Р кі мифологиясы


МИФОНИМДЕРДІҢ ТІЛДІК БЕЙНЕСІ



Pdf көрінісі
бет142/202
Дата07.02.2023
өлшемі28,58 Mb.
#65748
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   202
Байланысты:
түркі мифологиясы

МИФОНИМДЕРДІҢ ТІЛДІК БЕЙНЕСІ
– Қазақ тіліндегі Ай мен Күнге қатысты теңеулер
– «Тәңір» сөзімен байланысты қалыптасқан тіркестер
– Тывa фразеологизмдеріндегі Күн/Хүн бейнесі
– Якут тіліндегі фразеологизмдердегі мифонимдер
Дүниенің тілдік бейнесінің әр этноста әр түрлі болуы, сол 
этностың тәжірибесімен, білімімен байланысты, себебі тілдік 
таңбаның таңбалаушы қызметі сыртқы дүниемен тікелей бай-
ла нысында емес, адамның өмірімен көрген білгені, көңілге түй-
гені білімнің негізі болып табылады. Әр ұлттың, әр халықтың 
өмірлік тәжірибесі әр түрлі болғандықтан, дүниенің тілдік 
бейнесі де, сол қоғамда өсір сүрген адамдардың тәжірибесі де әр 
түрлі болмақ. Ғаламның мифологиялық бейнесі тілдік деңгейде 
мифонимдерден, мифологиялық жалқы есімдерден құралады.
Айға табыну дәстүрі де әлемнің көптеген халықтарына, 
оның ішінде түркі халықтарына да ортақ наным болып табылады. 
Ай көне түрік мәдениетінде Күннің орынбасары, сұлулықтың 
таңбасы, әйел құдай ретінде танылған. Көшпенділер үшін де 
Айдың маңызы зор болған. Даладағы малшылар қараңғы түнде 
айдың тууы мен батуын бақылаған, одан қорытынды жасап, жыл 
мезгілдерін айыру есебін шығарған. Олар жаңа туған айдың 
күн сайын көлемінің кемитінін, ақырында «таусылып» «өліара» 
келетінін білген. 
Александар Македонскийдің үнемі мүйізі бар дулыға тү-
рін дегі бас киімін «Ай мүйізді Ескендір» деп атаған. Мұндай 
~ 313 ~


~ 314 ~
мүйізді дулыға кейіннен Еуропаның көптеген халықтарында 
жаугершіліктің рәмізі ретінде қолданылған. 
Жаңа туған айды пір тұтатын Айдың жаңасын көру ертедегі 
қазақтар үшін бейне бір керемет те әсерлі құбылыс болып 
саналған. Сондықтан да жаңа Айды алғаш көргенде оған 
жалбарыну, тәжім ету, тәу ету әдеті (ырымын жасау) күні кешеге 
дейін сақталып келді, неше түрлі сөз-ритуалдар айтылып келді:
«Ай көрдім, аман көрдім,
Бұрынғыдай заман көрдім.
Ескі ай есіркей көр,
Жаңа ай жарылқай көр!» – 
деп күміс тиын көрсетіп, оны сүйіп қалтасына салу ғұрпы болған.
Түркі тілдерінде «Ай» космониміне қатысты мақал-мәтелдер 
өте көп. Қазақ тілінде Айға қатысты мынандай мақалдар 
кездеседі: Ай жарқырап күн болмас, өтірік жарқырап шын 
болмас, немесе күн қораланса, күрегіңді; Ай қораланса аяғыңды 
сайла, Айдың жарығы төңірегіне түседі, өзіне түспейді, Айдың 
шалқалап туғаны  боран  шашынның болғаныАй толғанын 
білмес, жігіт болғанын білмес. Ай мен күндей (сұлу), Ай мен 
Күндей егіз, Ай мен күндей нұры бар, Ай мен Күндей толықсу, 
Ашық Күндей, Күн көзіндей, Күндей бұрқану, Күндей еріту, Күндей 
жайнау, Күндей жар, Күндей жарқын, Күндей жарқырау, Күндей 
желпу, Күндей жомарт, Күндей жүз, Күндей көз, Күндей көркем, 
Күндей көркею, Күндей көрік, Күндей күлү, Күндей күпсу, Күндей 
кіршіксіз, Күндей қауын, Күндей қуатты, Күндей мәңгі жасау, 
Күндей мейірлі, Күндей нұрлы, Күндей нұрын жаю, Күндей сөнбес 
қызу, Күндей сүю, Күндей түс, Күндей түтеу, Күн көзіндей жарқ 
ету, Күннен құдіретті
Түрік: Ay ayakta çoban yatakta, ay yatakta çoban ayakta; Ayı 
görmeden bayram etme; Ay var yılı besler, yıl var ayı beslemez.
Қырғыз: Айдын жарыгында жүгөнчө, күндүн көлөкүсүндө 
жүр; Айда жеген ток, кундо жеген сук; Айдын жарымы – жа-
рык, жарымы – караңгы; Ай десе аркы жок, күн десе көрку жок; 
Ай караган текедей, күткөн жаман акыйып.


~ 315 ~
Түрік тіліндегі айға байлынысты тұрақты тіркестер:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   202




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет