~ 317 ~
тамса, терекден минг тамар – «Егер аспаннан бір тамшы таматын
болса, ағаштан мыңы тамады»; тіркес: тейри жарыгъы – аспан
нұры. ХІХ ғ. Клапрот олардың Алланың емесе, Тәңіріні жоғары
құдайдеп есептейтінін жазған. Ф.А. Урусбиева «оно неполучило
ни зооморфного, ни антропоморфного облика и наделено универ-
сальными космическими функциями» деп көрсеткен.
Қарашай-Малқар материалдарына жүгініп, И.М. Шаманов
Тәңірінің ортағасырлық түріктердің көзқарастарына ұқсастығын
атап өтіп, тіл мен фольклордан мысалдар келтіреді:
Тейри къылыч – «кемпірқосақ
», «Көктегі қылыш
» немесе
«Құдайдың қылышы
»; Тейри эшик – «аспан қақпасы
».
Teŋri ažun türütti «Тәңір дүниені жаратты»
Teŋri ol yerig yaratgan «
Жерді жаратқан тәңір»
Teŋri yalŋuk türpütti «Тәңір адамды жаратты»
Teŋri ogul togturdı «Тәңір ұл тудырды» т.б.;
Тәңірдің құдіреттілігі мен парасаттылығына байланысты:
Umunč Teŋrige tut «Үмітіңді Тәңірден күт»
Teŋrimeniŋıšım etti / «Тәңірі менің ісімді оңғарды»
Teŋri meni bayuttı / «Тәңір мені байытты»
Teŋri kar karlattı / «Тәңір қар жаудырды»
Men Teŋriden umundum / «Мен тәңірден үміттендім»
Teŋri meni ködhezdi/ «Тәңір мені қорғады»,
Teŋri ölüg tirgürdi/ «Tәңірі өлікті тірілтті»,
Ol Teŋri seni maŋa sevtürdi / «Cені маған сүйдірткен Тәңір»
т.б.;
Тәңірге тиіс мадақтар:
Uluglug Teŋrige / «Ұлылық тәңірге (тән)»,
Teŋririg öküš ogdümiz / «Tәңірді өте мақтан тұтамыз» т.б.
тіркестер молынан кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: