Р. М. Муталиева Қазіргі қазақ Әдебиеті


кабақгау,  кірпі  шаш,  кырыс  маңдай,  қара  сүр  жігітпін.  Жасым  отыз



Pdf көрінісі
бет5/9
Дата03.03.2017
өлшемі3,97 Mb.
#5511
1   2   3   4   5   6   7   8   9

кабақгау,  кірпі  шаш,  кырыс  маңдай,  қара  сүр  жігітпін.  Жасым  отыз 

бесте.  Әкем  Тойбазар,  өзім  Мұкаш  болгалы,  аузым  аска,  ауым  атка 

жарыган емес» [9,  153  б.].

Өмірі  жарып  кормеген  Мұқаш  кейін  эр  түрлі  кәсіп  істеп, 

орыстармен  араласып,  тіл  үйренеді.  Кеңес  өкіметі  орнаганда  мылтық 

асынып,  яшейкенің  жұмысын  істейді.  Өзіне  пайда  түсіріп,  кегі  бар 

кісілерден  ошін  алады.  Болыс  болмақ  боп  жүргенде  Мамырбайдың 

Толегені  үстінен  арыз  * түсіріп,  сайлатпай  кояды.  Қаіпып  жүрген 

ақтармен  араласып,  оларга  Ақбілекті  көрсетіп  кегін  алады.  Жолда 

келе  жатып:  «Я пыр-ау,  мен  қазакпын  ба?  Қазақ  болсам  өз  қаныма 

неден  мұнша  өшіктім?  Агасы  болмаса,  бұ  кызда  не  жазық  бар  еді? 

Тегі,  мен  өлерімді  білмейтін,  ақымак  шыгармын.  Әйтпесе,  елді 

осынша шапкыншылыкка ұшыратып, осынша кан  каксатьш, зарлатып, 

каргыс  алып,  жексұрын  болганда,  кайда сиям,  калай  тіршілік  етем деп 

ойладым  екен»,  — деп  ойлайды»  [9,  161  б.].  Істегснін  таразыга  салып 

сараптайды.  Біресе  мсн  болмасам  да,  баска  бірсу  істер  еді,  байларды 

аямау керек деп құбылады.

Осы  ойлармен  үйіне  келгенде  ұлына  жақындагысы  келмейді. 

«Күнэга  батпаган  періштедей  сәбиге  жаман  колын,  арам  демін,  арам 

ернін  тигізуге  батылы  бармады.  Молдадан  да,  ұиықтап  жаткан 

нэрестеден, нәресте емес өзінен ұялганы күиггірек тәрізденді»  [9,

163  6.  ].  Жамандык  істесе  де,  жүрек  түкпірінсн  ұят,  өзінен  жирену 

ссзімдсрі  кылт  етіп  бой  корсетіп  калады.  Достоевскийдің  «Агайынды 

Карамазовтар»  романында  да  кісі  өлтірген  бір  кейіпкер  балаларынан

47


қысылып,  былай  дейді  :  «Оларды  сүюге,  оқытуга,  тәрбиелеуге  қалаи 

ғана  дәтім  шыдайды,  оларға  ізгілік  жайында  қалай  айтпақпын:  мен

кісі өлтірдім ғой»  [11, 382 б.].

Адамның  ішкі  исихологиясын  суретгеу  жағынан  Жүсіпбек  пен

Достоевский  арасынан  ұқсастық  көруге  болады.  Досгоевский  өзінің 

шығармашылық  мақсаты  туралы  былай  деген  болатын:  «При  полном 

реализме  найти  в  человеке  человека»  [12,  400  б.].  Адамның  ішіндегі 

адамды  тауып,  тану  үшін  жазушыда  ерекше  қабілет  болуы

керек.Ондай қабілет Жүсіпбекте ерекше дамыған.

«Жалшыдан  көтерілмек  болған  Мұқаш  біресе  қызыл,  біресе  ақ 

жағында  жүріп,  Ақбілек  трагедиясына  жол  ашып  берді.  Жеке 

басының араздығы үшін елінің намысын таптады.  Ақбілек үшін өкінуі 

коп  талықысынан  сескену  ғана.  Мұқаш  қызмет  таңдайды,  әліне 

қарамай  болыстыққа  жүгіреді.  Төңкеріс  Мұқаш  тәрізді  түйсіксіз 

шолақ  белсенділердің  мансабына  бола  жасалып  па  еді?  Мұқаш  солай 

ұғынады.  Талай  кедей  байлықтың  көзі  айла,  аярлық  тіпті  ақыл-сана

биіктігімен сабактас екенін біле қойды ма екен?»  [10,41  б.].

Сондай  аласапыран  кезде  талай  Мұқаш  секілділердің  мансапқа 

ұмтылын,  сбін  тауыи  біреуге  жағынып  беделді  орынға  ие  болмаққа 

жанталасқандарын  жазушы  әдейі  көрсетіп  отыр.  Мұқаш  секілді  қай 

бейне болмасын, бәрі де заман сырын аңғартатын типтік тұлғалар.

Сол  Мұқаш  ақтарды  қызылдарға  ұстап  беріп,  жақсы  атты  боп, 

болыстыққа  сайланғысы  келгенмен  жаман  істері  ашылып,  елге 

жексұрын  болып,  өкіметтен  жақсы  ат  ала  алмай,  пұшайман  болып 

еліне кдйтады.

Балташ  бейнесі  көбіне  Ақбаламен  салыстырыла  беріледі. 

Ақбаланың  қасында  ол  онша  көзге  ілінбейді.  Бірақ  Бекболаттан 

жоғары.  Романда Балташ  былай  суреттеледі:  « ...  енді  бірі  келбетті де, 

киімі  де  қоңырлау,  жүріс-тұрысы  да  солапаттау  Балташ  деген  жігіт 

еді;»  [9,  217  б.].  Оның  түсінігі  таптық  тұргыда.  Әбен  деген  бай 

туралы:  «Бай  неліктен  бай  болады  дейсің?  Елді  жеумен,  нашардың 

қанын  сорумен,  солардың  еңбегімен  бай  болады.  Матайдың  Әбені, 

меніңше,  елді  құртқан,  барыи  тұрган  сыболыш  кісі,  ең  зиянды 

элемент.  Меніңше,  оиың  көзін  жою  керек»,  -   дейді  [9,  221  б.]  Өзін 

кедейшіл  етіп  көрсетеді.  Айтысу  жағына  келгенде  Ақбаладан  білімі 

кем.  Балташ,  Ақбала,  Төлегендер  саяси-әлеуметтік  жағынан,  жаңа 

өкімет талаптарына козқарастары жағынан  көбірек бейнеленеді.  Қазақ 

оқығандары  арасында  үш  ағым  болады.  Үшінші  агымның  айтатыны: 

бізде  тап  жоқ,  тап  тартысы  деген  орысқа  еліктегендік.  Біздің 

кейіпкерлер  бұл  ағымда  жоқ.  Мұнда  Жорғабек  пен  Тыпаң  бар.  Тыпаң 

сол  үшін  Әбен  байдың  елге  жасаған  жақсылықтарын  айтып,  жақтаған

48


болатын.  Балташ  колдайтын  бірінші  ағым:  «казакка  төңкеріс  жасау 

керек:  байдың  жер-суын,  мал-мүлкін,  жазаласа  артык катынына  шейін 

кедейлерге  тартып  эперу  керек;  пышак үстінен  боліп  беру  керек,  бай, 

кедей деген айырманы жойып,  колма-кол теңгеру керек»  [9, 228 б.].

Кеңес  өкіметі  орнаган  соң  осы  агым  іскс  асырылды.  Көпшілік 

Балташ секілді  кедейшіл  боп,  осы  агымды  жактады.  Жазушы  романда 

қазақ  ұлтының  тагдыры  осылайшы  көкпарга  тартылган  серкедей 

болғанын алдымызга жайып салады.

Ақбілектің  айтуынша:  «Балташ  көп  сөйлемейді.  Акбаладан  гөрі 

коңырлау,  бүйыгылау,  білімі  де  Акбаладан  төменірек  пе  деп 

ойладым»  [9,  296  б.|.  «Балташ  менің  ойлаганымдай  емес,  недәуір 

білетін, артық желігі  жоқ, сыпайы, есті жігіт корінді»  [9, 298 б.].

Акбаламен 

салыстырганда 

Балташтың 

Акбілекке 

деген 

махаббаты  күшті  боп  шыгады.  Кыздың  басынан  өткерген  окигасын 

естігенде  Ақбала  тайкып  шыга  келее,  Балташ  Акбілекті  сүйетінін 

айтып:

-  

Сенің  өткен  күндегің  маған  керек  емес,  адамшылыгың  керек. 

Откенге  сен  жазалы  емессің.  Сен  тисең,  мен  ссні  аламын,  -   деді  [9,

313 6.].

Балташ  бастапкыдай  емес,  бірте-бірте  осе  береді.  «Өйткені  ол 

Ақмола,  Семей,  Орал,  Бокей  губернелерінің  бәрінде  кызмет  етіп, 

жалпы  казақ  жайымен,  эр  алуан  жагдайымен,  оқыгандарымен  әбден 

танысып,  акыл  ауданы,  дүние  тануы  кеңейген  еді.  Ол  өзінше  эркімге 

сын 

беруге 

жарайтын, 

біреудің 

атагына, 

беделіне, 

сөзіне 

сатылмайтын, өзінше жол түтынган жігіт еді»  [9,  314 б.].

Акбілектің жары осындай болуга тиіс кой.

Акбала  да  окыган,  үлкен  кызметкер,  сойлесе  жұртты  аузына 

қаратады.  Оның  саяси  козкарасы  екінші  агым  бойынша:  ондай 

төңкерістен  мін  шыкпайды,  оньгмен  кедей  теңелмейді  дейді.  Осы 

күнде  байдың  малын  тала  десе,  бұзақылар  талап  кететін,  кедейлер 

байдың  малын  пайдаға  асыра  алмай,  жау  малындай  ішіп-жеп  коюы; 

сөйтіп  жалпы  мемлекеттің  байлыгы  кемуі,  байды  кедей  кыламыз  деп 

жүріп,  кедейді  бай  кылып  алу  каупі,  кедей  оңай  олжага  кызығып 

еңбекке  үйренбей  кетуі,  кедей  ақыл-ой,  сана-саңылау  жағынан 

теңелмей тұрып, жалаң малмен теңеле алмайтыны  [9, 228 б.].

Қайсы  ағым  болсын  сол  кезде  казакка  зияннан  баска  пайдасы 

болмады.  Конфискация,  ашаршылық,  колхоздастьфу,  т.б.  саяси 

наукандар казақ жерінің ойран-боткасын шығарды.

Акбаланың  сипатгалуы:  «Бұ  келген  торт  жігіттің  бірі:  кошкар 

туган козылай келбетті, бітімді Акбала еді»  [9,  216 6.].

49


Ақбілекке де  Ақбаланың бідімі,  сөйлегені,  жүріс-тұрысы  ұнаған 

болатын.  Ақбаладаи  жары  бар  кісінің  арманы  бар  ма  деп  жүрелн. 

Ақбілектің  багалауынша:  «Балалар  шешен,  білгіш  деп  мақтайтын. 

Орта  бойлы,  маңдайлы,  аққұба  жігіт  еді.  Көзқарасы,  сойлесі  сабырлы

жігітке ұқсайды»  [9, 296 б.].

Ақбаланы  Ақбілекген  бас  тартканы  үшін  жазгыруга  да

болмайды.  Себебі  уақыт  ыңгаиына  қарай  қазақ  психологиясы  әлі

өзгерген  жоқ.  Абыройы  жоқ  қызга  үйлену  ол  кезде  үйреніспеген

нәрсе,  сүмдық  боп  есептелінді.  Ақбала  үшін  махаббаттан  ар-намыс

жогары  тұрады.  Махаббат  үшін  құрбандыққа  бармайды.  «Қыз

тарихын  білген  Ақбаланың  кешірім  сұрап,  бастапқьг райынан  қайтуы

— алдамшылық емес, адамшылық.  Оның тарапынан кінәлау, қорлау да,

табалау да жоқ»  [ 10, 48 б.].

Бұл  пікірдің  дұрыс  жагы  да  бар,  бірақ  жар  таптым  деп,  жүрегі

алып-ұшып жүрген Ақбілек үшін оның бас тартуы -  ауыр соққы.

Мамырбай, Бозінген, Алтынай, Өрік, Ұрқия бейнелері 

Ақбілектің  әкесі  Мамырбай  бұрын  да  тұйық  адам  болады. 

Ақбілекке  бұрын  шешесінен  артық  бәйек  боп  жүретін.  Орыстардан 

келгелі  Ақбілекке  қарамайды,  сөйлеспейді.  Ақбілектің  өзінен  болса 

бір  сәрі,  кінәсыздыгын  біле  тұра  қатыгездік  корсетеді.  Онсыз  да 

қарабет боп жүрген қызының қайгысын ауырлата түседі.

Мамырбайдың  салқындауының  себебі:  «Бұрынгы  нәрестедей 

бала,  ақ  қагаздай  таза  көріп  жүретін  Ақбілегі  енді  күйе  жаққан  қагаз, 

бала  емес  қатын  боп  қалды.  Ақсақал  баласын  кұдай  қосқан  күйеуінен 

де  қызганатын  іші  тар  кісі  еді,  баласы  кірсіз,  таза  болганын  қалаушы 

еді.  Енді  Ақбілек  баласы  емес,  бөтен  әйел  іспетті.  Кімнен  қалган  әйел 

десейші!  Кдзақ5  қазақ  болса  бір  сәрі  гой.  Ол  о  ма?  Келген-кеткен 

кісінің  көзі  Ақбілекте  болатынын  алдымен  әкесі  сезеді.  Бэрі  де: 

«Мамырбайдың  орыс  талқылаган  қызын  қара!»  деп,  ақсақалды  көзге 

шұқыган тэрізденеді.  Енді  Ақбілегі  экесіне масыл болды.  Бала ұстаган 

емес,  жұртқа  тамашалауга  маймыл  ұстап  отырган  кісі  тэрізденді. 

Ақбілектің 

қырсыгынан 

ақсақал 

масқара 

боп 

абыройынан,

адамдыгынан айрылгандай болды»  [9, 246 б.].

Шешесі  болса,  бұлай  теріс  қарамас  еді,  «әкенің  жақындыгы 

жездедей-ақ»  деген  созді  Мамырбай  расқа  шыгарды.  Қызын  емес,  өз 

кара  басының  намысын  ойлап  жүр.  Өгей  шешенің  қатыгездігінен  де

балаларын арашапай алмайды.

Өзі  екінші  эйел  алу  үшін  Бекболатты  қызынан  айыруга  көнеді.

Ақбілектің  аягы  ауыр  екенін  естігендегі  Мамырбай  күйініші:  «Бүйтіп

масқара  болганша,  неге  баласын  түсіріп  тастамады  екен?  Бұл  -

орыстың  баласы  гой.  Орыс  түгілі,  өз  күйеуінің  баласын  оң  жакта

50


тапкан  кызды  кім  сстігсн?  Одан  маскара  нәрсе  бар  ма?  — деп  азуын

шайнады.  Акбілекті  тауып  әкелген  кездегі  жиренгені,  кынжылганы  —

мынаган  астар  болмай  калды.  Япыр-ай,  бұ  кызды  енді  кайтсе  екен?

Көзін  кайтіп  жойса  екен?  Буындырып  өлтірер  ме  ед і...  Таспен  атып

олтірсе  кайтер  еді?  Қол  -  аяғын  байлап,  суга  тастап  жіберсе,  нетер

ед?»  [9,  281  б.].  Мүмкін,  Мамырбайдың  осындай  күйде  болгандыгы

шынайылық,  солай  болуы  тиіс  нәрсе  шыгар.  Бүрын  естіп-біліп

көрмеген  маскаралыкпсн  бетпе-бет  келу  кімге  болсын  оңай  тимесі 

анык.

Осындай  катыгез  ойларда  болган  Мамырбай  кейін  кызын  баска 

түрде  көрем  деп  ойлаган  жоқ  еді.  Ақбілек  оқу  оқып,  жар  тауып,  бес 

жыл дегенде еліне келгенде аксакал өз қызын өзі танымай  қалады.

«Акбілек  баягы  емес,  өзгерген:  өнер тапқан,  жетілген,  ысылган, 

әйелдерге  косем  болган.  Бүрынгы  бүйыгы,  үялшақ,  сызылган, 

мүңайган  Ақбілектің  ізі  де  жоқ.  Ақбілектің  қызыгын,  ісін  коргенде 

аксакал  таңданады:  «Бүл  калай  боп  кеткен?  Қаланың  не  қасиеті  бар? 

Жұп-жуас,  үялшақ  бала  емес  пе  еді!»  деп  ойлайды.  Қалайда  Акбілек 

жат.  Енді  ақсақал  одан  именеді.  Баягы  өзінің  каталдыгын  ойлаганда, 

өзінен-өзі үялады.  Кешірім  сүрасам  кайтер еді  деп бір ауық ойланады. 

Бірақ әке басымен балага кішіреюді лайық көрмейді»  [9, 323  б.].

Акбілек  басына  іс  түскенде  әкесі  демеу  бола  алмады.  Сонда  да 

кызы экесіне ксктенбейді, табысканына куанады.

Романда  жазушы  ор  түрлі  эйелдер  бсйнссін  шеберлікпен 

жасаган.  «Ж.Аймауытов  сомдаган  эйелдер  бсйнесінің  нанымдылык 

күші  жогары.  Жазушы  түсінігінде  әйелдер  жақсылықтың  да, 

жамандыктын 

да 

бастау-бұлағы. 

Жазушы 

негізінен 

казак 

жагдайындагы  жаулык  жамылган  жандардың  тіршілік-дагдысын 

сыйына  дэріптеу  орнына  сыни  көзбен  мысқылдай,  эшкерюлей,  сьпсак 

ете суреттеуге бейім» [ 10, 39 б.].

Бұл жагынан Жүсіпбек Бейімбеттен калыспайды.

Мысалы

«Саулы  Бозінген»  деген  эйел  окига  желісінде  Акбілек  актарлан 

кашып  келе  жатып  бір  ауылга  токтаганда  корінеді.  «Бозінген»  бүкіл 

ауылды  кұлақтандырып  барып,  Акбілекті  көруге  келеді.  Өзінің 

екікабат  боп 

ұзатылган 

Айтжанымен  салыстырады. 

«Бозінген 

отбасының  эйелі  емес,  бір  болыс  елдегі  эңгімені  үйде  отырып  біліп 

отыратын,  еркектердіи  партиясына  да,  дау-шарына  да  кірісіп  кстетін, 

сак күлақ,  сті  тірі  кошслі  кісі  гой.  Және біздің «Бозінген» еркектермен 

дойбы,  карта,  асык  ойнайтын,  насыбай  ататын,  конакка  олең 

айтқызбай  жібсрмейтін,  бозбала  келсе.  скі  езуі  жиылмайтын  ссрі  кісі

51


гой.  ...  таза  көрпелері  салтақ-салтақ  боп,  төсек-орны  жуырда

жиналмай,  қокып,  ыбырсып жатар еді»  [9,  190 б.].

Жазушы  Бозінгенді  мақтап  отырган  жоқ,  кекетіп  отыр.  Жақсы

әйел  «Бозінгсн»  атанбайды  гой.  Бозінген  -  әйелдер  арасында  кездесе 

беретін  шаруага  қыры  жоқ,  өсек-аяң,  қыдыруды  жақсы  көретін,

еркекке жеңілтек әйелдердің бір үлгісі.

Ал  Өрік  — нагыз  тасбауыр  өгей  шешелердің  жиынтыгы.  Оның

портретінің өзі  сөйлеп  тұргандай:  «Ақбілек жаңа  шешесіне  көз  қырын

салды.  Көзі  тікшиген,  жұқа  қабақ,  қаймақ  ерін,  таңқы  мұрын,

тымырайган,  қайқаңдау,  қара  сұр  адам  екен.  Үйге  жылан  кіріп

келгендей  Ақбілектің жүрегі су ете түсті»  [9, 273 

"

Өріктің  қандай  адам  екенін  түрі  айтып  тұр.  Ауыл  эйелдері  де

оның шеше боп жарытпайтынын,  көк долы екенін  аңгарады. Өрік  келе 

шаруаны  қолга  алады,  бір  сабақ жіп  бермейтін  сараңдыгын  көрсетеді.

Балаларга мейірімсіз болады. Ара түскен Ақбілек:

-  Ойбай-ау!  Ұят  қой!  Пэленшенің  қатыны  дейді  гой, -  деп тагы

бірдеңе айтпақ болып  еді, Өрік одан жаман дәуірлеп:

—  Қагыны  болсам,  не  гыппын?  Ойнас  қылыипын  ба?  Өтірік

айтыпиын  ба?  Құдайга  шүкір,  оң  қолым  таза,  аузым  оймақтай?  Құдай 

сендей  абиыры  кеткеннен,  орыс  салдақылаганнан  сақтасын!  —  деп 

бастырмалатып,  аузынан  көбігі  бұрқырап  жатқанда,  Ақбілек  шыдай

алмай, еңіреп шыға жөнеледі»  [9,277 б.].

Өрік  Ақбілек  пен  әкесін  араздастыра  түседі.  Ақбілектің  аягы

ауыр  екенін  білу  үшін  түймеңді  салып  шық  деп  өтірік  қамқорсыган 

болады.  Өзіне  камзол  пішпек  боп,  Ақбілекке  «түймеңді  салшы, 

киганын  корейін»  деп  аярлық  істейді.  Тіпті  болмаган  соң  Ақбілек 

ұйықтап  жатқанда ішін ұстап  көреді.  «Ақбілекпен  өштігі  әуелде өткен 

күнін  коксеуден  туса  да,  жүре-жүре  ол  себеп  ұмытылып,  енді  тек 

өштіктің 

қызыгына 

түскендіктен 

өшігуші 

еді. 

Жыгылганды 

жұдырықтау  оган  өнер,  мақтан  есепті  корінуші  еді.  Үйткені  адам  -  

айуанның  айуаны  гой.  Кімнің  басына  күн  туса,  соны  табалауга, 

мұкатуга,  одан  әрі  батпаққа  батыруга  кұмартып  тұрады:  табаласа, 

аягымен  таптаса,  сонда  айызы  қанады.  Өсіресе,  ел  мақтаган,  кірсіз 

адамды  кірлсуге  жаны  ош  болады.  Үйткені  кір  коңіл  адам  кірсізді 

коре  алмайды,  күндсйді;  озіндей  қылуга  тырысады»  [9,  280  б.]. 

Жүсіпбектің  «Адам  — айуанн ың  айуаны»  дегені  де  Достоевскийдің 

адамның қатыгездігі туралы айтатын тұжырымымен үндес келеді. 

Әйелдердің  кешірімсіз  болатыны  туралы  да  Достоевский  мен 

Жүсіпбек  пікірлері  бір  жерден  шыгады:  «Дүниеде  эйел  бір-бірімен 

оштеспесін.  Әйел  оштессе,  аяу  дегенді  білмейді.  Қайдагы  жараның 

аузын 

жұлыи  алатын  нэзік,  жанды  жерді  аңдиды.  Әйел  шақса,

шаяннан  бетер  шагады.  Әйел  өмірі  кешірмейді»  [9,  279  б ]. 

Достоевский  «Агайынды  Карамазовтар»  романында  кейіпкеріне 

былай  айткызады:  «Әйелге  кінә  менде,  кешіре  гөр  деп  кінәңды 

мойындап 

көрші:кекетіп-мұкату 

міне 

сонда 

басталады! 

Бұл 

сылтынсыз  жай  кешіре  салмайды,  әбден  жер-жебіріңе  жетіп, 

болмаганды болды деп, жоқты бар деп мысыңды  кұртады, ештенені де 

ұмытпайды,  бірдеңені  ойлап  шыгарудан  да  тайынбайды,  сонсон 

кешірсе, осыдан  кейін  гана  кешіреді»  [11, 711  б.].

Өрік  келте  ойлайтындыгын,  ақылы  шолақтыгын  корсетті.  Кейін 

Акбілек оқыган  боп  озгеріп  кайтқанда Өріктің  қарауга  беті  болмайды. 

Қалай  қарасын?  Акбілек  жаны  қысылып  толгатып  жатканда 

Мамырбай  екеуі  үйлерінен  куып  шықпады  ма?  Сонда  Өрік:  «Сені 

жайратып  отыра  апмаймыз,  сенің  қаганагыңды  жуатын  адам  жоқ» 

деген болатьш.

Акбілектің жеңгесі  Үрқня — адамгершілігі мол, жүрегі таза, адал, 

кеңпейіл  эйел.  Ақбілсктің  шешесі  қызын  Үрқияга  гана  сеніп,  ойынга 

жіберетін.  Ақбілектің  киын  күндегі  серігі,  сырласы  Үрқия  гана 

болады.  Ақбілек  үшін  Үркия  өтірік  екікабат  боп,  жазыксыз  сәбидің 

көзге түрткі  болмай осуіне себеп болады.  Бірақ сондай жаксы  адам бір 

балага  зар  болады.  Зар  болса  да  Магжанның  Шолпаны  секілді  күнэ 

жасамайды,  күйеуінің  козіне  шөп  салып,  бала  табуга  ұмтылмайды. 

Үрқия — баягы замандагы жақсы, адал жеңгелердің үлгісі.

Мұқаштың  эйелі  Алтынай  —  жоқтан  бар  жасайтын,  үнемшіл, 

шаруақор әйел. «Алтынай малын сауады, өргізеді, коздейді, байлайлы, 

отынын  тереді,  отын  жагады,  суын  экеледі,  күлін  шыгарады,  тамагын 

істейді,  киімін  озі  тігеді,  үйін  жаяды,  сыпырады,  қорасын  тазалайды. 

Жұмыстан  қалт  етіп  колы  босаса,  есік  алдына  шыкса,  ауыл-үйді 

кыдырса, 

болмаса  абысын-ажындарымен 

әңгімелессе, 

колынан 

ұршыгы  түспейді.  Не  дегенмен  Алтынайдың  қолы  берекелі  қатын. 

Жылына  тістей  катып,  тырнактап  жүріп,  үш  сиырдан  үш-төрт  карын

май апады»  [9,  165 б.].

Тұрмысы  оңды  болса,  Алтынайга  одан  басқа  ешнэрсе  керек

емес.

Ромапнын  коркемдік ерекшеліктері

Жанры  жагынан  роман  —  психологиялық  шыгарма.  Оны 

жогарыда кейіпкерлерді тапдаганда коз жеткіздік.

Арасында  ақ  олең  үлгісімен  жазган.  Сюжеттің  басталуы, 

аякталуында,  композициясында  артық  боп  тұрган  кейіпкер  де,  окига 

да, сөз де жок.  ІОмор, сарказмды коп қолданады.

«Романнын 

сюжеттік 

кұрылымы 

жүрдек. 

Ол 

кезекті 

(хроникалыіы)] 

жэне 

ссбепті 

(концентрический) 

сюжеттердің

53


бірлігіне  негізделген.  Орама  (кольцевая)  композицияның  белгілері 

бар.  Тартысының  шарықтау  шегінен  (бұл  -   кең  көлемдегі,  екінші 

реттегі  тартыс)  кейінгі  шешімін  күтетін  сәтте  «Махаббат»  атты 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет