылмыстық Кодексі



бет4/8
Дата04.10.2022
өлшемі6,92 Mb.
#41245
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8

115- бап. Қорқыту

  • 115- бап. Қорқыту
  • Өлтіремін деп немесе денсаулыққа зиян келтіремін деп, сол сияқты адамның жеке басына өзге ауыр күш көрсетемін не мүлікті өртеп құртамын деп, жарылыс жасап немесе өзге жалпы қауіпті тәсілмен қорқыту, бұл қорқытудың іске асатынына қауіптенудің жеткілікті негіздерінің бар екендігі кезінде, -
  • Төрт айдан алты айға дейінгі мерзімге қамауға немесе екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
  • Айыппұл – 2 000 000 теңге

119 -бап. Қауіпті жағдайда қалдыру.

  • 1. Өміріне немесе денсаулығына қауіпті жағдайдағы және сәбилігіне, қарттығына, науқастығына немесе өзге де дәрменсіз күйінің салдарынан өзін - өзі сақтап қалу шараларын қабылдау мүмкіндігінен айырылған адамды көрінеу көмексіз қалдыру, кінәлі кісінің ол адамға көмек көрсету мүмкіндігі болған және ол адамға қамқорлық жасауға міндетті болған не оның өмірін немесе денсаулығына қауіпті күйде өзі қалдырған жағдайларда, - елу айлық есептік көрсеткіштен жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде немесе сотталған адамның екі айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге табысы мөлшерінде айыппұл салуға, не жүз жиырма сағаттан - жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бір жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не үш айға дейінгі мерзімге қамауға жазаланады.
  • 2. Көмексіз қалған адамның абайсызда өліуіне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекет, - бес жүз айлық есептік көрсеткіштен бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде сотталған адамның бес айдан он айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салуға не алты айға дейінгі мерзімге қамауға, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

120. -бап. Зорлау

    • Зорлау, яғни жәбірленушіге немесе басқа адамға күш қолданып немесе оны қолданбақшы болып қорқытып, не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып, жыныстық қатынас жасау, - үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
    • Зорлауды:
  • а) адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаса;
  • б) өлтіремін деп қорқытумен ұштасып, сондай-ақ жәбірленушіге немесе басқа адамдарға қатысты аса қатігездікпен жасалса;
  • в) жәбірленушінің соз ауруын жұқтырып алуына әкеп соқса;
  • г) бірнеше рет немесе бұрын нәпсі құмарлық сипаттағы зорлау
  • әрекеттерін жасаған адам жасаса;
  • д) көрінеу кәмілетке толмағанға жасаса,- бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет