ҚР жоғарғы білім беру жүйесі



Дата11.12.2023
өлшемі16,72 Kb.
#137233
Байланысты:
ҚР жоғарғы білім беру жүйесі


ҚР жоғарғы білім беру жүйесі
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Тәуелсіз Қазақстанның жоғары білім жүйесін бетбұрыстандыру бірнеше кезеңнен тұрды: 1
кезең – жоғары білім жүйесінің заңдық және нормативтік құқықтық базасының қалыптасуы
(1991-1994 жылдар); 2 кезең – жоғары білім жүйесін модернизациялау, оның мазмұнын жаңарту
(1995- 1998 жылдар); 3 кезең – білім беру жүйесін қаржыландаруды орталықсыздандыру, білім
беру мекемелерінің академиялық еркіндігін кеңейту (1999-2000 жылдар); 4 кезең – жоғары
кәсіптік білім беру жүйесін стратегиялық дамыту (2001 жылдан бастау алған қазіргі кезең).
Қазіргі Қазақстандық білім жүйесі
Білім берудің Болондық үлгісі
Қазақстандағы ЖОО санының кемуі
Кәсіптік білімнің жұмыс табуда маңыздылығы
Пайдаланған әдебиет
Қазіргі Қазақстандық білім беру жүйесі«Білім туралы» Заң (1999 жыл), «Білім» мемлекеттік
бағдарламасы (2000 жыл), «2010 жылға дейінгі білімді дамыту стратегиясы» (2001 жыл), «2005-
2010 жылдарға арналған білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» (2004 жыл) сияқты
стратегиялық нысандағы құжаттармен бекітілген.
Көптеген жоғары білім беру мекемелері Қазақстан Республикасының жоғары білім жүйесінің
әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялану міндетінен білім берудің Болондық үлгісін жүзеге
асыруда, ол төмендегідей деңгейлерден тұрады:
1. жоғары базалық білім/ жоғары арнайы білім: бакалавриат – «бакалавр» дәрежесін
беретін жоғары білім беру бағдарламасы;
2. жоғары ғылыми-педагогикалық білім: магистратура – «магистр» академиялық
дәрежесін беретін жоғары ғылыми-педагогикалық бағдарлама;
3. докторантура PhD – бұрынғы ғылыми-зерттеу кадрларын даярлау жүйесінің орнын
басатын бағдарлама.
Мазмұны
Қазіргі Қазақстандық білім жүйесі
Білім берудің Болондық үлгісі
Қазақстандағы ЖОО санының кемуі
2012 жылы Қазақстандағы ЖОО саны 2008 жылмен салыстырғанда 5-еуге кеміген. Жоғары білім
беру жүйесіндегі мұндай үрдісті Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің
ЖОО қоятын талаптарының артқанын, мемлекетік бақылау мен үйлестіру, реттеу шараларының
қатаңдағанымен түсіндіре аламыз. Сонымен бірге жеке меншік ЖОО санының артуы оларға
автономияның көбірек берілуінен, ал шешім қабылдау үдерісі орталықсыздандырылып, ЖОО
басшылығына берілгенімен анықталады. Егер бұрын мемлекет экономикамен қатар, өз
жоспарларын жүзеге асыру үшін мамандарды даярлауды да жоспарлаған болса, қазіргі күні
жоғары білім жүйесі ұлттық және халықаралық еңбек рыноктарының талаптарын ескеруге
тырысады. Қазіргі күні Қазақстанда жоғары білімді мамандарды даярлаудың салалық жүйесі
басым, ол гуманитарлық және техникалық ғылымдар саласындағы білімін үйлестіретін, жанжақты білім алған, бірнеше шет ел тілдерін меңгерген, басқарушылық бейімі бар жаңа
ғасырдың жұмысшы күшін дайындауды біршама шектейді. Даярлаудың мұндай деңгейін
негізінен университеттер қамтамасыз етуге қабілетті. Мұны жоғары білім жүйесінде
университеттік типтегі білім беру мекемелері басым дамыған елдер тәжірибесі көрсетеді. Білім
жүйесі, оның ішінде жоғары мектеп халықты жұмыспен қамтуды ынталандырып,
жұмыссыздықты қысқартуда маңызды рөл атқарады. Ол еңбек рыногынан жастардың бір
бөлігін тарта отырып, әлеуметтік шиеленісті әлсіретеді.
Кәсіптік білім адами капиталдың қалыптасуын қамсыздандырады. Адами капитал табыс әкеле
алатын адамдағы қабілеттердің мөлшерін білдіреді. Ол тума біткен ақыл-ой мен физикалық
қабілет, дарын, сыйды ғана қоспайды, сонымен бірге алынған білім мен біліктілікті қосады.
Жұмысшы күшінің біліктілік деңгейі адами капиталдың жағдайын көрсетеді. Адами
капиталдың артуы еңбеккерлердің кәсіптік-біліктілік деңгейінің өсуін бейнелейді. Кәсіптік
білім, біліктілік алу жұмысқа орналасу мәселесін шешуде еңбеккер үшін өте маңызды болып
табылады. Жұмыс беруші үшін білімі туралы дипломның болу факті, сол адамның белгіленген
іріктеуден өтіп, сапалы (білікті) жұмысшы күші категориясына енгенін білдіреді. Көптеген елдер
шешуші маңызды экономикалық міндеттердің арасынан жылдам өзгеруші экономика,
технология мен халықаралық сауда жағдайларына бейімделу мүмкіндіктерін күшейту
қажеттілігін ерекше көрсетеді. Жоғарыда аталған үдерістердің қарқынына теңсіз әсер теріс
өңірлік, ұлттық, жергілікті салдарға алып келетін тұтас бір мәселелер кешенін тудыруға
қабілетті. Жоғары білім осындай көптеген теріс үрдістерді болдырмауға қабілетті болып
табылады. Мұндай үрдістерден шығу жөніндегі шешімдер ұлттық, жергілікті, өңірлік,
әлеуметтік және мәдени құндылықтарды ескерумен жүзеге асырылуы тиіс.
ҚР 2005-2010 жылдарға арналған білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы
Дамитов Б.К. Жоғары білім бойынша заңды және нормативті құжаттар жинағы. ҚР
Білім және Ғылым Министрлігі.- А., 1996.-132б.
Современное состояние высшего образования в Республике Казахстан// Вестник
высшей школы- А., 2005.-С.92.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет