Р. К. Бекмагамбетова педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент



Pdf көрінісі
бет20/24
Дата10.02.2023
өлшемі5,16 Mb.
#66908
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
Әлқожаева Н.С. Оқулық-1

3. 
Т¥ЛҒАНЫҢ 
РУХАНИ 
ДҮНИЕСІН 
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ 
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ
3.1. Рухани дүниені қалыптастырудың негізі - имандылық
Қоғамның даму барысында, адамзат өмірінде эр халықтың тілі мен қатар 
салт-дәстүрі де қажетті себептермен дүниеге келді. Ал, адамдардың сол қоғам 
дамуына, сұранысына байланысты тэртібі, заңы, әдет-ғұрып, салт-дэстүр, 
наным-сенімдері, жол-жоралғылары қалыптасады. «Жазу-сызуы, мәдениеті 
болмаған халық»,- деген жансақ пікірді, сонау Орхон-Енесей жазулары арқылы 
жоққа шығарған түркі халқының өркениетті мәдениетінің тамыры тереңде 
екенін, тарихшы-этнограф, философ ғалымдары дэлелдеп берді. Осы өмір сүру 
жолдары, ережелері, адам бойындағы жақсы, жаман қасиеттер, адамдардың 
оқу, білімге, бір-біріне сенуі, бір-бірін сыйлауы, кішінің үлкенді сыйлауы, ата- 
ананы кұрметтеуі, бір сөзбен айтқанда мүсылман адамның бойындағы ізгі
по


қасиеттер жэне «иманжүзді» адамның бойында қандай қасиеттер болуға 
тиісті белгілерді көрсетіп берген еңбек - Құран.
Халқымыздың ереже, тэртіптері жазылған Құран жолы ақиқат жолы, адам 
баласын жамандықтан құтқаратын тура жол, дүниежүзінде ең ықпалды, 
қадірлі өсиет, білім жолы. Құран сүрелерінен мысал келтірелік: Мүжадәла 
(II), «эй иман келтіргендер. Сендерге жиналыста: «Орын беріңдер»,- делінсе 
ашылыңдар. Алла да сендерге кеңшілік етеді. Ал жэне «Тарқаңдар»,- 
делінсе, дереу тарқаңдар. Алла (Т) сендерден сондай иман келтірілгендердің, 
ғылым 
бергендердің 
дәрежелерін 
көтереді...»[61]г
деп 
тэрбиедегі 
тілалғыштық сияқты, жақсы қасиеттердің бірін көреміз. Сондай-ақ Ғалақ /1- 
5/ сүресінде оқыңдар, ол Мухаммед Пайғамбарға жіберген алғашқы аят. Оқу 
аса ардақты деп келтірген. Құранның адам баласын дұрыс жолға 
бастайтынын Ғылымхалда былай көрсетілген: «Құран Кэрім адам баласы 
қаншалық дамыса да, заттық рухани бүкіл мұң-мұқтаждарына жеткілікті. 
Құран: бір сәуле, нұр, білім жэне туралық бұлағы» [61],- деп сонымен қатар 
«Дініміз, тіршілік, өмір сүру жэне белсенді түрде дұрыс істеу діні» [62], дей 
отырып, Құранның және діннің дұрыс жолға бастайтынын анықтай түседі.
Дін - адамның жандүниесінен бастап, қоғамдағы бүкіл процестерді бір 
қалыпқа түсіруге тырысса, бүгінгі тэрбиенің мақсаты да осыны көздейді. 
Екеуі де рухани дүниеге қатысты жэне эр кезеңде қазақ қоғамында жетекші 
бағыт - ислам діні болды болып отырған.
Ислам дінінің уағыздары тек бір ұлтқа немесе мұсылман халықтарына 
ғана емес, бүкіл адамзат баласына арналған. Сонымен бірге, Құранның 
өзінде айтылғандай «Дінде зорлау жоқ» [61], деп Бақара сүресінің (демек, 2- 
сүре) 256- аятында (2-256); айтып өткен. Бұл сүреден біз, дінге зорлап 
сендіру жоқ, оған эркім өзінің ойы, білімі, сенімі, ақылымен илануы керек 
деген түсінікті көреміз. Ислам діні, азғындықты баса көрсетіп, оның 
салдарынан өмірге, тіршілікке зиян келетінін айта отырып, туралық, эділдік 
істеген дұрыс деп көрсетті. Дінді үйретудегі мақсат, Құран арқылы жастарды 
дінге жүгіндіру, бағындыру, сана-сезімін, дүниетанымын діни тұрғыдан 
қалыптастыру емес, өмірге керекті тэрбиелік мэні бар қағидаларды 
халықтық тэрбиенің құрамына енгізіп, сол тұрғыда дұрыс іске асыру. Яғни, 
діни сауаттылықты жүзеге асыру. Ол - білім, көркем мінез-құлық, ақыл, 
адамгершілік, имандылық, достық, бейбітшілік, т.б. қасиеттерді қалыптас- 
тыратын дін. Бақара сүресінің 251-аятында жазылған «Алла (Т) адам баласы- 
ның бірін-бірі арқылы қорғамаса, жержүзі бұзылар еді. Алла, бүкіл элемге 
кеңшілік иесі» [61], - деген сөзінен, өзіміз көріп отырғандай, бұл сүреде 
күнделікті ата-ананың бір-біріңе қайырымды болыңдар, деп айтатын 
ақылының төркіні жатыр. Жер беті кең, оған барлық адамдар сияды. Олар 
бір-бірін қорғап-қолдап жүру керектігін айтады. Солай дей отырып, осы 
сүренің 263-аятында: «Көркем сөз жэне кешірімділік, артынан бұлдану, кейі- 
ту араласқан садақадан жақсы» [61], - деп ескерткен. Біреуге жақсылық жаса- 
саң оған бүлданба, кейіме, шын жүрегіңмен жаса, сөз сөйлегенде әдепті бол, 
сонымен бірге адамдар бір-біріне кешірімді болғаны дұрыс деп уағыздаған.
ill


Құран Алланың Мухаммед пайғамбарга түсірген кітабы деп берілген Құран 
кітабында. Әрине, діни түсінікке толы бұл кітаптан, адамзаттың өмір сүруіне 
кажетті өсиет, насихаттар берілген ереже, уағыздарды көруге болады. Ислам 
дінін зерттеуші ғалым Меһмет Соймен «...Ислам діні... ең соңгы, ақыл. білім, 
мінез-құлық, бейбітшілік жэне ереже діні». «...сенім бойынша өмір сүру 
діні...»[62],-дейді. Осы ойды белгілі тарихшы, профессор С.Б.Дорженов: «Бұл 
дін жалған куәгер болуға, екіжүзді болуға, алдау-арбауга мүлдем карсы. 
Сонымен коса өтірік айтпауға, үрлық жасамауға, темекі тартпауга, ата-ананы 
қадірлеуге, арақ ішпеуге, денені таза ұстауға, орынсыз дүние-мүлік шашпауга, 
өлген адамды қадірлеп-қастерлеп қоюға шақырады» [63], - деп жалғастырады.
Тілі басқа болғанымен, діні бір мұсылман халықтарының алгашқы заңы 
кодексі, ереже тәртібі жазылған жазба ескерткіш - Құран. Құран ол - өлікке 
немесе қабір басында гана оқылатын аяттар жинақталган Кітап деген түсінік 
кең тараган, бірақ ол қате. «Тірі жүрген адамдарға оқылатын бір ереже жэне заң 
кітабы»,-деп түсіндірілген Қүран Кэрімнің түсініктемесінде. Расында да, өсиет, 
уағыздарға толы, үлкен тәрбиелік мэні бар, аса кұнды жазба ескерткіш тірі 
адамға керек сусындайтын қайнар бұлақ тэрізді. Құран араб тілінен аударғанда 
«оқу» деген мағынаны білдіреді. Аты айтып түрғандай ілім, білімге шақырып 
тұрған Құран 114 сүреден тұрады. Ал сүрелер аяттардан тұрады. Шыгыста- 
нушы, ғалым Ә.Дербісалиев, «аййа» (көпше түрі «айат») - «керемет», «құбы- 
лыс», немесе «көрініс»- деген мағына береді деп түсіндірген. Ал, Л.З.Рүстемов, 
«айэт» - «белгі», «ғажайып», «Құранның өлең сөзі», - дегенді білдіреді деп 
көрсеткен. Қүран сүрелерінің барлығы оқырман қауымды, адамзат баласын тек 
жаксылыкка, ілімге, білімге шақырады. Сөзіміз дәлелді болу үшін Қүран 
сүрелеріне ден қоялық. Бақара сүресінің 48-аятында: «Біреу үшін ешкім араша 
түсе алмайтын, ешкімнің қайырымы қабыл болмайтын, ешкімнің бодауы 
өтелмейтін жэне оларға жәрдем болмайтын күннен қорқыңдар»[61], 
деп 
айтылған. Магынасына терең үңіле қарасақ, қалайша керемет, орынды 
айтылған. Бір ауыз сөзбен, гұлама тарихты, тэрбиені ашып тұр. Адамдар бір- 
біріне жэрдемдеспесе, қарайласпаса, бір-біріне қайырымды, мейірімді, ақ ниетті 
болмаса, адам баласының басына қатер төнетінін айта келіп «қиямет күні» 
болатынын есте ұстап, содан корқыңдар деп ескертеді.
Қүран Кэрімде адамның жанына қас қылуға, оның рухани қүқықтарына 
шабуыл жасауға тыйым салынған. Мысалы: «Біреудін намысына, абыройына, 
адамгершілігіне дақ түсіретін бейнеде ойнау, мазақтау, сондай-ақ біреуді қор- 
лау, ғайбаттау, жала жабу, күншілдік істеу, өсек айтуға түжырымды түрде 
тыйым салынсын» [61] - деп, жаман іске қарсылык көрсеткен. Адам бойындағы 
ен жаман қасиет, адамды корлау, зәбірлеу, намысына, ар-үятына дақ түсіру 
екенін бэріміз де мойындаймыз. Өзіміз көріп отырғандай бұл істерге Құранда 
да мэн беріліп, шек қойылған. Демек, бүл да адамзатқа кажетті игілікті өнеге.
Әрине, Құран сияқты өте күрделі шығарманы окып түсіну, оңай шаруа емес. 
Өйткені ол, сөзі астарлы тарихка толы, жаткан бір шежіре іспеттес. Оны 
ғылыми түрғыдан түсіндіріп, окытып, таныстыру біздердің атап айтқанда, 
педагогтардың, тарихшы, филолог, философ т.б. мамандардың міндеті.
112


Құраннын тәрбиеге байланысты сүрелеріне тоқтала кетейік: Құран, ең тура 
жолға бастайды, деп көрсетеді Ісра (9) сүресінде. Аманатқа сенімділік жэне 
қиянаткерлік туралы Ниса (58) сүресінде «Адамдар арасында билік айтқанда 
эділ болу, аманатты мойынға қарыз қылмай иесіне қайтару» туралы айтылса, 
Әнфал (27) сүресінде иманды адамдарға «Өздеріңе аманат еткендерге, біле 
тұрып, қиянат етпеңдер» (84.74 аяттарда), деп ескертеді. Халқымыздың 
«Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ», деп эділдікті шешіп беретін 
билерге жоғары баға беруінің төркіні Құран сөзінен көрініп тұр. Мүминун 
(8) сүресінде «Олар (мүміндер) аманаттарын, берген уэдені қорғаушылар» 
(87.292), ал, Мағарыж (32) сүресінде «...берген уэделеріне қиянат 
қылмайды», деп мұсылман дініне сенуші адамдар уэдеге берік, адал екеніне 
тоқталады, сонымегн қатар жақсылар мен жамандар туралы: Бақара 
сүресінің (200. 202. 204. 207); Ынфиттар сүресінің (13. 14); Лэйіл (5-12); 
Бәийіна (6-8) аяттарында айтылады. Ар сақтау туралы, Фурқан (68) 
сүресінде: «Алла тиым салған істерді істемейді, нақақ қан төкпейді, зина 
жасамайды» (87.313), делінген. 
Осы сүренің 67-аятында: «қаражат
жұмсағанда ысырап етпейді, сараңдық та жасамайды, өз жөнімен ғана 
жұмсайды», деп мұсылман дінін мойындағандар жамандыққа бармайды, эр 
ісін ақылмен ойлап, сенімімен сезіп, сараптап істейді дейді. Сонымен қатар 
әке-шешеге қүрмет етіп бағыну туралы, Ісра (23-25), Ғанкәбүт (8), Лүқман 
(14.15), Ахкаф (15); Бала тәрбиесі туралы: Бақара (223), Кейф (45), Әнфау 
(28), Таһа (123), Тағабүн (14.15), Тахрим (6) сүрелерінде айтылады. 
Осылайша жеке-жеке сүрелер мен аяттарда адамгершілік, имандылық, 
инабаттылық т.б. мәселелерді жіктеп, талдап көрсеткен.
Қүран Кэрім кітабында, адам баласын сорлататын да, бақытқа бастайтын 
да нәпсі делінген. Атаққұмарлық, мансапқорлық, өркөкіректік, өзін басқадан 
жоғары санау - нәпсінің түп төркіні дейді. Біз, Қүранға тек діни уағыз 
ретінде қарамауымыз керек, адамгершілікке, имандылыққа, инабаттылыққа, 
еңбекке, т.б. тәрбиелейтін алғашқы жазба ескерткіш ретінде қарағанымыз 
жөн. Бүл түрғыда, белгілі ғалым, Құранды зерттеуші Саййид Муджтаба 
Мусави Ларидің «Мүсылмандар үшін Қүранның кереметтігі - діни сенімін- 
де, ал зерттеуші ғалымдар үшін ғылыми сенімінде. Жеке түлға мен қоғамды 
басқарудың ғылыми мазмүны мен мүмкіндігін жэне дүние танымды 
ескеретін қабылдау өрістілігі Қүранға тэн» [64], - деген ойы Қүранның 
уақытша ғана қолданатын қүрал емес, жалпы адамзаттың өмір бойғы азығы 
екенін дэлелдей түседі. Құран терең зерттеуді талап ететін жазба ескерткіш. 
Оның қозғаған эр мәселесіне дұрыстап мэн беріп, эр мәселені жеке-жеке 
қарастырып, оқып, біліп зерттеуді заман талап етеді.
Қазақ халқының әдет-ғүрып, салт-дэстүрлерін зерттеуде Қүран ең 
алғашқы дерек болып табылады. Қүранның қолданыста болғанына XV 
ғасырға жуық уақыт өтіпті, осыған қарамастан ол өз құндылығын жоғалт- 
паған, керісінше арта түсуде. Өйткені, Қүран белгілі бір кезеңге ғана немесе 
аз ғана топқа арналған өсиет, ереже емес, ол мэңгі жасайтын, мұсылман 
халқының бэрі бірдей мойындайтын заңы, жазба мұрасы.
113


Құран жолы - білім, ғылым, тәрбие жолы екеніне оны оқып, мазмұнына 
қанық болған адам еш күмэн келтірмейді. Құранның білімге ең тура жолға 
бастайтынын біз төмендегі келтірілген сүре аяттарынан көреміз. Зүмэр (9,10) 
сүресінде: «Білгендер мен білмегендер тең бе? - де, шын мәнінде ақыл иелері 
ғана үміт ала алады» [61],-делінген. Сонымен қатар «Жақсылық істегендерге 
жақсылық бар, деп тек ақылды адамдар білімді, білгір болатынын айта отырып, 
тіршілікте жақсылық істеуге адамгершілік ізгі қасиеттерді адам бойына сіңіруге 
шақырады. Н.Өсерұлы Құранның мақсаты: «...ерте заманда арабтар арасында 
тараған пұтқа табынушылықты түбірімен қопарып жоқ ету, олардың 
имандылық қасиеттерін 
оятып, 
жақсы жақтарын, 
заңдары 
мен діни 
ғұрыптарын, жол-жоралғыларын қалыптастыру, сол секілді яһудейлердің дініне 
қарсы түру, Алла тағаланың өзі сүйген қүлдарын адастырмай тура жолга салу 
еді» [65], - дейді.
Құранды мазмұнына қарай.
1- ші мағынасына байланысты таза діни ғұрыптар бөлімі.
2- ші жалпы адамзатқа тэн жалпыхалықық дәстүрлер тобы.
3- 
ші Исламға дейін пайда болған салт-дәстүрлердің дамуын толықтыратын 
топ (бұған сиқырлық, бақытты, бақытсыз тағдырға сену), деп үшке бөлуге 
болады.
Ал біздің қарастыратынымыз екінші топ - Құранда эр адам өзі өмір сүріп 
отырған қоғамға қызмет етуі керек, сонымен қатар сол қоғамға тэн әдепті 
(этика) сыйлауы жэне ол қоғамға бағынуы керек делінген. Қүранның мазмұны- 
на байланысты, салт-дәстүрге жэне адамгершілік нормаларына қатысты бөлім- 
дерге белуге болады деген ойдамыз.
Құранда салихалы адам бейнесі суреттелген, ол еркектерге байланысты жэне 
эйелдерге тиесілі деп берілген. Мысалы: «Сөз жоқ, мұсылман ерлер жэне 
мүсылман әйелдер, мүмін ерлер жэне мүмін әйелдер бой үсынушы ерлер жэне 
бой үсынушы әйелдер, шыншыл ерлер жэне шыншыл әйелдер, сабырлы ерлер 
жэне сабырлы әйелдер, ықыласты ерлер жэне ықыласты әйелдер...» [61],-деп 
жіктеген. Бұл айтылып отырған мұсылман ерлердің, мүсылман әйелдерден 
өзгешелігі, сол сияқты шыншыл, сенімі мол, сабырлы, ықыласты ерлер мен 
әйелдердің салихалығын білдіреді, олардың өзіндік өзгешеліктері болады дейді. 
Шын мәнісінде, солай емес пе? Әйел өзінің сыпайлығымен, үяңдығымен, 
ізеттілігімен көзге түседі, ер адам ержүректі, қайратты, қайсар болып келеді.
Сенім - жалпыадамзатқа тэн өзінің өмір сүруіне қажетті рухани мүра. Сенім- 
діліктің негізі - гумманистік ой-санада. Ал гумманизмнің тамыры білімнен 
басталады, сонымен қатар өмірде адамдардың бір-біріне моральдық, материал- 
дық көмектен, әділдіктен, сыпайылықтан, шыншылдықтан басталады. Ал 
мұның бэрі Қүран сүрелерінде берілген, біз сол тэлімді жас ұрпаққа ашып, өн 
бойына дарытуымыз қажет. Адамзат мойындаған ата-ана сыйлау, құрметтеу, 
Құран сүрелерінен де өте үлкен орын алған.
Халықтың салт-дәстүрінде ата-ананы сыйламау - қылмыс ретінде қабыл- 
дағаны біздерге белгілі. Құран, Хадис, Ғылымхал, Ғибадат - үл - ислам, Құран 
әліппесі, Иманның шарттары, Шариғат т.б. сияқты діни кітаптардың көптеген
114


мәселелер жөнінде, атап айтқанда тэрбие барысында, ғылыми көзқарасты 
қажет ететін жақтары көп-ақ. Болмысқа сенуден басқа, тәрбиелік мэні бар, 
ғылыммен ұштасып жатқан пайдалы кеңестер мен өсиеттерге толы бұл 
деректердің жазба мәдениетінде, рухани мэдениетімізде алатын орны ерекше 
демекпіз.
Біз зерттеп отырған имандылық идеясы ізгі қасиеттерді бойына жиып, 
осы сеніммен ұштасып жатады. Сенім адамның білімінің негізінде туын- 
дайды.
Мәселен, Иман туралы X. Алтайдың Ғылымхалында айтылғандарға 
арнайы тоқталып педагогикалық тұрғыдан түсініктеме берейік. Теологиялық 
тұрғыдан иманның түпкі негізі, ислам дінінің іргетасы деп алты ереже 
келтіріледі. Ғылыми жұмысымыздың мақсатына байланысты, біз бұл 
ережелерге тоқталмай-ақ, адамның жеке басының қасиеттері туралы айтыл- 
ғандарын көрейік. Аллаға сенген адамды осы бір «...Иман иесін жаман- 
дықтардан, арам ойлардан алыстатады. Оның көңіліне жамандық кірмейтін 
болады, жамандықтан жиренеді» [62], - делінген Ғылымхалда. Мүндай иман 
(сенім) иесі «эртүрлі жамандықтан қолын, тілін жэне көңілін аулаққа 
салады»[62]. Ғылымхалдың мазмұнына терең үңілсек иманы бар адам жаман 
іс істемек түгіл онын ойына жамандық келмейді екен, қандайда бір ғайбат 
сөз айтудан да аулақ. Әрі қарай Ғылымхалда иман туралы айтқан сөздерді 
зерттей берсек жоғарыда айтылған таза ойлар, адал істерді адам тек жұрттың 
көзінше, жақсы болып көріну үшін істемейді екен: «Ешкім көрмейтін жерде 
де Алланың әміріне қайшы жэне мінез-қүлыкка сэйкеспеген эр нэрседен 
сақтанады. Оны ешкім алдай алмайды да жолдан тайдыра алмайды» [62]. 
Яғни, осы иман адамның өн бойынын қасиетіне айналып, рухани даму 
дәрежесін көрсетеді. Имандылық қасиеттері бойына сіңген адамдар 
ешкімнің азғыруына көнбейді, ол өз болмысына, мінез-құлқына сәйкес 
эрекеттер жасап, басқа адамдармен қарым-қатынаста болады. Адамдарға 
ізгілікті көзқарас адамның өзінің рухани имандылығы - сырт көзге жақсы 
көріну үшін емес, оның дүние танымына айналып қалыптасқан қасиеттері. 
Ғылыми педагогика жеке тұлғанын адамгершілік тэрбиесі, дүниетанымын 
қалыптастыру деген түсініктердің бастауы, негізі Ғылымхалдағы осы 
айтылған иман деген ұғымға берілген түсініктермен үйлесуін көреміз. 
Тэрбиенің тағы бір саласы ақыл-ой тэрбиесіне де «Ғылымхалда» көңіл 
бөлінгенін төмендегі түжырымнан көруге болады: «Рухын, көңілін, дүние 
жэне ақыретке пайдалы болатын эртүрлі біліммен қамтамасыз етеді»[62]. 
Имандылық қасиеттердің қатарында эр саладан алған білімдер де орын 
алады екен. Білімді адам өтірікке жоламайтынын ақыл-ойы толып, парасат 
иесі болған. Ондай адамға мактаншақтық жат мінез екенін «Сөйтіп өзін 
өтіріктен, мақтақтаншақтықтан жэне білімсіздіктен қорғайды» [62], деген 
тұжырым анық айтып түр. Білімділіктің тагы бір қасиеті - адам терең 
ойланып, жан-жағын барлап, өз ісінің барлығын ойланып істейді. Иманды- 
лық қасиеттерін бойына жинақтаған адам өзінің білімділігін, не басқа бір 
артықшылығын бетке үстап өркөкіректенбейді. «¥лы Тэңірдің, бүкіл адам
115


баласын тең құқықты жаратқанын біледі. Сондықтан өзін басқалардан жоғары 
көріп дандайсымайды»,- деген сөздер соның айғағы сияқты. Философия, 
психология жэне педагогика ғылымдарында «жеке тұлға» ұғымына түсінік 
бергенде, оның басқа қасиеттері мен бірге өзін-өзі бағалау деген түсінік бар. 
Ғылымхалда бұл туралы да айтылады: «өзін (ержеткен ақыл иесі) басқалардан 
төмен санап ешкімге бас имейді». Яғни, жеке тұлға бойындағы не түрлі ізгі 
қасиеттер, соның ішінде кішіпейілділік пен өзін-өзі бағалай білу, білімділік пен 
парасаттылыгы, т.б. гармониялық үйлесімде болса, сол адам иманы бар жеке 
түлға болады деген түсінік туады. Жоғарыда айтылған қасиеттерге ие болған 
«Ержеткен ақыл иесі», «...адамға, адамшылыққа жарасатын бүкіл жақсы 
мінездерге ие болып, эрі адам баласы үшін пайдалы, эрі толық мүмкін болады». 
Ғылымхалда «Ержеткен эр ақыл иесі адам» [62], - деген ұғым бар - бүл, қазіргі 
кездегі әлеуметтік ғылымдар тұрғысынан қарағанда ақыл-есі толық, өз ісіне өзі 
жауап бере алатын адам деген ұғымды берсе керек. Олай болса, Ғылымхалдағы 
«иман»,- деген ұғымға берген түсініктері терең зерделеп оқу арқылы 
имандылық түсінігі ғылыми педагогикадағы жан-жақты дамыган адам немесе 
жеке тұлға деген ұғымға берілген анықтамаға сана-сезімі жақсы жетілген, 
өмірдегі барлық құбылыстарды ми таразысына салып, өзіндік ой-пікір айта 
алатындай сапалы, білімді, бойына барлық ізгі қасиеттерді сыйгызган, түлға, 
жан-жақты дамыған, тәрбиелі адам болып есептелінеді деген түжырыммен 
ұштасып жатыр. Сондай-ақ жеке адамды жан-жақты дамыту ісі пәрменді түрде 
қолға алынуы керек. Имандылық қасиетті сіңіру барысында эр адам ең 
алдымен, өз халқының перзенті екендігін сезіну, екіншіден, өз халқының 
болашағы сол жекелеген адамдарға байланысты екендігін сезіну керектігін 
ескеру қажет. Демек, эрбір перзенттің бойында ұлттық сезім болуы шарт. 
Үлттық сезім, ұлттық мінез-құлықпен тығыз байланысты екенін ұмытпаған 
жөн. Өйткені, адамның жеке адам болып қалыптасуы эрбір адамның біліміне, 
мінез-қүлқының ерекшелігіне де байланысты.
Әрбір жеке адамның қалыптасуына жэне де адамзаттың даму өрістілігіне 
адамның өзінің мінез-құлқы да эсер етеді. Мінез-қүлық белгілі бір дәрежеде 
қоғамда 
өзгертіліп, 
тәрбиеленеді. 
Мінез-құлықтың 
жағымды-жағымсыз 
болатыны да белгілі.
Бүл туралы Құранда: «Пенденің көңілінде болатын пиғыл екі түрлі-ді. Бірі- 
көркем, бірі - бұзық сипаты. Аяттар мен хадистерде білдірілген жаман мінездер 
60 түрлі... Оның жетеуін атап өтелік:
1. Куфр - дінге сенбеу, дінсіздік.
2. Бидғат-діннен бөлек өз ойынан шығарған уағыз, шаригаттар.
3. Кубр - менмендік, өзімшілдік.
4. Рия - мақтану, өзін-өзі көрсету.
5. Хасау - қызғаншақтық, күншілдік.
6. Бухл - сараңдық.
7. Исраф - дүние шашқыштық,ысырапшылдык [66]. Сөйтіп, мінез-құлықты 
екіге бөледі: Ахлақ замима - жағымсыз, ұнамсыз; ахлақ хамида - мақтаулы, 
игілікті мінез-қүлық. Бүл жоғарыда айтылған мінез-кұлыкка байланысты
ііб


қағидалар ғылыми педагогикамен қатар, Құраннан да орын алып, бір-бірінің 
ойларымен үйлесіп отырғанын көреміз. Ислам дінінің адамды пәктікке, 
эділеттілікке, ар-намыстылыққа, қанағатшылыққа, отанын, елін, жерін 
сүйгіштікке, яғни имандылықтың ізгі қасиеттеріне ие болуға шақыратынына 
көзіміз анық жетеді. Ислам діні ақ ниетті, таза ожданды, иманды адамды 
тәрбиелеуде тәрбиенің ата жолы десек, асыра айтпағандық дер едік. «Құран 
оқу - сүннет, тыңдау - парыз; эрине, Құран Кэрім, негізінен бір жол-жорық 
жэне ғылыми кітап», - деп көрсетті Х.Алтай «Құран эліппесі жэне иманның 
шарттары» атты кітабында.
Ислам дінінен туындап отырған барлық жақсы өсиет, насихаттар -
ізгіліктің алғы шарты. «Ислам діні материалдық жэне рухани жетістіктерді 
эділеттілікпен бөледі, адамның тәні мен жанының тазалығын сипаттайды. 
Ислам дінін қабылдаган адамдар тура жэне саналы өмір сүреді, сонымен 
қатар олар «кұдай алдына ашылудың» мәнін түсінеді» [67],- деп Саййид 
Муджтаба Рукни Мусави Лари ислам дінінің материалдық жэне рухани 
байлықтың арақатынасын ашып көрсетіп, ал дінге сенген адамдардың тэн 
жэне жан тазалығын, рухани байлығын қастерлейтініне біздің назарымызды 
аударады. Құранның мақсаты дейді Саййид Муджтаба Мусави Лари -
адамзаттың өзінің эрбір ісіне жауаптылықты қалыптастыру, соның 
барысында рухани, құндылыгын арттыру [67],- деп көрсетті. Әрине, Құранда 
ғылыми термин жоқ, бірақ оны зерттеу барысында ғылыми түсінік қалыпта- 
сады. Бұл туралы француз ғалымы Букейль Құран бізді ғылымды дамытуға 
шақырады жэне оның өзі біздерді соған жетелейді [67],- деп Құран туралы 
өзінің ғылыми пікірін айтқан. Құранда жазылған элеуметтік, саяси, 
экономикалық 
жағдайлардың 
барлығы 
өмір 
өзгерісімен, 
дамуымен 
дәлелденіп отырған. Міне, сондықтанда дейді Букейль Құран осы уақытқа 
дейін өмір сүріп келді, элі де өмір сүреді деп сенемін. Өзінің Құран туралы 
ойын жалғастыра келе ғалым Букейль: «В то время, как в Библии имеются 
серезные заблуждения, я не мог найти в Коране ни единой ошибки. Я 
вынужден был остановиться и спросить себя: Если автором Корана был 
человек, то как он мог в VII-м веке описать факты, доказанные современной 
наукой только сегодня. Несомненно, что текст Корана той эпохи полностью 
совпадает с сегодняшним, если можно так выразится» [67],-дейді. Бұл 
үзіндіден, біздің түсінгеніміз Құранда айтылған мәліметтер келе-келе 
ғылыммен дәлелденіп ұштасып отырғандай. Айталық, Құранда тау-тас 
мэңгілік қозғалыста, деп көрсеткен, яғни ғылым тілінде дүниенің бэрі 
қозғалыста, өйткені жер айналып тұрады деген тұжырыммен ұштасып отыр. 
Немесе, Құран жерді - қозғалып тұратын бесікке теңейді, жер демалатын 
орын, бірақ ол үнемі қозғалыста болады деп көрсетсе, ғылым жер күнді 
айналып үнемі қозғалып отырады деген тұжырым жасайды. Қүранның тағы 
бір қасиеті, сөзі қүлаққа жағымды, өлеңмен оқылатын, жан дүниеңді 
тебірентер құдіреті бар шығарма дейді С.М.Лари. Қазіргі кезде имандылық 
идеясын таныстыру барысында, осындай әсем, эстетикалық талғамда 
жазылған «Құран» кітабының мазмұны ұрпағымызға берілуі қажет-ақ.
117


Құранның адамзат өміріне қажетті екенін шыгыстанушы галым П.Грязневич: 
«Шығыс халықтарының рухани жэне қоғамдық дамуына ықпал ету ауқымы 
жөнінен Құран бүкіл адамзаттық мәдени мұра болып табылады» [68],- деп зор 
бага берген. Демек, Құран тек мұсылман халқына ғана тэн жазба мұра емес, 
оны бүкіл адамзат мойындайтын мәдени мұра деп көрсетеді.
Құранда қазіргі кезде қоғамдық өмірден үлкен орын алып отырған әйел мен 
еркек қатысын, отбасын бұзбаулары туралы өсиеттері жас ұрпаққа үлгі 
боларлықтай. Ажырасу мәселесіне өте қатаң қараған, бірақ үзілді-кесілді тиым 
салынбаған. Қазақта: «екі жасты қосқанның сауабы бар, екі жасты
ажыратқанның обалы бар», - деген ұлағат сөздің тамыры да Қүраннан көрініс 
табады.
Сонымен қатар әменгерлік, шешім шығаруда эділетті болуды талап ететін де 
Қүран. Мысалы: «Біреулеріңе өлім келген шақта, артына мал қалдырса, әке- 
шешесіне, жақындарына дұрыстықпен өсиет парыз етіледі» [61],- деп әмен- 
герлік мэселесі дүрыс шешілу керек екені сөз етіледі. Ал, «...үкім берсең, тура 
үкім бер. Шексіз Алла турашыларды сүйеді» [61], - деп әділеттікке шақыру 
өсиеті де Құран сөзі. Бүл үлгі өсиеттен Қүран адамзатты эділдікке, 
шыншылдыққа, турашылдыққа шақырады деген тұжырым толықтырылады.
Бүл мұрада адам бойына қажет ержүректілік оған қарама-қарсы Отанын, елін 
сатып кету де сөз етіледі. Сабырлық қасиеті де Құранда құр қалмаған, мысалы: 
«эй мүміндер! Қашан бір (жау) топпен қарсылассаңдар мықты болыңдар...» 
немесе «...егер сендерден сабырлы жүз кісі болса, екі жүзді жеңеді. Ал егер 
сендерден мың болса, Алланың рұқсатымен екі мыңды жеңеді. Өйткені, Алла 
сабырлылармен бірге деп өсиет береді», -делінген. Сабырлылықта имандылық 
қасиетіне тиесілі, оның да Қүраннан орын алып, отырғанын өзіміз көріп 
отырмыз.
Ислам дінінін тагы бір қоштайтын жағы, жетімдерге қамқорлық етуді 
міндеттеуі. Ниса (2) сүресінде «Жетімдердің малдарын беріңдер, жаманды 
жақсымен алмастырыңдар», - деген насихат айтқан. Өйткені, қай заманда 
болмасын, қай халықта болмасын жетімдердің болары анық. Согыстың, 
апаттың, т.б. эртүрлі қарапайым жағдайларға байланысты жетім қалған 
балаларға қамқор болу, эркімнің қолынан келе бермейді. Жүректері жаралы, 
дауыстары мұңлы-зарлы аяулы ананың, әке-шешенің мейірімін, сүйіспеншілігін 
көрмеген жетім балаларға қамқорлық жасау жоғарыда айтылып өткен 
имандылыққа тэн ізгі қасиеттері бар адамның қолынан келері хақ. Қазіргі кезде, 
соғыстан, апаттан басқа, өз перзентін тастап, тірі жетім еткендерді қайтесің? 
Мұндай тастанды балалар мен қатар маскүнемдердің балалары да тірі жетім 
емес пе? «Мейірімсіз анадан, саясы көп көше артық», - деген нақыл сөз бар, 
қасында анасы жоқ, ақыл айтар данасы жоқ бүл балалар қамқорлыққа нагыз 
мұқтаж болып отыргандар. Ол туралы Бақара сүресінің 83-аятында: «...әке- 
шешеге жақсылық істеңдер. Жақындарға, жетімдерге, міскіндерге камқорлық 
жасандар...» [61], - деп бұйырса, Ісра сүресінің 34-аятында «Жетімнің малын, 
ол кәмелетке толганша, тек сол жетімге пайдалы жағдайға ғана жүмсаңдар,
118


уәдеде түрыңдар» [61], - деп тағы айтып өткен. Міне, бұл мәселеде де 
Құраннан көрнекті орын алғаны көрініп тұр.
Құраннан кейінгі қасиетті кітап - Мухаммед пайғамбардың даналык 
сөздерінің жиынтығы - Хадистер.
Ислам мәдениетінде үлкен орын алатын - Хадистер көне тарихи деректер 
құрамына кіреді. Хадистер Шығыс халықтарының өміріне ғылыми тұрғыда 
VIII ғасырда келген. Хадистерді жинап, кітап қылып шығару елеулі еңбек. 
Мындаған ғасырлар бойы хадистер - ата-аналар, мұғалімдер, имамдарға 
қажет оқу құралы болып келді. Бүгінгі күні біз оны көне дерек деп қабылдап 
оның білім беру, тәрбие жұмыстарына қажетті өсиеттерін болашақ ұрпақ 
бойына дарытуымыз құптайтын іс. Әрбір хадис екі бөлімнен тұрады: бірінші 
бөлімде хадисті айтушы адам аты және Мұхаммед пайғамбардан өз 
қүлағымен естігені айтылса, екінші бөлімде хадистің мазмүны беріледі.
Мазмұнына қарағанда, хадистер діни емес, идеологиялық тэлім-тэрбиеге 
шақыратын өсиеттер жиынтығына келеді. Әсіресе, адам баласының рухани 
байлығын арттыратын үлы мұра. Хадистердің мазмұнына қарай:
- философиялық идеялар (қоғамдық заң, табиғат туралы);
- коғамдық-экономикалық, мәдени өмір проблемалары (мәселелері);
- саяси сауаттылық;
- адамзаттық, үлттық, рухани байлық туралы;
- тарихи оқиғалар, таптық қарым-қатынастағы тәрбие мәселелері;
- адамзатқа қажетті ізгі қасиеттер туралы, деп жіктеуге болады.
Хадистер эр адамның жеке міндеттеріне, борышына да тоқталады, атап
айтқанда: ата-ана алдындағы борыштар, отбасы алдындағы міндеттер, туыс- 
қандар алдындағы міндеттер, өз балалары алдындағы міндеттер; Сонымен 
қатар қоғамдық міндеттер беріледі: қоғам алдындағы сенімділік, елі, халқы 
үшін адал қызмет етулері туралы үлкен имандылық міндеттерді көрсетеді.
Сонымен қатар иман мәселесінде хадистердің бірінде сенімнің негізгі бел- 
гілеріне: пп>ідамдылықты, сенімділікті, тағдырға, болашаққа сенуді жатқы- 
зады
Көптеген ғылыми еңбектерді қарастыру барысында адамзаттың рухани 
сенімдері, адамның пайда болуымен бірге пайда болғанын баяндайды. 
Хадистердің мазмұнына мэн берсек, олар өмір мектебімен, шындық өмірден 
алынғаны 
белгілі 
болып 
отыр. 
Бүл 
кітапта 
мұсылманшылыққа, 
имандылыққа, білімге, адамгершілікке, инабаттылыққа шақыратын ережелер 
жинақталған. Әсіресе, имандылыққа үлкен мэн беріліп, адамзат баласын 
дүрысты бұрыстан ажыратып, қараңғылықтан қүтқаратын, көркем мінез- 
қүлыққа тэрбиелейтін иманды адам болуға шақырады. Хадистер алғашқы 
кезде ауызша, кейін көптеп жазба түрінде таралды. «Мың бір хадис», Алтай 
Халифтің «Таңдамалы хадистер аудармасы», Е. Раушановтың «Хадистері» 
(Мухаммед Пайғамбардың өзі айтқан өсиеттер һэм оның өмірі мен қызметі 
туралы). Оқу, білім, ғылым - адам өмірінің, тіршілігінің мэні, мазмүны 
екенін Хадистерде де анық берген. Мысалы: «Тіпті, Қытайда болса да білім 
алуға ұмтылыңдар, неге дегенде білім алуға әрекеттену - эрбір мүсылманның
19


парызы» [69],- деген екен. Сондай -ақ Мұхаммед Пайғамбар «Бір сагат білім 
үйрену бір кеш бойы қүлшылық етуден жақсы, бір күн бойы дэріс алу - үш ай 
ай непіл ораза тұтқаннан жақсы» [69], - деп, білім алуға, дэріс тыңдауга 
шақырады. Хадистердің тагы бірінде: «Перзенттеріңізге ізет-құрмет жасай 
отырып - ақыл-әдеп үйрету керегін ұмытпаңыздар» [69], - деген ескерту жалпы 
педагогика саласында жеке адамды сыйлау, адамның өзін-өзі сыйлауы 
принципімен үндесіп жатыр. Сонымен қатар халықтық тәрбиеде кеңінен 
қолданылатын «Балаңды беске дейін патшаңцай күт, он беске дейін қосшыңдай 
жүмса, он бестен кейін құрдасыңдай сыйла», - деген халқымыздың даналық 
сөзімен де үйлеседі. Ал, мына хадисте: «Бұрынғылар мен кейінгілердің білімін 
іздеген кісі Қүранды ақтарсын» [69], - деп, білімнің тамыры тереңде жатқанын, 
оның келешегінің алда екенін көріпкелдікпен айтып өткен. Хадистерде ілім- 
білімді, біреумен дауласу немесе жұртты аузына қарату үшін емес, жан 
байлығын дамыту үшін ақыл-кеңес берер - дана болу үшін, қоғамга, ұрпаққа, 
пайдасын тигізу үшін үйрену керек деп, тамаша айтылған. Хадистер жинагында 
эрбір жақсы-жаман қасиеттерге байланысты түсінік енгізілген. Әсіресе, 
Мұхаммед Пайгамбардың: «Өзімнен кейінгі қалатын ұрпағымды ойласам, үш 
нәрседен қорқамын:
1. Қүлқынның қүлы боп, жолдан таюдан.
2. Нәпсіқүмарлыққа салынып, лас істерге ұрынудан.
3. Ілім-білімі бола түрып, қараңғы-наданнын ісін істеуден» [69], деген 
сөздері көңілге қонарлық. Шынымен де үшеуі» де адам қорқатын іс. Жеке-жеке 
талдап көрелік, қүлқынның қүлы болу дегеніміз, бүгінгі күндегі парақорлық, 
нәпсіқүмарлыққа салыну - бүгінгіде арақ-шарап, анаша шегіп қылмысқа бару, 
ал, ілім-білімі бола тұра болып наданның ісін істеу - өмірде кездесетін кейбір 
білімді азаматтарымыздың көргенсіздік көрсетуі. Міне, осының бэріне сол 
кездің өзінде-ақ шек қойылып, осылардың күні туса, халқымыздың қатерге 
тірелетіні ескертілген. Бұл сияқты жат қылықтардан болашақ ұрпақты 
халқымыз бұрыннан-ақ сақтандырған. Ар-ұятқа байланысты 13 хадис берілген. 
Адамның ар-үяты, ожданы - адамгершілік, имандылық касиеттерінің жоғарғы 
түрі дей отырып I хадисте Қүрре Ибн Ыяс разиллаһү ғанһүдан: пайғамбардың 
жанында ұяттан сөз болды. ...Сахабалар: «Я, расулла! ¥ я т діннен бе? - деп 
сұрады. Сонда Хазірет пайғамбар: Әрине, тіпті, ол діннің тамамы», - деп былай 
жалғастырды: «¥ят деген нәрсе харамнан сақтану, жүрекке не бола алмаса да 
тілге ие болу (ауыз бағу), абырой қорғау (зинадан сақтану) иманнан...»[70],- 
деген екен. «¥ят тұрған жерде иман түрады» - деген сөз текке айтылмаған. Ар- 
ұят түрған жерде әдеп те түрады. Адамнан ұят кетсе, арсыз болады. Арсыз адам 
эр нәрсеге ұрынады. Көрінгенге тіл тигізеді, ұятсыз адам өзінде ар-ұят 
болмағандықтан басқаның намысын қорлаудан тартынбайды, деп түсініктеме 
берген. Ғылымхалда да «ар», «үят», деген үғымдарға жете назар аударған. 
«Адамның рухына жабысқан аурулардын бірі де арсыздық, ұятсыздық». Бұл 
«дертке душар болтан кісілер, ирадаларына ие бола алмайды. (Ирада - ерік 
деген ұғымда). Сондықтан олар, эртүрлі жамандыкты істеуден тартынбайды. 
Мүндайлар Алладан қорықпайды да, адамнан үялмайды. Олар әртүрлі
120


адамгершілік қасиеттерден қи сыпырылып хайуандықтың да ең төменгі 
дәрежесіне түскен болады. Бұлардың қолынан әр түрлі бұзақылык келеді. 
Мухаммед Пайғамбар «Ұялмағаннан кейін қалағаныңды істе» [69], -деп 
налиды. Осы сөздерден арсыздық пен ұятсыздықты адамның рухына біткен 
дертке теңеу арқылы олардың адам баласына жараспайтын, өрескел 
қасиеттер екенін көрсетіп түрғанын аңғарамыз. «Қасарысу, қарарсыздық (екі 
ойлылық), өте өршелену, тым қорқақтық, дандайсу, ынжықтық, арсыздық, 
үятсыздык, өтірікшілік, айлакерлік, күншілдік, әуесқойлық жэне басқалары 
сияқты адамның рухани дүниесін меңгеріп ала алатын аурулардан тазару 
үшін: мықты, байыпты, батыл, нәпсіге ие болу, кішіпейіл, байсалды, ұят, 
әдеп, туралық (әділеттілік), шыншылдық, сенімділік жэне осылар тэрізді 
рухымызды көтеретін қасиеттерге өзімізді әдеттендіруді, адамгершілігімізге 
байланысты, істеуге борышты рухани міндеттерден екендігін білуіміз керек» 
[70], -деп түсіндірілген тағы бір хадисте. Ал бұл - аурудың алдын алу, ата- 
ананың, үстаздың, қоршаған ортаның, бүкіл адамзаттың борышы.
Қазақ өз перзентін арын сақтауға, үяттылыққа, әдептілікке тэрбиелеген. 
12 хадисте «¥ят пен иман бір-біріне жақын. Егер бірі көтерілсе, екіншісі де 
көтеріледі. Басқаша айтқанда, бірі кетсе, екіншісі де кетеді» [69], - деп 
уағыздаған. Бұл дегеніміз ұяты болмаған адамнын иманы жоқ, иманы жоқ 
адамның үяты болмайды деген ұғымды тудырады.
«¥ят» деген үғымға тоқтала келіп, ұяттың иманнан екенін ескертіп, бірақ 
көп жағдайда: «Шамадан тыс ұяңдық өзіңе зиян келтіреді. Әдеттен, тыс 
ұялшақ болмағын. Ұялшақтық эр кез қателесуіңе себепкер болып, бастаған 
ісіңе нұқсан келтіреді» [71],-дейді ғұлама Қайқаус.
Жаман істерден, өтіріктен, қанағатсыздықтан ұял; тура сөз, ізгі тілек, 
жақсы бастамадан үялма. Кейбір адамдар ұяламын деп, ойлаған мақсатын 
орындай алмайды. ¥ ят - иманның жемісі дегендей, жарлылық та ұялшақ- 
тықтың жемісі [71]. Осылайша, үят пен үялшақтықтың ара-қатынасын 
көрсетеді. Әр нәрседен ұялам деп, көп нәрседен құр қалма дегісі келеді. 
Сөзін аяқтай келе ол «.. .қай жерде үялып, қай жерде үялмауды білгенің жөн, 
қайсысы жақсы болса, соны істеу қажет. Негізінде жақсылықтың бастапқы 
шарты - ар-ұятты сақтауда, жамандықтың бастапқы шарты - ар-ұяттан 
айырылуда» - [71], - деп сөзін анықтай түседі.
Хадистерде «Тэккаппарлық» (демек өзін басқадан жоғары санау) пен 
кішіпейілділікке арналған 33 хадис берілген, онда ұрпақты кішіпейіл болуға 
шақырады, «тэккаппар» адамдардың жаны тозақта, деп ескерту жасаған. 
Көрші хақтарына жэне жалпы мейірімділікке байланысты 28 хадис берген. 
Мысалға 7- хадисті алалық: «Қамқорлық етушілерге Алла да қамқорлық 
етеді. Жердегілерге мейірімділік істеңдер, сендерге көктегілер мейірімділік 
етсін» [69], - деп жер бетіндегілер бір-біріне мейірімділік, қайырымдылық 
етсін деп бұйырған екен.
Айтылып жатқан, кішіпейілділік, мейірімділік, қарапайымдылық Қүран 
мен хадистен үлкен орын алып, имандылық тәрбиесінің жеке-жеке бүтағы 
ретінде дамып, өрістеуі қажет екенін көрсетеді. Қүранның Ғасыр (2,3)
121


сүресінде: «Ғасыр (замана) атымен ант етемін! Иман айтқан, жақсы ғаламдар 
жасаған, 
бірін-бірі 
шындыққа 
шақырған, 
бір-біріне 
сабырлы 
болуды 
насихаттаған адамдардан басқаның бэрі, сөз жоқ, зиян тартады» [70], - деп 
ескерткен, осылайша ұрпағымызды, имандылыққа шақырған бұл өсиеттің құны 
жоғары-ақ.
Алла тағала адам баласын тәуелсіз түрде жаратқан. Бүкіл адам баласы, 
өзгешелігі жоқ бэрі бір келкі тәуелсіз, - деп жазған Құран Кәрімде. Бұл 
дегеніміз, бүкіл адамзат баласы тәуелсіз - сайлауға, оқуға, өзінің қажеттігіне 
қарай өмір сүруге құқылы дегенді көрсетеді. «Өзгешелігі жоқ», - деп отырғаны, 
жалпы бейнеде жэне оның құқында барлық адам тең (адамды алаламау) деген 
мағынаны білдіреді.
Адамдардың бүкіл қүқық жэне міндеттерін мәдени мүраларда өте ашық 
бейнеде эрі ең толық түрде эмір еткен. Қүранда: «Алла, әділет пен ізгілікті жэне 
жақсылықты эмір етеді... Әділет істеңдер, ізгі істерге көмектесіңдер!» [61],-деп 
бұйырған. Мүхаммед Пайғамбар, адамдардың қүқық жэне жауапкершіліктерін 
назар аударарлықтай маңызда: «өзің үшін қалағаныңды басқалары үшін де 
қала, өзің үшін қаламағаныңды басқалар үшін де қалама» [61], -деп уағыздаған. 
Әркімнің өзіне жамандык қаламайтыны белгілі, ал сол жамандықты басқаға да 
қалама, өзіңе жақсылық тілегендей басқаларға да жақсылық тілеу нағыз жомарт 
адамның қолынан келетін іс. Бұл қасиетте, имандылықтың құрамына енеді. 
Қайқаус: «Жомарттық негізгі үш нәрседен түрады: бірі айтқан сөзіңді 
қалтқысыз орындау; екіншісі - туралыққа нұқсан келтірмеу; үшіншісі - 
қайырымдылықты естен шығармау. Адамдағы қалған қасиеттер осы үш 
нәрседен соңғы сатыда түратындар» [71], -деп жомарттықты жіктеп берген.
Бүдан біздің топшылайтынымыз имандылық ағаш деп есептесек, жомарттық 
оның бір бұтағы, жоғарыдағы: айтқан сөзді орындау, туралық, қайырымдылық та 
имандылықтың жеке-жеке бұтақтары. Сонымен бірге: әдептілік, үлкенді сыйлау, 
мейірімділік, кішіпейілділік, т.б. бұтақтары барлығын ұмытпағанымыз жөн.
Егерде жоғарыда айтылған 
насихаттарды 
қағидаларды, 
міндеттерді, 
борыштарды, қүқықтарды оқып, біліп, санамызға сіңірген болсақ, қазіргі 
қоғамда болып жатқан адам баласына жат, имандылыққа, адамгершілікке 
қарама-қайшы қылықтар мен қылмыстар болмас еді деу, әрине, әсірелеу, бірақ 
олардың бой жазып көбеюіне жол бермеу шараларына жатқызуға болады.
Тағы бір имандылыққа тэн қасиет адам арасын жарастыру. Бұл туралы 
бірнеше хадис бар. Мысалға 9-хадисті алайық: Ізгі ниетпен игілік сөйлеп, 
адамдардың арасын жарастырған (бүл жөнінде ыңғайы келсе жалған сөйлеген) 
кісі өтірікші емес. Үммі Гүлсім: «Үш нэрседен басқа ешбір нәрседе жалған 
сөйлеуге пайғамбардың рұқсат еткенін естімедім. Бүлар: соғыста, адамдардың 
арасын жарастыруда және ердің әйелімен сөйлесуінде» [69], -деп жеткізген. 
Оны былайша жіктеп, талдап көрсетеді: «Соғыс кезінде эдіс жасауда, екі кісінің 
не ел арасын жарастыруда айтылған өтіріктер жэне ерлі-зайыпты кісілердің 
өзара сен жақсысың, сені жақсы көрем деулері. Өйткені, адамдар елдің уәкіл- 
дері, эскерлер - мемлекеттің қорғаны. Ал ерлі-зайыпты кісілер басқаша айтқан- 
да отбасы қоғамының үйытқысы, адамдардың арасы бүзылса, ел бұзылады,
122


әскер жеңілсе мемлекет жойылады, сондай-ақ ерлі-зайыпты кісілердін 
арасында татулық болса, негізінен елдің өресі мықты болумен қатар олардан 
елге пайдасы тиетін қайырымды әулет жетіседі. Сондықтан қоғамдық пайда 
көз алдыға ұсталып, үш жерде жалған сөйлеуге болады» [69],- дейді.
Соғыс кезінде өтірік айту, адамдар арасын татуластыру үшін өтірік 
дегеннің мәнісін кімде-кім болса да түсінер. Ал ерлі-зайыптының бір-біріне 
өтірік айтуын дұрыс түсінген жөн. Олар бір-бірін ең сұлу, эсем нэрселерге 
теңеуі бұл сырттан қарағанда, олай болмауы да мүмкін. Бірақ, ерлі- 
зайыптының бір-біріне сүйіспеншілігін көрсетеді. Тура мағынада бір-бірін 
алдау керек деп қабылдауға мүлде болмайды. Міне, осы сияқты астарлы 
сөздің мэн-мағынасына жетік түсінбеген, кейбір адамдар дінді бұрмалап, 
жала жауып, қоғамға зиянын тигізеді. Әсіресе, сауаты жоқ, тек жаттанды 
білімдерімен халқын алдап келген дүмше молдаларды айтуға болады.
Сондықтан да болар, дінді дұрыс қабылдамай, «Қүран» сөзіне қүлақ 
аспағандығымыз. Ал, енді осы Қүранды, хадистерді оқи отырып, оның адам 
өміріне, тәрбие жүйесіне қажетті өсиет-өнегелерін іске асыруымыз қажет 
болып отыр. Тағы да Құран сөзіне ден қоялық.
«Дүниеге келулеріне себеп болған балаларын, өздері ішінде болған ортаға 
жэне күллі адамгершілікке пайдалы бір мүше етіп жетістіруді нысана етулері 
әке-шешенің ең маңызды міндеті болады. Сондықтан балаларын өмір сүретін 
қоғамға сәйкес эзірлеу мақсатымен, дін және жан дүниесін үйренулеріне, 
дене жэне рух тәрбиелеріне өте ұқыпты болу, әке-шешенің парызы болады. 
Балаларын табыстарына сәйкес халалдан жегізіп, киіндіру, оларға деген 
сүйіспеншілікте, тэрбиеде жэне игілікте эділеттен айырылмау, эке-шешенің 
борышы болады. Мухаммед пайғамбар «Балаларыңды жақсы бағыңдар, 
оларды жақсы тәрбиелеңдер», - деп бұйырған. Өйткені, «әке-шеше балала- 
рының жақсы тэрбиелеуінен эрі Аллаға, эрі қоғамға жауапкер болады» [69], 
- деп, ата-ананың бойына үлкен міндет, борыш, жауапкершілік артады. Бала 
тәрбиесінде ата-анамен қатар, қоршаған орта, эрбір жеке адам өзін тәрбиеші 
ретінде сезініп, өз үлесін қосқаны дұрыс.
Мухаммед Пайғамбардың хадистерінде: 
«Ата-анасының қартайған
шағында олардың екеуін, яки бар біреуін разы етіп, күтпеген перзент қор 
болсын, қор болсын, тағы да қор болсын» [70], -деп қатты болса да, нақты 
айтып ескерткен. Сонымен қатар, «Ата-аналарыңызға қандай жақсы мэмле 
жасасаңыз, перзенттерініз сіздерге де сондай мэміле жасайды» [70],- дейді. 
Бұл, халқымызда ата-анаңа не көрсетсең, ертең сен де соны көресің деген 
сөзінің төркіні көрініп тұр.
Адамдардың бойындағы жақсы қасиеттердің бірі - турашылық пен 
шыншылдық. Турашылдық (шыншылдық) туралы 20 Хадис берген. Мысалы, 
бір хадисте: «Міндетті түрде туралық істеңдер (туралықтан айырылмаңдар). 
Өйткені 
туралық 
(шыншылдық) 
жақсылыққа 
бастайды. 
Сондай-ақ 
шыншылдық пен туралық иелері жаннатта болады. Ал өтірікшілік пен 
жамандық иелері тозақта болады» [70], - деп уағыздаған.
123


Халқымыз ертеден-ақ ұрпағын, болашагын жамандықтан, өтірік сөйлеуден 
сақтандыруға тырысқан. Әрине, «жаннат», «тозақ» - діни ұгымдар, бірақ 
Құдайға, Аллаға сенген ата-бабамыз бұл дүниеде жамандық істеп, о дүниеге 
барғанда «тозақ» отына күюден қорыққан. Сол себептен де олар, қазіргі болып 
жатқан бұзақылықтарға, қылмыстарға бармаған, дэл осындай сорақылыққа 
жетпеген. Атап айтқанда, әке-шешені балаларының, ұстазды шәкірттің, ата- 
енені келіннің сыйламауы, нашақорлық пен маскүнемдік, соның салдарынан 
неше түрлі қылмысқа барулары, жеңілжүрістілік арқасында балалар үйін 
тастанды балаларға толтыру - сорақылықтың асқар шыңы емес пе?!
Имандылыққа аса зор мэн берген, халқымыз: «Әкені тыңдамаған дөрекі үл- 
дан без, суы ащы көлден без, безбүйрек, қаражүрек, имансыз, ақымақ туыстан 
без, көк долы әйелден без» [72],- деп насихат айтқан. Қатты да, нақты айтылған 
бұл өсиеттің астарында үлкен пәлсапалық мэн жатыр. Өзінің туған әкесін 
тыңдамаған, сыйламаған, дөрекілік көрсеткен үл, өзгені сыйлап қарық қылмас. 
Жэне ондай адамнан не нәрсе күтуге болары да белгісіз, міне, сондықтан да 
ондай адамдардан бойын аулақ үстауға үгіттеген. Суы ащы көлді, азыққа, 
тамаққа пайдалана алмайсың, ал су адам өміріне ең қажетті зат екені бэрімізге 
мэлім. Оны азық ете алмасаң, мұндай көлден без деу әбден мүмкін. Ал туысың 
жаны ашымайтын, безбүйрек, опасыз, қаражүрек имансыз болса, ондай туыс- 
тың болғанынан, болмағаны дүрыс болар. Мінезі нашар, өзі долы, жарасты- 
рудың орнына, адамдар арасын араздастыратын әйелдің де туысқа, қоғамға пай- 
дасынан гөрі зияны көп, сондықтан да көк долы әйелден без деп айтуы орынды.
Адамды сұлу ететін, көркем ететін біріншіден оның мінезі. Бүл туралы 
Ғылымхалда: «Адам баласы кішіпейіл болумен басқалардың сүйіспеншілігіне, 
байыпты болумен басқалардың қүрметіне ие болады... Ұлылық тек қана көркем 
мінезбен (ахлақ) тығыз байланысты болады. Байсалды кісілер болса, ұдайы 
дәрежелерін жэне адамгершілік абыройын қорғайды» [62], - дейді. Адам 
баласының тек қана бет-бейнесі сүлу болғандықтан, сүлу көрінбейді, ол 
мінезімен, қылығымен, жандүниесінің сұлулығымен әлдеқайда сүлу, әлдеқайда 
көркем көрінеді деген түжырым жасай аламыз.
Өткен заманда халқымыздың көпшілік бөлігі, оның зиялы қауымы «Қүдай» 
дегенді әділеттілік, мейірімділік, қайырымдылық, шыншылдық, адамгершілік, 
қарапайымдылық, имандылық, жалпы ар-ұят деген мағынада түсінсе керек. 
Бірақ, бұл үғымның барлығы діни емес, адамдық екенін жұрт ол кезде жете 
білмеген сияқты (жоғарыда айтылған барлық жақсы қаситеттер жиынтығын біз 
адамдық қасиеттер деп бір сөздің бойына топтастырдық). Бұл қасиеттердің 
Құранда, хадисте айтылғандығынан, діни тэрбиеге енгізіп келдік. Сондықтан да 
бұл үғымдар күнделікті өмірде дінмен астарлас орын алған. Осы сияқты 
қасиеттердің адам баласының бойында болуы тиісті, әрі қүптайтын іс.
Жоғарыда аты аталған ортағасырлық ғұлама ойшылдар имандылық идея- 
сының теориялық негізін қалаушылар қатарына жатады. Жэне бұл еңбектерді 
қарастыру барысында, олардың осы Қүран жэне Хадистердің мазмүнына қанық 
екені, тіпті, еңбектерін Қүран, хадистерге сүйене отырып жазды десек артық 
айтпағанымыз. Ә. Дербісәлиев «Бағзы заманынан күні кешеге дейін шығыстық
124


акын, жазушылар, шежіреші, тарихшылар Құраннан дэйектемелер алып, оны 
өз максатына пайдаланып келеді» [73],- деп біздің ойымызды дэлелдей 
түседі.
Мысалы, VIII-IX ғасырларда жазылган рухани мұраның бірі - Қорқытата 
тағлымдары тұнып тұрған тәлім-тәрбие бұлагы. Оның «Анадан өнеге 
көрмеген қыз жаман», «Мен-мен, тэкаппар адамды тэңірі сүймейді», 
«Ақылсыз балаға ата дәулетінен қайран жок», «Қонағы жок караша үйден 
құлазыған түз артық» деген нақыл сөздері үлкеннен ғибрат алуды меңзейді, 
жастарды тэкаппарлықтан сақтандырып, ақылды, көпшіл, конақжай болуға 
шақырады. Қорқытата батырлардың ерлігін жырлай отырып, халыққа, туған 
елге, дәстүрге деген сүйіспеншілігі, өмірге құштарлығы, ақылдылығы, 
ғашықтык сезімдері жеткіншектерге үлгі болумен бірге, имандылык 
қасиеттерінін негізін қалыптастыруға көмектеседі.
Әл-Фарабидің 
ғылыми 
ой-толғаныстарына 
толы 
трактаттарында 
(«Мемлекет қайраткерінің нақыл сөздері», «Азаматтык саясат», «Бақытқа 
жету жолында», «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы 
трактат», т.б.) оның тәлім-тәрбиелік көзкарастары баяндалған. Есімі элемге 
эйгілі ғұлама ғалым әл-Фараби жан жэне тэн мәселесін қарастырып, өзіндік 
тұжырым айтқаны көпшілікке мэлім. Әсіресе, ол жанды дамыту керек, ол 
үшін тэн саулығы қажет екеніне тоқталған. Сонымен бірге ол жан мен тэннің 
иесі - жүрек деген пікірдің де авторы. Ғұлама - ғалым, қайырымды, ізгі қала 
тұрғындары мен надан, қайырымсыз кала тұрғындарының бакытқа жету 
жолдарын салыстыра отырып, элеуметтік тапты сынаған. Қайырымды қала 
тұрғындары бакытқа ғылым, білім бір-біріне көмектесу арқылы жетуді 
көздеген болса, надан қала тұрғындары алдап-арбау, қулық арқылы жетуді 
ансайды деп ізгі кала тұрғындары тэні, жаны сау, таза жүректі адамдар, ал 
надан қала түрғындары кайырымсыз, жаны жаралы, қара жүректі адамдар 
деген ой толғаған. Біздіңше, эл-Фараби ой-толғауында қайырымды қала 
тұргындары - иманды, надан кала түрғыдары - имансыз деген пікір жаткан- 
дай. Әл-Фарабиден кейінгі ғұламалар, галымның пікірлеріне қосыла отырып, 
имандылык мәселесіне баса назар аударған. Әл-Фараби шәкірттерді 
тәрбиелеуде ұстаздың рөлі зор екендігін айта отырып, шәкірттерден шын- 
шылдықты, сыпайылықты, эділдікті талап ету үшін, бұл қасиеттердің 
алдымен ұстаздың өз бойында болуын атап көрсетеді. Ғалым адамның 
белгілі бір мінез-құлықка ие болуына себепті нәрсе әдептілік деп біледі. Эл- 
Фараби «тәрбиелеу дегеніміз - халыктардын бойына білімге негізделген 
этикалық ізгіліктер мен эсерлерді дарыту деген сөз» [74],-деп анықтама 
береді.
Адамдардьщ бір-бірімен карым-катынас жасауы, адам бойындағы түрлі 
жақсы-жаман қасиеттер туралы Ж. Баласағұнның атақты «Құтты білік» 
дастанында кеңінен баяндалған. ¥лы ойшыл осы шығармасында жоғары 
мүратты қоғамға лайықты қағидаларды сипаттай келе, адамның мінез-қүлық 
нормалары мен ережелерін, әртүрлі қоғамдык дэрежедегі жіктердің 
басқарудагы міндеттері мен кызметтерін белгілеп берді.Сонымен бірге «Егер
125


бала тәртіпсіз болса, оған әкесі де кінэлі», -деп бала тәрбиесіндегі ата-ана рөлі 
мен жауапкершілігін көрсетеді.
«Үш нәрседен жүр алыс, сақ, байқағын,
Бірі - қыңыр, қисық болса, айтарым.
Бірі - жалған, сұғанақтық - үшінші,
Үшеуінің түбі 
қорлық түйіні»[75],-деп, мейірімді, көпшіл, кешірімді 
болып, тәқаппарлық пен жаман әдеттен бойды аулақ ұстап, жақсылық жасаудан 
аянбау жөнінде жастарға өсиет айтады.
Ғұлама:»Өзіңді адал ұста, адамдық киелі,
Бектер - адал, адалдықты сүйеді.
Отыратын өз орныңды білгейсің,
Кішік болып, жұртты көзге ілгейсің.
... Өзіне деген кісілік - тіршіліктің белгісі,
Кісілерге кісілік - кісіліктің белгісі!» - дей отырып, ұрпақты адамдық, 
ілтипаттылық, кішіпейілділік, әдептілік, сыпайылық, т.б. асыл қасиеттерге 
баулуға аса зор мэн бергенін көреміз.
Баласагүнның адам бойындағы: қайырымдылық, әділеттілік, шыншылдық, 
парасатгылық, кішіпейілділік асыл қасиеттерді жоғары бағалайтынын байқауға 
болады. Біздің зерттеу жұмысымыздың арқауы болып отырған имандылық 
идеясының бастауы Қүран, хадистер жэне ғүлама-ойшылдар мұралары.
М. Қашқаридың атақты «Диуани лүғат ат-түрк» [76] еңбегінде әдеп, тэлім- 
тэрбие, моральдық ой-пікірлер қомақты орын алған. М. Қашқари адам 
бойындағы 
жақсы-жаман 
қасиеттерді 
талдайды. 
Ол 
жаман 
қасиетке: 
дүниеқорлық, мансапқорлық, опасыздық, қорқақтықты жэне т.б. жатқыза 
отырып, қатты сынайды, ал ізгілік, ерлік, ақ ниеттілік, қонақжайлылық асыл 
қасиеттер бұл иманды адамның бойынан табылады деп атап өтеді. Қожа Ахмет 
Яссауии өзінің «Даналық кітабында» иманды адам болу үшін ақыл-парасатқа, 
шыдамдылыққа, достық пен махаббатқа қол жеткізу керектігін, сонымен қатар 
азға қанағат түтуға, кемтар, ғаріп адамдарға қамқорлық көрсету барысында 
қалыптасатынын айтады. «Рақым болып ғаріптерге шапағат еткін», «Жалған 
сөйлеп имансыз кетпе, достарым...», «Адамды сыртқа тастап, арам көздер... 
Дүние үшін иманы мен дінін сатар» [77], -деп сараңдық, залымдық, 
дүниеқорлық сияқты жаман қасиеттерді сынайды.
Өсімдіктерді зерттеп, шөптен дэрі жасап, емшілікпен айналысқан Өтейбой- 
дақ Тілеуқабылүлының «Шипагерлік баян» атты шығармасы имандылык 
идеяларға толы құнды еңбектердің бірі. Өз заманына сай жазылған бұл еңбекте 
діни уағыздар да кездеседі. Сонымен қатар адам санасынан орын алатын 
үлағатты ой-түйіндер де аз емес. Әсіресе, еңбектің өн бойы имандылыққа толы. 
Ойшыл Ө. Тілеуқабылұлынын түсінігінде имандылық - ой мен дененің 
тазалығы «Көңілінде жақсы, үнамды ойлар болғанмен, ісінде жалғандық, 
жамандык болса, ол һарам іс, адамның ойымен қатар ісі де таза болса ол һалал» 
[78], - деп адамның ойы мен ісінін бірлігін, демек адам баласының рухани ішкі 
жан дүниесінің таза болуымен ғана иманды, иман жүзді бола алады деп 
пайымдайды. Ортағасырлық ойшылдардың әсіресе, осы Ө. Тілеуқабылұлының,
126


M.X. Дулатидің, Қ. Жалайырдың ой-пікірлерін зерттеумен айналысып 
жүрген Т.М. Әлсатовтың еңбегі зор. Зерттеуші Ө.Тілеуқабылүлының еңбегі 
«... тәлім-тәрбиелік ой-пікірлердің негізгі өзегі-жастарды имандылыққа 
тәрбиелеу мэселесі», [79]- деп тұжырым жасайды. Т.М. Әлсатов «Ғұлама 
ғалымның пайымдауынша, имандылық қасиетті бойына сіңірген адам оны 
өзінің сөйлеген сөзінен, бет-бейнесінен, іс-эрекетінен жэне бүкіл болмыс- 
бітімінен байқатады. Оның ата-ананы қадірлеп, қастерлеу жайлы айтқан 
тағылымдары қасиетті Құран Кэрім жэне хадистерімен ұштасып жатыр» 
[79],- деген пікірлері біздің орта ғасырлық ойшылдар еңбектерін Құран жэне 
хадистерге сүйеніп жазған деген ойымызды тағы да дәлелдей түседі. Ө. 
Тілеуқабылұлы жастарды имандылыққа тәрбиелеуде тыйым сөздер, салт- 
дәстүр, бата, эдеп - үлкен орын алатындығына тоқталған. Туысқандық 
қарым-қатынас туралы жас ұрпаққа дұрыс түсінік беру - имандылыққа 
тәрбиелеудің негізгі шарттарының бірі екенін айтып өтеді. «Ата-ана, туған- 
туыс, жакын-жұрағатқа деген сыйластықты, яғни қазақылық қасиетті бала 
жасынан өз бойына сіңіріп өсуі тиіс. Жасы үлкенді сыйлау, оларды 
қүрметтеу, кішіге жөн-жоба, үлгі боларлықтай өнеге көрсету тэрізді 
имандылық тағылымдарының да бала тәрбиесіндегі маңызы ерекше» [78] -
деп түсіндірген. Келесі шарт - үлттық әдептілік. Ұлттық әдептіліктің бір 
тармағы - ат тергеу, яғни кісіге қосымша ат қою мәселесін жатқызған. 
Сонымен қатар Отанды, туған жерді, атамекенді сүюді де ойшыл- ғалым 
имандылықтың қүрамына жатқызады.
Келесі бір имандылық тэрбиесін беруге ойшыл ғалым Мухаммед Хайдар 
Дулати өзіндік үлес қосқан. Ғалым елбасшысына қойылатын талаптарды 
талдап берген. Оның пікірінше, елді басқарудың ең негізгі қасиеті - халық 
сеніміне ие болу, эділ, ізгілікті, қайырымды болу деген қорытынды жасаған. 
Сонымен қатар бүл қасиеттер имандылық қасиеттер екенін айта келе, оған 
қарсы сүрқия қасиет күнэһарлық деп көрсетеді. Жэне күнэһарлықтың он 
жеті түрін мәлімдеген. Соның бірнешеуіне талдау жасап көрсек, ғалым 
күнәһар адамдарға біріншіден, ата-тегін, шыққан діні мен ділінен бейхабар 
адамдарды, екіншіден, ар-намысын жоғалтып, әділетсіздік жасағандар, 
үшіншіден, жетім-жесірлерді желеп-жебемейтіндер, төртіншіден, ысырап- 
шылдық, бесіншіден, ата-ананы сыйламау, оларды пір тұтпау, алтыншыдан, 
өтірікшілдік, суайттық, жалған ант беру, жазықсыз адамға жалған айып тагу, 
тағы бір түрі зинақорлық, ойнасқорлыққа салыну,- деп көрсетеді.
Қазіргі кезде адам бойында сенім жоғалып барады. Адамдар бір-біріне, 
халық болашаққа сенімін жоғалтып алғандай. Еңбегің жемісті болу үшін, эр 
адамның өзіне сенімі мол болуы қажеттілік екенін, философиялық, 
психологиялық тұрғыдан анықталған. Сенімі жоғалған адамдар-күнаһар 
адамдарға айналатыны дәлелдеуді қажет ете қоймайды.
Біз осы күнаһарлық қасиеттерге қарама-қарсы имандылық қасиеттерді 
анықтауға тырыстық. Олар: тектілік, эділдік, қайырымдылық, мейірімділік, 
ар-ұяттылық, арақ ішпеу, темекі, наша тартпау, үнемшілдік, ата-ананы 
құрметтеу, шыншылдық, салиқалық, сыпайылық, эдептілік, жомарттық,
127


тілалғыштық, тазалық (ой жэне дене тазалығы) жэне т.б. Ойшыл Қадырғали 
Жалайырдың имандылық идеясын дамытуға қоскан үлесі де аукымды. Ғұлама 
Ғұлама өзінін «Жылнамалар жинағы» [80] атты еңбегінде имандылық 
қасиеттерінің жекелеген көріністеріне, қырларына тоқталып, мэн берген. Қ. 
Жалайыр да М.Х. Дулатиді жақтап, жетім-жесірлердің мал мүлкін жемеуді, 
қолдағы барды ысырап етпеуді, үрыс даласынан кашпауды, тэнін таза үстауды 
имандылық қасиеттерге жаткызады.
Бұл айтылып отырған ізгілікті қасиеттер туралы Құран жэне хадистерде 
айтылады. Сондықтанда бүл галымдар Құранды оқып, оны еңбектеріне тірек 
еткен деген ойымызға негіз бола алады. Халқымыздың тілін, дінін, тарихын, 
салт-дәстүрін, әдет-ғүрыптарын, ұлттық ерекшеліктерін ескермей, біз өз 
мақсатымызға жетеміз деу кателескендік. Имандылық идеясын дамытуда 
халқымыздын рухани байлығы, асыл қазынасы, атап айтқанда, даналық сөздері, 
әдет-ғұрып, салт-дэстүрлерін пайдалана отырып, дерек ретінде Құран, Хадис, 
Ғылымхал, Иман-шарт, т.б. сиякты мұраларды қолдануға болады.
¥рпақ тэрбиесіне үлкен үлес косқан Қожа Ахмет Яссауидің «Диуани 
Хикмет» атты кітабы, философиялық ой, тұжырымга толы. Яссауи бір 
жаратушы күш бар деп сеніп, қиянатсыз, адам, адамгершілікті иманды 
адамдарды тәрбиелеу керектігін айтқан. Абай да оны қостай отырып «Құдай -
хақ, иман - п а р ы з » д е п жақсылық пен жамандықты жаратқан құдай, бірақ 
жаманшылықты жасатқан кұдай емес немесе ауруды жаратқан құдай, ауыртқан 
ол емес. Сонымен қатар, Құдайдан қорық, пендеден ұял, балаң бала болсын 
десең опыт.. Иман, обал, сауап бар жерде әділет бар, деп үлағатты сөздер айтып 
халқымызды білімге, эділетке, имандылыққа шакырған.
Жас ұрпақтардың құлықтық және имандылык тэрбиелерінің негізіне, оның 
ішкі-сырткы сезімі мен санасына, жан дүниесінің рухани жетілуі мен көңіл- 
күйлеріне бір қалыпты эсер ететін имандылық идеяларды кенінен қолдану 
керек. Яссауидің хикметтеріне көз салсақ, ол да адам бойына имандылық 
касиеттерді 
калыптастыруды 
көздегенін 
байқаймыз. 
Мысалы: 
Диуани
Хикметінін 1- хикметінде:
«39. Ораза, намаз қаза қылып болдым кэпір,
40. Иман іздеп жақсыларға жеттім міне.
45. Иманыма қол ұрып кайғы салды,
46. Пірмұған эзір бол деп апиын алды.
27. Дүниекоңыз пасыктардан бойыңды тый,
28. Бойым тыйып дариядай тастым міне», [77],- деп айтканындай, 
имандылык касиетті бойға жиып, дүниеконыз, пасыктардан аулак болу қажет. 
Сонымен катар, иманды адамдар гана жаксылар катарына жатады, сондықтан 
иманды болу керектігін сөз етеді.
Қожа Ахмет Яссауидің еңбегі ізгілік, имандылык тұрғыда жазылған мұра 
деп айта аламыз. Адам бойындағы жақсы қасиеттердің жиынтығын гумандық, 
имандылык касиеттер деп түйдік. Атап айтканда, мейірімділік, аяушылык 
білдіру, жанашырлык, қайырымдылық жасау, ізгіліктің негізі деп қорытын- 
дылауға болады.
128


Ойшыл-ғалым Ж. Баласагұн тәрбие мэселесіне өзіндік үлес қоса отырып, 
білім алуға, жақсылық жасауға шақырған. Ол:
Жақсылық білімдіден елге жетеді,
Білімдінің даңқы шартарапқа кетеді... 
деп білім, тәрбие арқылы рухани өміріміздің толығып, толысатынын 
айтады. Ж.Баласагұн адам өмірін екі нәрсе ұзартады, бірі - жақсы ісі, екін- 
шісі - жақсы сөзі, деп өте тамаша айтып кеткен. Ал адамның мінез-қүлқы, 
оның ақыл-ойы мен білімділігін көрсетеді дегенді де Ж. Баласағұн өзінің 
«Құтты білігінде», айтып өткен. Әрине, тәрбие мәселесінде сөз қозғаған 
данышпан, дана ғалымдар көп-ақ. Оларды қазіргі күні айтып та, олар туралы 
жазып та жүр. Біздің мақсатымыз солардың бэрін қайталау емес, имандылық 
идеясын дамытуға байланысты осы даналарымыздың айтқан қағидаларын 
зерттеп, оқу-тәрбие ісіне дүрыс қолдану керектігін дәлелдеу.
¥лы ғүлама Қайқаус ата-ананы сыйлау үлкен имандылық деп, өзінің 
баласына арнап жазған өсиетінде ата-ананы қүрметтеу туралы: «...ата-ананы 
қүрметтеудің қажет екенін ақыл-ой, парасат түғырынан байқап білгейсің. 
Өйткені, әрбір перзенттің тегі ата-ана ғой... Сен ата-ананың қарызын ақтау 
ісіне дін деңгейінен қарамасаң да, адамгершілік, ақыл-ой, парасат биігінен 
қарағын» [71], -дейді.
Иманды адамның қатарына Қайқаус өзінің «Қабунамасында» мынандай 
қасиетке ие болған адамды жатқызды: әдепті, қанағатты, ұяң, пэк-таза, 
мейірімді, ұстамды, (сабырлы) және де ол Құран сөзін қүптап, «¥ят иманға 
тэн», - дей отырып, үят мәселесіне жете көңіл аударған.
Қарт Қайқаус өзінің даналық сөздерінде: ... «даналар сөзін ұғып 
тыңдағаның жөн. Даналар сөзінде ізгі ниет, үлгі өсиет мол» [71], деген екен. 
Шынымен де, даналық сөздерді өміріміздің азығы ететін болсақ, жолымызда 
кездесетін барлық қиындықты жеңіп, жеңіске жетуімізге ықпалы болады.
Имандылық тэрбиесін қарастыру барысында, имандылыққа жоғарыда 
берілген қысқаша анықтамаларымызды жинақтап, «Имандылық - эр 
халықтың салт-дәстүріне, әдет-ғүрыптарына, күнделікті өмір сүру тәсілде- 
рінде кездесетін жөн-жоралғыларына байланысты жэне ұрпақ бойында ұлт- 
тық, ерекшелікке байланысты туатын ізгі қасиеттер жиынтығының сеніммен 
ұштасып, адамдар бойында көрініс табуы», деген анықтама беруге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет