Он төрт жасқа жетпегендігі айқын адамға қатысты күш қолданусыз азғындық іс - әрекеттерді жасау – төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады
пайдакүнемдік ниетте жасалса, - мүлкін тәркілеп немесе онсыз жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер оларды:
ұйымдасқан топ жасаса;
ұрланған адамды пайдалану мақсатында жасалса;
абайсызда жәбірленушінің өлуіне немесе өзге ауыр зардаптарға әкеп соқса, мүлкін тәркілеп немесе онсыз он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
130 – бап. Жала жабу
130 – бап. Жала жабу
Жала жабу, яғни басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін немесе оның беделін түсіретін көрнекті жалған мәліметтер тарату, - жүз айлық есептік көрсеткіштен екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның екі айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салуға не 120 сағаттан 180 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бір жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына жазаланады.
Көпшілік алдында сөз сөйлегенде, не көпшілікке таратылатын шығармада, не бұқаралық ақпарат құралдарында жала жабу, - екі жүз айлық есептік көрсеткіштен бес жүз айлық есептік (2 млн теңге) көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның екі айдан бес айға дейінгі кездегі жалақысының немесе өзге табысының мөлшерінде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімге қамауға жазаланады.
Адамды сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптаумен ұштасқан жала жабу, - үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.